Баяндама: Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы

Баяндама: Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге
бейімдеуде мектеп,ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Мектептегі тәрбие
жұмысының нәтижелігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен
мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала
тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Тәрбие – алдын ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсаты бағыттала және ұйымдастырыла
жүргізіледі. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы – адамзат
бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана.Ата-ананың үйдегі
іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп
табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасы
мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің не табысты не табыссыз болуын
анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін
туғызады.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді.
Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекші
негізгі рөл атқарады. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі –
сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруымен, үйлестірумен және
өткізумен айналысатын педагог. Бұл сынып ұжымындағы әр алуан
тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты
ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшеліктерін көрсете білуіне
жағдай жасап, өз қызметін оқу тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде
жүзеге асыратын өз ісінің шебері. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін
тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы
тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау
қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті
қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы,
онда қалыптасқан он моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара
түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің

бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір
көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық
нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып
өсуінің негізі.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-
аналардың борышы.
Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан
аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке
көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала
тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың
өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол»,
«Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған
шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне
де тікелей байланысты болмақ.
Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да
өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған
айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың
сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың
маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы». Балалардың
бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте
көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға
жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға
болар еді.
Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан
басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те
күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол
әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе,
ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек.
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең
қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы

күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын
атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп
өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел
қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал
балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді
міндеттері ұштасып жатады.
Балаға қолдау көрсету, біріншіден, оның рухани адамгершілігін, өзін-өзі
дамытуын, оның денсаулығы мен, оқуымен, жеке бас ерекшелігімен
байланысты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, екіншіден, балалардың
дамуы және өзін өзі бамытуы үшін қолайлы жағдай туғызу , қауіпсіз орта
құруды білдіреді.
Отбасы – салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ата-
аналардың тәрбиелік күш құаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде
болатынын ескеру қажет. Сондықтан ата-аналармен жұмыста мектеп түрлі
амалдар мен әдістерді саралап қолдану керек.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баяндама Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы туралы доклад казакша на казахском, доклад Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]