Баяндама: Тәрбиенің негізгі міндеттері

Баяндама: Тәрбиенің негізгі міндеттері

Мектептің есігін ашқан жас ұрпаққа адам бойындағы адамдық асыл
қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіреміз,
үйретеміз. Әдептілік, имандылық, инабаттылық, мейірімділік,
қайырымдылық құндылықтарықалыптасқан халқымыздың асыл да
абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың сана – сезіміне, ақыл – парасатына
ұялата білу үшін, әрбір ұстаз халық педагогикасын, жан – жақты терең
білумен қатар, рухани жаны таза болу шарт. Ол рухани адамгершілік
тағылымдарды әр ұстаз өмірімен байланыстыра отырып өткізсе, көкірегі
ояу, мінез – құлқы дұрыс, саналы адам тәрбиелеп шығарады. Бүгінгі
демократияланған қоғамда адамның жеке басын қадірлей отырып оған
талаптар қою арқылы өзінің де, өзгенің де бақыты үшін күресе алатын
адамды тәрбиелеу біртұтас педагогикалық ойдың аса абыройлы міндеті
болып саналса керек. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің
қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай
жарғыда, бағдарламада, ешбір орынның жасанды әрекеті де оның орнын
баса алмайды» - деп текке айтпаған.Ұстаздың саяси сауаты, жан – жақты
білімді, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата аларлықтай
әдістемелік шеберлігі болуы керек. Ұстаз тәрбие үрдісін жүргізу кезінде
оқушының, психалогиялық оөрісінің өсу, даму дәрежесін бақылай
алатындайсезімтал психолог болуы қажет. Л.Н.Толстой: «Мұғалім өн
бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса ғана ол-
нағыз» - дейді.
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп, Абай атамыз
айтпақшы, ұстаз бала тәрбиелеу жолында үлкен сындардан өтеді. Бүгінгі
күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңарулар тұсында рухани
адамгершілік қабілеттер басты нысана болып отыр. Н.Ә.Назарбаев:
«Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым – қатынасқа көшу кезінде
саяси – экономикалық және экономикалық дағдарыстарды жеңіп шыға

алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан –
жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деген тұжырым
жасады. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен баланың арасындағы
шынайы қарым – қатынаста беріледі. Көзге көрінбейтін өте нәзік сезімді,
аса құнды қасиеттерді жүрекке үзбей жеткізу тек шебер педагогтың
қолынан келеді. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек
адамдардың қолынан келеді. Қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің
мәнін түсінуге, бақытты сезінуге мүмкіндік әпереді. Бүгінгі тәлім-тәрбие
оқыту білім беру тұрғысынан байырғы ұстаздар өсиет еткен өнегелі
сөздерін еске алсақ: яғни ұлы ғұламалардың: Махмұд Қашқаридың Бұхар
жыраудың Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтің Шәкәрімнің адамның адам
болып қалыптасуына басты рөл атқаратын адамгершілік құндылықтар
болып табылады.
Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,
олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл
сапалар адамды дүниеге келген күнен бастап тәрбиелейді», - деп есептейді.
Шынында да, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру
оның туған кезінен басталса керек. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне
болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікке тәрбиелеу ісі білім
берумен шектелмейді, бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін
оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
«Бөбек» қоры Президентінің бастамасы бойынша республикада білім
беру процесінде рухани – адамгершілік тәрбиесіне екпін беретін, болашақ
ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып
табылады. Еліміздің бірінші Ханымының жеткіншек тәрбиесіне деген,
жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына
қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлу педагог қауымға ғана емес,
барша жұртқа зор ықпал етері даусыз. Оқушы қабілеттерін дамыту,
талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс

істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман
талабы өмірге келтірді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баяндама Тәрбиенің негізгі міндеттері туралы доклад казакша на казахском, доклад Тәрбиенің негізгі міндеттері на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Тәрбиенің негізгі міндеттері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]