Баяндама: Адамгершілікке баулитын шығармалар
Ы.Алтынсарин шығармаларында жасөспірімдерді адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Адамның адамгершілік қасиеттерінің
дамып жетілуі өмір бойына созылатын процесс болғанымен, адам бойындағы
моральдық қасиеттердің негізгі сипаттары балалық кезеңде жинақталады.
«Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге
көбірек тәуелді. Мұғалімнің есінде мына жәйт әр кез болуға тиіс – дейді
Ы.Алтынсарин – ол кіммен істес болып отырғанын еш уақытта да ұмытпауы
керек. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсіндіруі керек, екі ұшты астарлы сөз,
орынсыз терминдерді қолданбауы керек».
Ы. Алтынсарин өзінің бар өмірін ағартушылық ісіне бағындырып, қазақ
жастарын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға шақырады.
Мектепте Ыбырай шығармаларын оқыту – оқушыларға жақсылық, әділдік,
азаматтық сезім ар – ұят, өзін – өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық сияқты
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Мен мектептегі ұзақ
жылдардағы іс – тәжірибемді пайдалана отырып, Ы.Алтынсарин шығармаларын
оқыту арқылы жастарды адамгершілік қасиеттерге баулу жөніндегі ойымды
әріптестермен бөліскім келеді.
Білім мен тәрбие егіз. Ы.Алтынсарин шығармаларын меңгерту барысында
адамгершілік қасиетке баулу үшін «Үміт еткен көзімнің нұры» - балам және
«Бағып – қағуда көп мағына бар» деген оқулықтағы бөлімдерді жеке қарап, осы
бөлімдерге қатысты «Ананың сүюі», «Надандық», «Таза бұлақ», «Талаптың
пайдасы», «Малды пайдаға жарату», «Бақша ағаштары» әңгімелерін
пайдаланамын.
«Үміт еткен көзімнің нұры – балам», - деп оқып жүрген жас Ыбырайға атасы
Балқожаның өлеңмен хат жолдауының өзі Ыбырай бойына адамгершілік сезімді
ұялатқан – ұшқан ұясы, ата – ана тәрбиесі екеніне оқушылардың зейінін
аудардым. Жастайынан адамшылықты, ізгілікті бойына жинақтамаса, Ыбырай да
осындай болмас еді. Адам бойындағы жағымсыз мінездерге қарсы күресу үшін ол
ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беруі керек деп ұқты. Сол үшін балаларға
ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретуді насихаттап, өз еңбектерінде оны
басты назарда ұсынды.
Отан от басынан басталады, ата – ана мен баланың арасындағы өзара
сыйластық, ыстық ықылас жазушының «Ананың сүюі» деген өлеңі мен
«Надандық», «Аурудан аяған күштітірек» деген әңгімелерінен көрінеді.
«Ананың сүюі» деген өлеңді өткенде, ананың баласына деген шексіз
махаббатын жарлағандығын түсіндіріп, тек оқу материалының мазмұнымен
шектелмей, қосымша материалдар пайдаланып, оқушыларға берілетін білім
мазмұнын тереңдетіп, тәрбиелік әсерінің күшейтілуіне мән беремін. Ал,
«Надандық» әңгімесін оқыту арқылы жас баланың надандықтың құрбаны болған
анасына деген махаббатын , арыз-тілек айтып анасын құтқаруға көмек сұрағанын
баяндай келе, баланың ақылды екеніне оқушылардың көзін жеткіземін.
Әдебиет пәнінің адам таныту ,өмір танытуда маңызы ерекше. Әдебиет
өмірден алған әсерлеріміздің, сезіміміздің, ойымыздың барлығын көркем тілмен
баяндап береді. Аталған шығармаларды меңгерту барысында текстпен жұмыс
жасату арқылы әлеуметтік–моральдық көріністерді оқушыларға жазбаша, ауызша,
өз бетінше жүргізілетін жұмыстарда талқылау шығармашылық дағды мен қабілет-
икемділіктерін жетілдіруге көмектеседі. Аталған екі шығармада да ата-ана мен
бала арасындағы махаббат, сыйластық қасиеттер дәріптеледі.Тексті әбден
меңгертіп алғаннан кейін, оқушылардың шығармашылық ынтасын арттыру мен
дүниетанымын кеңейту, пікір туындату, ойлай білу қабілетін дамытуға назар
саламын. Осы бір шығармалардың жалғасы ретінде «Баға жетпес алтын бесік –өз
ұям» деп аталатын тақырыпта шығарма жазып келуге тапсырма берілді.
Оқушылардың жащзба жұмысы әр деңгейде болды. Аса зор тебіреніспен
жазылған шығармалар кабинеттің қорына тіркелді.
Ы.Алтынсарин шығармаларының күллі адамзат бойындағы көңіл
тазалығын, адалдықты, биік адамгершілікті насихаттайтын әңгімесі –«Таза
бұлақты» драмалық шығарма түрінде 4 оқушыға орындатамыз. Әрине, оларға
алдын ала ескертіледі, автор сөзі мен үш жігіт сөзін бөліп алған оқушылар тексті
жатқа дауыс ырғағын келтіре отырып орындағаннан кейін, әңгіменің идеясына
көңіл аударамыз, сонымен қатар орындаушылық қабілетін, дауыс ырғағы, тіл
тазалығы тексті мәнерлеп оқу мәселесіне көңіл аударылады.
Жазушының «Талаптың пайдасы» әңгімесінің мазмұның кеңейтіп оқытуға
мүмкіндік бар. Әңгіме үлкен мағлұматтарға толы. Әңгімеде талапкер жас баланың
ұлы Петрдің суретін салмақшы болғаны, сурет ұсқынсыз болса да патшаның,
оған намыстанбай, баланың бойындағы талапты көре білуі, баланы оқуға
орналастырып, кейіннен сол баланың бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан суретші
болғаны қандай үлкен көрегендікті, адамгершілікті, қамқорлықты көрсетеді. Осы
әңгімені талқылау барысында адамгершілік қасиет аясында ұлы адамдар өмірінен
естелік –мысалдар дайындап келуді тапсырамыз.
К.Д.Ушинский: «Адамгершілік сөзіміне тікелей әдеби шығарманың өзі
әсер етуге тиіс. Бұл әсердің мәні аса зор. Егер шығарма өзінің ішінде суреттелген
адамгершілік пікірді сүюге адамды лажсыз мәжбүр етсе, сол әдеби шығарма ғана
адамгершілікке баули алады», - дейді. Сөз жоқ, Ы.Алтынсариннің адамгершілік,
тәлім-тәрбие хақында жазылған шығармаларының түйіні ретінде «Бақша
ағаштары» әңгімесін алуға болады. Бақ аралаған әкесі мен баласының әңгімесі:
- Бағу - қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен өзін
ғибрат алсаң болады. Сен жас ағашсың. Саған да күтім керек. Мен сенің қате
істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем - жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз
бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деді. Осы
тақырыптың жалғасы ретінде шағын пікір сайысын өткізуді жөн көрдім. Алдын
ала тақтаға бірнеше сауалдар айналасында пікір алысу ұйымдастырылды.
1.Бала мінезінің қалыптасуы қай жаста болады деп ойлайсыңдар?
2.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі деген тақырыпты қалай түсінесіңдер?
3.Үй-ішін, мектеп, қоғамдық орта туралы пікірің қандай?
4.Өз мінезіңнің қалыптасу кезеңі қай кез деп ойлайсың?
5.Ең жақын жолдасыңның мінезін сипаттап бер.
6.Мінезі жақсы деп класта кімді атар ең?
Ыбырай әңгімелерінде мейірімділік, кішіпейілділік, ізеттілік, инабаттылық,
жүрек тазалығы, ақ ниеттілік сияқты ізгі адамгершілік қасиеттер үнемі
мадақталынып отырады. Мысалы, «Аурудан аяған күштірек» атты әңгімесінде
арбадан құлап, аяғын сындырып алған, Сейіт деген баланың сынған аяғын
сынықшы орнына салып жатқанда үнін шығармай шыдауы, анасын аяғандықтан
төзгені айтылады. Осы әңгіме туралы ой толғап, шағын әңгіме жазуларын
тапсырамын. Ал, талантты оқушылар өлең шығарып келуіне немесе әңгіме
жазуларына болатынын айтамын.
Оқушы бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыруда Ы.Алтынсарин
шығармаларының маңызы орасан зор. Ыбырай өз халқының жарқын келешегі
үшін барлық саналы өмірін сарп еткен, халыққа қызмет етуді, әсіресе, жастарды
өнер-білімге, адамгершілікке үндеуді азаматтық парызым деп санаған. Ендеше,
ұстаздардың ұстазы, халқымыздың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин
шығармаларын жас ұрпаққа жете таныстыру - біздің парызымыз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Баяндама: Адамгершілік тәрбиесінің негіздері
» Баяндама: Тәрбиенің негізгі міндеттері
» Баяндама: Бала бойында азаматтық пен патриотизімді қалыптасыруда мектеп пен отбасы қарым - қатынасы
» Баяндама: Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым
» Баяндама: Бастауыш класта оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі

Іздеп көріңіз: