Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тоқсан би мен Құнанбай

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тоқсан би мен Құнанбай

Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей, Байдалымен араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, Керей елінің атақты биі Тоқсанның үйіне қоныпты. Қонақасы жеп, бимен түні бойы әңгімелесіп, ертеңіне атқа қонып Құнанбай жолға түсіп кетіп бара жатқанда, Тоқсан би Құнанбайдың артынан айқайлап, «Құнанжан, аттың басын қайта бұрма, өзің мойныңды бұр», — деп, былай депті:
Тұманның арты жұт болар,
Тұмаудың арты құрт болар.
Заңдасып босқа қайтесің,
Заңшылдың түбі сот болар.
дегенде, Құнанбай:
Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің,
Қопадан қоныс алған соң.
Тұмаудың арты құрт болып не қылар дейсің,
Тәңірім шипа салған соң.
Заңшылдың түбі сот болып қайтер дейсің,
Алтынды пұттап алған соң, — деп жүріп кетіпті. (100 сөз)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Тоқсан би мен Құнанбай диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Тоқсан би мен Құнанбай

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]