Баяндама: Математиканы оқыту арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу жолдары
Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері тұр.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады.
- Оқушылардың шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
- Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру.
- Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды жүйелі орындату.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды кезең бойынша сатылап дамыту.
- Мұғалім өз ісіне шығармашылықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Осы мәселелер өз шешімін тапса,жан-жақты дамыған,шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.
«мектеп жаны – мұғалім»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай әр мұғалім шығармашылықпен дайындалуына тура келеді.Көп іздену, дайындалу,көрнекіліктер,қосымша әдебиеттерді орынды қолдана ,білу-негізгі мақсаты.Математика мамандарының іскерлігі,білім мен біліктілігі, ой ұшқырлығы өте қажет. Оның ішінде оқушының шығармашылық қабілетін дамыту орны ерекше.
Баланы шығармашылыққа дамыту үшін психологиялық, педагогикалық алғы шарттарды негізге алған жөн:
- Сенің қолыңнан бәрі де келеді. Сен қабілеттісің-деп балаға сенім білдіру;
- Оқушының кішкентай жетістігін мадақтау;
- Белгілі адамдар,ұлы адамдар өмірінен қызықты жайттарды әңгімелеп қызықтыру;
- Мұғалімнің құптап оқытуы, сезім күйлері;
- Шығармашылықпен айналысу үшін сабақ үстінде, мектепте жағдай туғызу;
- Білім дағдыларын жүйелеу;
- Оқушының өзін-өзі дамыту;
- Өзіне сын тұлғасынан қарау;
- Қабілетін жетілдіруге бағыттау;
- Пікір шектелмейтін еркін шығармашылыққа қалыптастыру.
Оқушының шығармашылығын дамытуға арналған жүйе құрғанда және сол арқылы іс-әрекетті ұйымдастырғанда интеллектуалды жоғары,ойлау қабілеті дамыған, үздік, тәрбиелі, шығармашылық жоба жасай алатын,өз көзқарасын дәлелдей алатын тұлға қалыптастыруға болады.
Оқушылардың шығармашылығын дамыту үлкен маңызға ие.
Бұл педагогикалық білім беруді демократияландыру , құқықтық, жариялылық бірлесе сабақ өтумен шығармашылық ынтымақтастық қатынастарын бекіту.
Қазіргі заман талабын жете түсінген ірбір ұстаз,өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамкершілігі мол парасатты, мәдениетті жан – жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Әрбір ұстаздың мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асуы өз пәндерінен оқушыларға үздіксіз білім беру,сабақ сайын ұлттық-рухани тәрбие бойына сіңіріп отыру.
Мағжан Жұмабаев былай деп айтқан екен. «Сыртқы сезім мүшелері арқылы қабылданған дүниенің дамуына әсер ететін, ішкі сезімдердің жанды болуы, алдымен адамның зейініне байланысты. Бала зейінді болмаса ешнәрсе үйрене алмайды».
Оқушыны жобалаушылыққа, шығармашылыққа баулу, ізгілендіру бағытын өрістетудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке тұлғаның құрылымымен, оның даму заңдылықтарымен сәйкестікте ұйымдастырудан көрініс табады. Оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа педагогикалық парадигманың өзегін құрайды.
Педагогика ғылымы мектеп алдына жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін әлдеқашан-ақ қойғанмен, шын мәнінде оның жүзеге асуында әлде толық шешімін таба алмай отырған мәселелер жеткілікті. Қоғамның даму деңгейі мен әлеуметтік сұраным талаптарына үндесжүйеленген білім көлемі оқыту тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгерту үдерісі педагогикалық психологиялық жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жететіні аян.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін көтеру төрт кезеңнен тұрады.
І-кезең – бұл кезеңде мұғалім оқушыға қарапайым таным әрекетімен таныстырады.Есептерді шығаруға бағыт беріп, өз бетімен орындалуына мүмкіндік береді.
ІІ-кезең – бұл кезеңде мұғалім есепті шешудің әр түрлі тәсілдерін көрсетіп талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді.
ІІІ-кезең – бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Оқушы сыныптан тыс қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйрену керек, жұмысына анализ беріп, алдағы жұмысына жоспар құра білу керек.
ІV-кезең – бұл кезеңде оқушы жұмысы ізденімпаздық мағына алады. Кейбір теориялардың дәлелдемесінің басқа тәсілдерін табу, ғылыми-конференцияға баяндама дайындау.
Оқушыларды шығармашылыққа,өз еңбегімен ләззат алу мүмкіндігін дамытуда 5-8 класстарда келесі сабақтарды өткіздік: «Бизнес», «Көкпар», «Саяхат», «Керуен», «Ертегі», «Жарыс» т.б. 9-11 сыныптармен оқушылардың ғылыми әдебиеттерімен жұмыс істеуіне көп көңіл бөледі. Соның ішінде оқушылардың теоремалармен есептерді шешудің бірнеше тәсілдерін табуына көп көңіл бөлінеді.
Мыс: «Үшбұрыштың ауданы» тақырыбын өткенде оқушыларға «үшбұрыштың ауданын» оның орта сызығын пайдаланып, төртбұрыштарға бөлу арқылы ауданын тауып келу тапсырылды. «Орта сызығы арқылы» деген сөзбен, оқушылар ізденісіне бағыт беріледі.
Есепті әр түрлі тәсілмен шешу геометриялық фигураның қасиетін толығырақ зерттеуге мүмкіндік береді.«Алгебра» пәнінде есептің шешімінің дұрыстығына көз жеткізеді.
Оқушылар түрлі көрнекіліктерді әр түрлі тәсілдермен жасауды ұсыну да шығармашылық жұмыстарының бір түрі.
Сабақтарға Ж.Қараевтің «Деңгейлеп оқыту»технологияларының элементтерін енгізуге тырысамыз.
Бұл технологиялар шығапмашылықпен жұмыс істейтін оқушыға үлкен мүмкіндік береді. Ол басқа оқушылардың ілгерілеп жұмыс істеуіне және әдебиеттерді пайдалана білуге және жұмысына жоспар құра білуге үйретеді. Мұғалімнің шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндігі мол.Оқушыны қостай отырып, оны өз еркінен тыс елеусіз түрде тура шешімге бастау мұғалімнің негізгі мақсаты екенін естен шығармауымыз керек. Сонда ғана өзіне сенімді шығармашылықпен айналысатын білімді оқушы даярлай аламыз.
Шығармашылыққа үйрету кезеңінде оқушының көңіл-күйіне түрткі болатындай жағдай туғызбау керек. Осы психологиялық әсер оқушыны шығармашылыққа құлшындырады. Мұғалім әрқашан баланың жетістігін мадақтап, көтермелеп,құптап отырса, оның өз-өзіне деген сенімі оянады, өзін еркін ұстайтын болады. Сонымен қатар, өтілетін сабақтың оқу материалын терең ұғына біледі, оқуға,білімге деген құштарлығы дами түседі. Өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдер іздейді, өз мүмкіндігін дамытады.Шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болуы қажет. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса,шығармашылықәрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Қорыта айтқанда оқушы бойында шығармашылықты дамытудағы үздіксіз құлшыныс, оқуға, білімге деген ұмтылыс өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен байланысы дамып,оқушы дүниетанымы арта түсері анық.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
» Баяндама: Бастауыш класта оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі
» Баяндама: Жаңа технология – сапалы оқытудың тиімді тәсілі
» Баяндама: Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы.
» Баяндама: Заманауи технологияларды сабақта пайдалану жолдары

Іздеп көріңіз: