Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көк тал

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көк тал

Оянып кеттім. Жел есік-терезені сабалап тұр екен. Ішін тартып екілене соққанда, бейне үйдің шатырын көтеріп, не есік-терезені жұлып әкететіндей. Уілдеген үніне құлақ түріп, елегізіп, біраз жаттым. Көзім ілініп кеткен екен, қайта ояндым. Тағы да сол желдің әлегі, басылар емес.

Таңертең орнымнан тұрып тысқа шықтым. Айнала төңірек тым-тырыс. Жынын алған бақсыдай мең-зең, алқа-салқа. Түндегі жел емес, кәдімгідей дауыл екен. Түнімен емін-еркін ойнақ салып, ойранын шығарып, қирататынын қиратып, бүлдірерін бүлдіріп кетіпті. Бір жамбастан қисайған бағана, жерде шұбатылған сым, жапырақтар мен бұтақтарды үйіріп-үйіріп тастаған шөп-шаламдар. Қысқасы, дала көшкен жұрттың орнындай. Алғаш көзіме түскені көк тал болды. Тамыры төңкеріліп, жел сабалап, сұлап жатыр. (98 сөз)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Көк тал диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Көк тал

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]