Қазақша диктант: Қазақ тілі | Менің атым — Қожа

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Менің атым — Қожа

(үзінді)

Жұпар атқан кең жазықтың төсіне жұмсақ қара жолмен жүрдек машина барынша зырлап келе жатқанда, ұшқыр қиял шіркін де тығырында тоқырап қала алмайды-ау. Қанатын қағып-қағып жіберіп, дауылпаздай шарқ ұрып, ол да самғап ұшады. О атамекенім, қазақ жері! Сенің шет-шегіңе қиялдан өзге не жетіп үлгереді. Сол алып өлкеңнің бір пұшпағын ыстық көзбен, бар адал сезіміммен аймалап, елеусіз бір перзентің келе жатырмын. Мынау асқар тау. Жасыл жазық, мөлдір өзен, қалықтаған анау ақша бұлттар, тұнық аспан — осының бәр-бәрін егер құшағым жетсе, ең қымбат, аяулы анамдай аймалап құшар едім. Япыр-ай, неге сонша ыстық болдың, туған жер! (93 сөз)

(Б.Соқпақбаев)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Менің атым — Қожа диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Менің атым — Қожа

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]