Баяндама: Тұлға қалыптастырудағы отбасының тәрбиелік маңызы

Баяндама: Тұлға қалыптастырудағы отбасының тәрбиелік маңызы

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі,
бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған
үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын
сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.
Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-
қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте
қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ.
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне
берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса
ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса,
босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына
теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері
1. бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып
келуі;
2.өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің
негізгі буыны;
3.отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;
4. отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы
Ғылыми өзектілігі: Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және
адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани
байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей
өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;
Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.Отбасы тәрбиесін
дамытудың әлеуметтік – педагогикалық мәселелері XXI ғасырдың ең басты көкейкесті,
шешімін табуда кезек күттірмейтін мәселенің бірі болып отыр. Соңғы жылдары білім беру
саласындағы қоғам талаптарына лайық жаңарулар мен алға ұмтылыстар мектеп пен
отбасының бала тәрбиелеуде бірлескен әрекетін талап етуде.Дұрыс тәрбие - балаға өмір
бойы азық .сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға – ата – анасы.
«Қазақ атамыз – балаңды 5 жасқа дейін алақаныңа салып аяла, 13 – ке дейін құлыңша
жұмса, 13- тен бастап теңіңше ұста», - деген емес пе? Ата – аналар балаларын
тәрбиелеумен қатар, өздері өнеге көрсетсе нұр үстіне нұр болар еді. Ал бұл күрделі
мәселе. Өйткені бұл әр отбасы мүшесінің тәрбиелік деңгейімен тығыз байланысты. Кез
келген ата – ана қандай болмасын перзентін шексіз сүйеді. Дегенмен, отбасында әке мен
ананың тәрбиеге біркелкі мән бермеуі де кедергілердің бірі болып отыр. Кейбір ата –
аналар өздерінің бала тәрбиесіндегі енжарлығын ақтайды. «Ол әлі сәби ешнәрсені
түсінбейді», «Өскен соң ақылы кіреді» және т.б. немесе ұл « Бала солай болып туған»,
«Біздің бұл баламыз қабілетсіз, қабілетті табиғат береді», - дейді. Баланы жеке адам
ретінде қалыптастырудың тиімділігі оның әралуан әрекет түрлеріне - ойынға, еңбекке,
оқуға, қарым – қатынас белсенділігіне байланысты екенін түсінбейді. Бала өмірінің
алғашқы жылдарында сол нышандарды да дамытуға қолайлы жағдай болмаса немесе ол
үшін әрекет істелмесе , кейін оларды жүзеге де асыру өте қиынға түсетінінен хабарсыз ата
– аналар кездеседі. Нәресте өмірінің алғашқы жарты жылында оған көңіл бөліп,
сүйіспеншілік көрсетпеу баланың даму қарқынын бәсеңдетеді, эмоциялық сезімін
кемітеді, әр нәрсеге әуесқойлығы мен қызығушылығын тежейжі, бұл оның жеке адам
ретінде қалыптасуы мен сана – сезіміне әсер етеді. Осының бәрі ата – аналарға педагогика
, психология, физиология мен гигиена негіздерін біліп, саналы тәрбиелеу деген зор
жауапкершілікті жұктейді. Егер ата – аналардың жанұя турасында дұрыс түсінігі болмаса,
егер ол жанұя өмірінің мақсаттарын педагогикалық тұрғыдан жағдайластырмаса , онда
бұл баланың жеке санасының қалыптасуына ғана емес, түгелдей жеке басының тәрбиесіне
зиянын тигізеді. Сонымен қорыта келшенде баланың жеке басын қалыптастыруда
отбасынын тәрбиелік мұмкіндіктерінің мәні орасан зор және оны арттыру бүгінгі күннің
басты қажеттілігі екені даусыз. Отбасындағы ата салтын, ана және ене салтын, әсіресе әке
салтын жаңа өмірге лайықты етіп ұлттық дәстүрде қайта құрудың этнопедагогикалық
тетіктерін іске қосу қажет. Ақсақалдар алқасы мен аналар алқасының қызметін міндетті
түрде жолға қойып, оның пәрменділігін арттыру қажет.

Жас азаматтың қазіргі әлеуметтену және руханияттану мүмкіндіктерін дамытуға арналған
отбасы тәрбиесінің ұлттық руханияттық дәстүрін қалыптастырудың маңызы зор.
Барлық мемлекеттік ,қоғамдық, жеке меншіктік,саяси, діни конфессиялық , жастар және
кәсіподақтар құрылымдарының отбасы тәрбиесін ұйымдастыру шараларына араласу
белсенділігін арттырып, жауапкершілігін күшейтуге күш салу керек.Отбасы тәрбиесі -
қоғамдық тәрбиенің іргетасы екендігін әрбір қоғам мүшесінің санасына жеткізу қажет.
Отбасы тәрбиесіндегі ізгіліктілік, адамгершілік, моральдық, этикалық, эстетикалық және
руханияттық құндылықтардың мүмкіндіктерін пайдаланудың тетіктерін іске қосу керек.
Әрбір отбасында патриоттық сезім, патриоттық идея және патриоттық жауапкершілік
сомдау арқылы ұлттық патриоттық менталитет қалыптастыру қажет.
Көкірегі көсем, тілі шешен, ақылы қасым, ерлігі жасын Қазақ халқы әрбір отбасының
парасатты да руханиятты болашағы үшін ғасырлар бойы күресіп келгені бәрімізге
аян.Отбасы тәрбиесі – қоғамдық міндет, отбасы тәрбиесі - ұлттық саясат. Отбасы тәрбиесі
– ұрпағымыздың нұрлы болашағы, отбасы тәрбиесі үшін күресу болашақ үшін күрес,
ағайын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баяндама Тұлға қалыптастырудағы отбасының тәрбиелік маңызы туралы доклад казакша на казахском, доклад Тұлға қалыптастырудағы отбасының тәрбиелік маңызы на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]