Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тамыр-тынымсыз «насос»

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тамыр-тынымсыз «насос»

Тамыр ылғалды топырақтың өте терең қабатынан сорып алады. Күн аса ысыған кезде, жапырақтар суды неғұрлым көп буландырса, тамырдың жұмысы да соғұрлым күшейеді. Суға жету үшін тереңге еніп, таралып, жан-жағына жайылады. Кейде топыраққа ылғал жетіспейді, ал су өте суық болса, тамыр оны сора алмайды.

Жапырақтың суды буландыруы мен тамырдың топырақтан суды сорып алу шамасы ылғи да тең түсуі керек, егер бірінің жұмысы бәсеңдеп кетсе, екіншісінің да жұмысы бәсеңдейді, осы кезде жапырақтар мерзімінен бұрын сарғайып түсе бастайды. Мұндай жағдай көбінесе жапырақта кездеседі, себебі жапырақтар суды пайдаланады, ал тамыр насостың қызметін атқарып, суды жеткізіп отырады. Жапырақ пен тамыр жұмысының сәйкес келмей қалуы өнімді төмендетеді. (110 сөз)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Тамыр-тынымсыз насос диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Тамыр-тынымсыз насос

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]