Баяндама: Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту мәселелері

Баяндама: Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық  мүмкіндігін дамыту мәселелері

Адамзат күнделікті үлкені бар, кішісі бар, қарапайымы бар, күрделісі бар, көптеген істер атқарады.
Осы мүмкіндіктер оқушыларды дағдылы іс-әрекетке бағыттайды. Бірақ кейде міндетті ерекше жағдаймен шешуге тура келеді. Бұл жаңа міндеттер, оның шешімін өзінше шешу керек. Ол аса қиын болмаса да, оған шығармашылықпен қараған дұрыс. Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндіктері өте томен деңгейде болады. Сол себептен шығармашылық мүмкіндіктеріне дамытуға арналған арнайы әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
Шығармашылық міндеттері бас катырар ғылыми жаңалықтарға дейін шешімін шығармашылықпен табу жаңа жол көрсетеді және жаңалық кіргізеді.
Осы жерде ақыл-ойдың ерекше сапасы, байқампаздық бақылау және талдай біліп оны кешенді түрде байланыстыру керек.
Шығармашылық қызмет түріне қарай оқушыға тән. Ал қарапайым орындау әдістері ақылды аса қажет етпейді. Әрине өмірде барлығы да қиын да күрделірек. Шығармашылық жұмыстарды орындау әр түрлі және әр қалай іске асады.
Үлкен қиындықты шығармашылық қуаныш жаңалық ашу қуанышы сияқты қуанышты жағдайлар тудыруы мүмкін.
Өмір қандай салада болмасын күрделі және қиын. Ол адамнан күнделікті көптеген шешімдерді шеше білуді шығармашылықпен айналысуды талап етеді. Шығармашылықпен айналысатын адамға мамандығын өзгертіп қана қоймай кез келген істен шығармашылық ерекшелік тауып биіктерге жетуге тырысу керек.


1.1.Шығармашылық мүмкіндікті дамыту

Шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту үшін ең алдымен ерте бастау керек. Нақты айтар болсақ, дамыту мүмкіндіктері өте ерте басталатынын заман талабына сай білеміз.
Біріншіден, ең бастысы қандайда бір әрекетті таңдауда балаға еркіндік беру керек. Және оны ауыстырып отыру керек. Бұл баланың қалауы, оның қызығушылығы, эмоционалдық көңілінің пайдасы зор.
Екіншіден, балаға берілетін еркіндік үлкендердің ақылды, кеңесімен іске асырылуы керек. Ең бастысы еркіндік жаңасыз, ал көмек-көтермелеу болмауы керек.
Бала үшін әрекет етуге болмайды, ол өзі ойланып істеуі қажет.
Өкінішке орай, айтып жіберу-балаларға көмектің кең тараған түрі, бірақ оның зияны көп.
Ғарыш «атасы» К.Э.Циалковскийдің шығармашылық ақылды тудыратын құпияны ашатын ұлы формуласы бар: «Ең алдымен мен көпшілікке мәлім шындықты аштым, содан соң кейбіреулерге ғана мәлім шындықты ашуға ұмтылдым, және соңында ешкімге белгісіз шындықты ашуға тырыстым». Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін ашудың, таңдау және зерттеу талаптың дамытудың жалғыз жолы осы болса керек. Біздің міндетіміз-баланың осы жолға
түсінуіне көмек көрсету.
Бұған дамыту ойындары, шығармашылық еңбекпен айналысу, өнерге баулу және тағы басқа жатады

1.2.Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамытудың ерекшелігі

Ақыл-ойы кем балалар тек еңбек шығармашылығы мен ғана айнылспуы керек. Оларға бастаған істі соңына дейін аяқтау өте қиын. Сондықтан бұл балалардың оқыту және дамыту үдерісінде ең алғашқы басты міндет-еңбекке баулуда жағымды әрекет қалыптастыру.
Баланың қандайда бір жұмысты қабылдау үшін, педагог-дефектолог үлкен шыдамдылықпен «кезеңдік оқыту» принциптеріне сүйене отырып, еңбек үдерісінің әр кезеңін ой елегінен өткізу керек. Ең бастысы қолайсыз жағдайлар баланы шошытпауы керек, ал оның өз бетімен жұмысы өзіне деген сенімділікті арттырып еңбекке баулуға айналысуын дамытуы қажет.
Өз бетімен шығармашылық жұмыс жасаудың барлық түрі балаларды дұрыс жолға үйретсе, оларды орындау олардың эстетикалық талғамын, қоршаған ортаны көру, шығармашылық қабілетін дамытады.
Алайда бұл өзінен өзі жүзеге аспайды, ол үшін педагогтың жүйелі, мақсатқа бағытталған жетекшілігі қажет және әр баланың жеке ерекшеліктері есепке алынуы керек. Үйірме жұмысының өткізілуі, ұйымдастырылуы, мазмұны баланың шығармашылық жұмысының дамуына бағытталуы керек.

1.3 Шығармашылық қабілетін дамыту әдісі

Педагогикалық-түзету жұмыстарында шығармашылық жұмыс ерекше есепке алынуы қажет. Шығармашылық ойлауын дамытуға көп көңіл бөлінсе, шығармашылық тапсырмаларды дұрыс орындайды.
Тежелу процесстерін түзету дұрыс жетістік көрсету үшін нақты мақсатқа бағытталған педагогтың екі кезеңде ұйымдастырылуы керек: бірінші кезең алғашқы, мұнда шығармашылық ойлауы қалыптасуы керек, екінші-негізгі, үдерісте баланың шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеуі дамуы керек.
Жетістікке жетелейтін жағдай тудыру, әсіресе психикалық дамуы бұзылған, өздеріне сенімсіз, қорқыныш билеген, белсенділігі жоқ балалар үшін қажет.
Шығармашылықпен байланысты жұмыстарды орындау оның көркем-эстетикалық қимылымен жүзеге асады.
Ол өзінің жасағанынан жағымды әсер алу керек. Жетістікке жету сезімі, бала педагогтың көмегімен немесе өз бетімен сенімсіздікті, қорқынышты, қиындықты жеңе білгенде пайда болады. Үлкендер балаларға жаңа іс бастау алдындағы өзіне деген сенімсіздікті, қорқынышты жеңуге көмектесу керек. Педагог баланың өз-өзіне деген сенім арттырып, өзінің күші мен қабілетіне сенуге көмектеседі. Оны тапсырманы орындай алатындығын сенімділік ұялату қажет.
Жетістікке жетуді қалыптастыру үшін мұғалімнің ашық және жасырын көмегі қажет. Мысалы, ашық көмек кел екеуміз бірге айтып көрейік. Немесе «қолымыздан келмесе ештеңе етпейді, тағы да жасаймыз» деген сияқты сөздер арқылы беріледі.
Ал жасырын көмек балаға көрсеткенде ескертілетін, баланың өзі де байқамай қалатын сөздер. Мысалы, сен өзің айтсаң бәріне ұнар еді.
Ақыл ойы кем балалардың ұжымдық қызметін арттыру.
Тәрбиенің негізгі бағыттарына сүйене отырып көмекші мектептер ақыл ойы кем оқушылардың тәрбиесінде негізгі және жалпы міндеттерді шешуге тырысады. Бұл үрдіс жалпы мектептегілермен байланыса отырып кез келген тәрбиелік іс-шара көмекші мектепте түзетуге бағытталуы керек және жеке тұлғаны тәрбилеуге көмек көрсетуге тиісті. Мектептің жалпы және басты міндеті оқушыларды өз бетімен еңбектенуге және өмір сүруге дайындау болып табылады. Бұл міндет ақыл ойы кем балалардың көпшіліктерін дамыту, оларды тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік бейімделу жұмыстары түзету іс-шаралары арқылы жүзеге асады. Баланың тұлғалық қасиеті күнделікті тұрмыс, қоршаған орта және басқа да факторлар арқылы қалыптасады. Педагогикалық жүйедегі барлық факторларды бағаламауға болмайды. Белгілі бір мақсатқа бағытталған, жүйеленген тәрбие жұмысы тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етеді.
Көмекші мектептердегі оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы мен кемістіктерін түзету үшін жағымды жағдай тудырудың әсері мол. Барлық жағдай балалар ұжымында өзін өзі басқару және өзін өзі қызмет көрсету жұмыстары арқылы жасалады.
Көмекші мектептердегі жеке сапалық қасиеттерге тәрбиелеудің арнайы міндеттері әртүрлі жұмыстарды өткізумен тікелей байланысты.
Тәрбие жұмыстарындағы түзету жұмыстары ақыл-ойы кем балалардың психикалық қызметін дамытуда, логикалық ойлауы мен практикада қолдануын қалыптастыруда жақсы жүзеге асады.
Ақыл-ойы кем балалардың психикалық дамуы, дамудың жалпы психикалық заңдылықтарына бағынады, ол әртүрлі нақты қызметтерде көрінеді. Ең алдымен ұжымда қарастырылады. Бұл олардың психикалық дамуын белсенді басқаруға мүмкіндік тудырады.
Ақыл-ойы кем балалардың эмоцияналдық-еркіндік қасиеттерінің дамуына оның ойлау қабілетінің дамуы әсер етеді. Жүйке жүйесінің компенсаторының күшінің мүмкіндіктері ағзаның даму үрдісін дамытуда барлық ақыл ойы кем оқушының қиын жақтарын қалыптастыруда ұжымдық өмір сүру және еңбек етудің мағызы зор. Әрине, тәрбиенің ең бірінші міндеті балалар ұжымын ұйымдастыру болып табылады.
Тәрбие үрдісінде жетекші қызметтік ұжымдық қызметті ұйымдастыруға бағытталып, онда әр ақыл-ойы кем оқушының белсенді өмір сүруіне мүмкіндік тудыру қажет. Бұл жағдайда жағмыды атмосфера, сыйласымдылық пен талап қойғыштық тәрбиеленушіге мұғалымдер мен тәрбиешілердің қоятын талаптарының бірізділігі шешуші мағына береді: Ұжымдық қызмет бір балаллар арасында бір-бірін түсінуге және өзара дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасайды. Тұлғалық қарым-қатынастар оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, оның сапалық қасиеттерінің ашылуына үлкен әсер етеді.
Бір-бірімен қарым-қатынаста олардың талаптарын қалыптастыру ақыл-ойы кем балалардың тәрбиесінде ерекше міндет болып саналады. Бұл міндетті шешудегі негізгі жол-балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын және қызметін ұйымдастыру оқушылардың өзара қарым-қатынасы сыныптан тыс жұмыста көрінеді.
Бұл қарым-қатынастардың көрінісі көбінесе мектеп интернаттарындағы оқу тәрбие жұмысының деңгейімен анықталады және балалар өз сыныптастарын бағалай алумен байланысты. Ұжымдық қызмет көрінісінде оқушылардың сабақтан тыс уақытта бір бірімен әңгімелесіп, осының негізінде ұжымдық байланыс пен қарым-қатынас пайда болады. Ұжым адам тәртібінде тікелей әсер етеді. Л.С. Выготский баланың, психикалық қызметіндегі кемшіліктерді түзетуде ұжым бірінші орында екендігін айтқан. Сондықтан көмекші мектептердегі басты міндет балалар ұжымын ұйымдастыру болып табылады. Оқушылар ұжымының негізгі белгілері барлық мүшелердің бірігіп жұмыс істеуі жағымды әрекеттері сенімділік бір бірін сынауы, сынды қабылдауы бір біріне талап қоя алуы. Ақыл-ойы кем балалардың ұжымда өзін-өзі басқаруы толыққанды жүзеге асуы мүмкін емес. Дегенмен педагог оны белгілі бір деңгейде ұйымдастыруына болады. Бір-біріне достық көмек көрсету баланың даму мүмкіндіктеріне көмектеседі.
Жалпы мектептерге қарағанда көмекші мектептерде ұжымды ұйымдастыру ұзақ әрі өздігінше жүргізіледі. Ұжымда ұйымдастыру үшін олардың даму деңгейін кемістік құрылымын, бір-бірімен қарым-қатынасын әр қайсысының ұжымдағы жағдайын білу керек.
Оның бастапқы ұйымластыру кезеңінде талап әр тәрбиеленушіге жеке қойылады. Бұл кезде педагог тарапынан қойылатын талап балаларда тапсырылған іске жауапкершілік артқанына қойылуы керек.
Тәрбиешіге әр оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиеленушінің өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыру керек.
Баланың бағыты мен қызығушылығын есепке ала отырып педагогикалық жағымды тәсіл ойластырылуы керек. Сондықтан жеке тұлғалық бағыты мен қызығушылығын тануда әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны танумызға болады.
Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қарым-қатынас өзара түсінушілік пен сенім арқылы қалыптасуы керек. Осындай қарым-қатынастар жеке мүмкіндіктерді арттыра алады. Сабақтан тыс уақытта балалар өздері туралы көп айтады, алған әсерлері туралы ой бөліседі. Тәрбиеші оқушылармен жеке әңгімелесіп оқушыны тануда осыны ескеруі керек. Әр оқушының жеке қабілетін ашу үшін педагог тәрбие жұмысында оқушыға үміт отын жаға білуі керек. Топта мәселен, қырсық, қыңыр көп сөйлемейтін бала болуы мүмкін. Бірақ тәрбиеші алдымен бұл қасиетін емес, жақсы жақтарын көріп соны айтып мақтап мадақтауы керек. Сондай-ақ ұжымда оған орындай алатын тапсырма беруі керек.
Баланың өзіне-өзінің сенім артып, топтағы белсенділігі күшейеді. Біртіндеп мұндай балаға деген талап күшейіп жұмыс түрі өзгереді. Оқушының жеке ерекшеліктеріне орай оған қажет болғанда жеке жерде, егер қайталанса сынып алдында ескерту жасалады. Оқушыларды тану үшін кең тараған әдіс педагогикалық бақылау болып табылады. Ақыл-ойы кем балалармен жұмыста топты бақылау, жеке оқушыларды бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бақылау нақты педагогикалық міндетке сай жүргізіледі.
Олигафрен балаларды тәрбиелеудегі басты қиындық әр жағдайға байланысты көп қайталанбайтын әдістер қолдану. Ол үшін ең алдымен баланың психикалық жағдайын анықтап алу керек.
Мәселен, жағымды жағдайда қарама қарсы қозғалыс дұрыс. Бұл жағдайда салмақты қарым-қатынас жақсы.
Жеке қарым-қатынастың мүмкіндігі тәрбиешінің білімділігіне тәрбие жұмыстарындағы әдістер мен тәсілдерді ұйымдастыру, әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдана білу, ұйымдастыру жұмыстарының әртүрлілігі әсер етеді.
Дұрыс әдістерді қолдану педагогикалық тұрғыда педагогқа шығармашылық міндеттерді дұрыс қоюға, оны шеше білуге әр оқушының қабылдау деңгейін байқауға көмекші мектептердің жағдайында байқап қабылдау қажет.
Ақыл-ойы кем балалардың ішінен біз белсенділігі аз, ешкіммен араласпайтын, баяу балалармен бірге қырсық-қыңыр өз айтқанын істеткісі келетін балаларды да көреміз. Бұл балаларға егер ол үйде болатын болса жанұяның, педагог пен дәрігердің тарапынан ерекше мұқияттылық қажет.
Мысалы, еңбекке баулуда балалар өз бетімен жұмыста бір-бірімен әңгімелеседі.
Тәрбие жұмысының қорытындысы әдіс-тәсілдерді, құрылымдарды дұрыс қолдануға байланысты. Әр оқушы әр түрлі жағдайда өзін әрқалай ұстайтынына байланысты әр тәрбиеленушінің жеке қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Оқушылармен жұмыстың қорытындысы жеке бақылау күнделіктеріне жазылады. Бақылау күнделіктері мектепке түскен күннен бастап жүргізіледі. Күнделікке жазылған жазбалар тәрбиешіге тәрбиленушінің ұзақ жылдар бойы қалай дамып келе жатқанын көрсетеді. Ол арқылы алдағы тәрбие жұмысының жоспарының дұрыс жасалуына, көмекші жұмыстың, нақтылы түзету тәрбие міндеттерінің қойылып, оның дұрыс шешімін табуына мүмкіндік беріледі.
Балаларға талап қоя отырып тәрбиеші оны біртіндеп жоғарылатуы керек, дұрыс қарым-қатынас орната отырып балаға жағымды мінез қалыптастыруы керек. Әр түрлі жаттығулар арқылы сөйлеу әдістерін дамытады. Бұл жүйелі педагогикалық жетекшілікпен әр оқушының жеке мүмкіндігін тануға ықпал етеді. Жеке іс қағаздарымен танысу, жаңадан келген балаларға берілетін мінездеме тәрбишіге оқушыны білуге көмектеседі. Бірақ өз тобындағы балаларды жүйелі түрде тану үдерісінде тәрбиеші оның ұжымда өзін ұстауын және өзіне-өзі баға беруіне біледі.
Тез ашуланатын балалар педагогтарға көптеген жағымсыз әсер туындатады. Бір-біріне қыр көрсетеді. Егер дер кезінде тоқтатпаса соңы төбелеске ұласуы мүмкін. Көмекші мектептергі балалар тіпті кейде төбелестің не үшін басталғанын да білмейді.
Әсіресе ақыл-ойы кем балалар педагогтың талабын әрқалай түсінеді. Талаптар олардың әр түрлі реакциясын тудырады. Кейбір балалар берілген тапсырманы тез орындайды. Әр топтан біз тәртіпке қойылатын талаптарды орындамайтын балалар болатынын білеміз. Мұндай балаларға салмақты дауыспен қатаң түрде түсіндіріп және ұжымда өзін ұстауды үнемі есіне салып отыру керек. Топта тәртіп талабын білетін бірақ орындамайтын да балалар болады. Мұндай балаларға балалар ұжымы арқылы әсер ету керек. Сондай-ақ баланың ұжымдағы орнын көрсету үшін тапсырылған істердің маңыздылығы, оны орындайтындығы туралы сенімділігі мақсатты түрде көрсетілуі керек.
Ақыл-ойы кем балалармен үйірме жұмысы.
Әртүрлі үйірме жұмыстары жүргізген және ұйымдастырған жұмыстар арқылы оқу және тәрбие қызметін қамтитын олардың қызығушылығын бағалау қиын.
Ақыл-ойы кем балалармен жұмыс тәжірибесі, мектепішілік үйірме жұмыстарын ұйымдастыру балалардың терең және жан-жақты дамуына әр түрлі дефектер мен түзету тапсырмаларын дұрыс шешуге әсер етеді.
Үйірме жұмыстарының дұрыс қорытындысын 5-9 сыныптарда көрсетуге болады. Өйткені оларды ұжыммен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан. Бұл балалардың қабілетінен қызығушылығын нақты анықтауға болады.
Үйірме балалар үшін әртүрлі болуы мүмкін.
Алайда ақыл-ойы кем балалардың өз бетінше өмір сүруіне негізделетін үйірмелер қолға алынуы керек. Бұған жан-жақсы эстетикалық өзіне терең міндет қойған еңбектену қабілетін ашатын үйірмелер қажет. Үйірме жұмысын әр түрлі жалпы және арнайы білім беру пәндері негізінде жасауға болады.
1. Шығармашылық еңбекке баулу сабағының міндеттері: өз қолдарымен әдемі бұйымдар жасаған балалар оның жемісін көріп энергия, жағымды эмоция, ішкі қанағаттану, өмірге деген құлшыныс сезімдері артады.
Шығармашылық еңбекпен айналысқанда келесі міндеттер шешіледі:
 Баланың танымын түзету түр, түс маталарын ажырату;
 Баланың аналитикалық-синтетикалық қабілеттерін дамыту, салыстыру және пысықтау мүмкіндіктері;
 адамның жан-дүие қызығушығына деген эмоциональды-эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу;
 Өнерге жан-дүние қызығушылығына деген эмоционалды-эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу:
 Күнделікті өмірде еркіндік сапасын, қарым-қатынас қасиетін білім алуға деген қабілетін дамыту.
Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмыс жасап тұлғалық мүмкіндігін кешенді жолмен ашуға болады.
Сабақтан тыс жұмыстар ерікті жүргізілгендіктен оқушының жеке тырысуына жауап беруі керек. Сабақтан тыс жұмыс тәрбиешіге баланың шығармашылық мұмкіндігін дамытатын әр түрлі сабақтар өткізуге мүмкіндік туғызады. Олардың жұмысты орындауға қызығушылығын, шығармашылыққа сүйіспеншілігін арттырады.
Сабақтан тыс жұмысты ұйымдастыруда тәрбиеші келесі қолданыстарды ұстануы керек:
 Балалардың жеке қасиеттерін ескере отырып оқушы таңдауының еріктілігін, мазмұны мен әдістерін қамту;
 Сабақтан тыс жұмысқа оқушылардың көп қатысуын ұйымдастыру:
 Балалардың қалауын есепке ала отырып шығармашылықтың өз бетінше бастау көтеруіне үйрету;
 Орындалған жұмысқа қоғамды жағымды бағыт қалыптастыру;
 Барлық сабақтан тыс жұмыстар жалпы оқу тәрбие ісіне сәйкес болуы керек.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Баяндама: Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
» Баяндама: Математиканы оқыту арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу жолдары
» Баяндама: Арнайы және көмекші (түзету- коррекциялық) мектептегі жоғарғы сынып оқушылардың яғни ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері
» Баяндама: Оқушыларды техникалық еңбекке баулу
» Баяндама: Ақыл-ойында ауытқуы бар балалардың эмоциялық көңіл - күйінің психологиялық ерекшеліктері

Іздеп көріңіз:
баяндама Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту мәселелері туралы доклад казакша на казахском, доклад Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту мәселелері на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту мәселелері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]