Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жолда туған ойлар

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Жолда туған ойлар

Жері мол, пейілі мол меймандос елді біз бір сыпыра аралаған соң, Алматыға бет бұрдық. Кең далаға көз салып, тар жолмен келеміз. Айналамызда құртша қыбырлаған қойлар қалып барады. Алдымызды ерегісе кесіп, киіктер орғып барады. Көп жауындардан кейін ашылған күн нұрын аямастан құйып тұр. Нұрға, суға тойған жер гүл жайнай күлімдеп тұр. Зымыраған машинадан жан-жаққа қызыға қараймыз. Көргенімізді өзімізше ойға салып екшейміз.

Осынау ұсақ колхоздарды ірі совхозға айналдырса, бір «Алғабастың» жеріне екі үлкен совхоз еркін сияр еді. Егін жайы, шабыны, суы қандай тамаша! Қарағандыға баратын темір жол Шұбартауға соға жүрсе, мынау бай өлкені баурау оңайланар еді. Ақшатау кенін де өркендетер еді деген ойларға малти бердік. (102 сөз)

(Ғ.Мұстафин)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Жолда туған ойлар диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Жолда туған ойлар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]