Баяндама: Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдары

Баяндама: Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану  жолдары

Тарих – бүкіл адам баласының бойынан өткізген жағдайын тарихи
тәжірбиесін баяндайды, тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы
орнын, атқарған қызметін дұрыс анықтай алады. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тарихын оқып
үйренудің қажеттігі туралы: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар
тоғысында өзінің арғыбергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім
едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз.
Бұл – әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы
еместігін түсінсін деген сөз. Бұл – әрбір азамат тарих қойнауына ойша
тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің
лайықты мұрагері болуға ұмтылсын , деген сөздерінен тарих ғылымының
маңызын көре аламыз.
Отан тарихының халқымыздың өткені, бүгіні, келешегі туралы оқушыда
жүйелі білім беруде, тәрбие-танымдық мүмкіншіліктері мол.[2].
XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып
табылатындығы мойындалды. Оған ғасырлар тоғысындағы білімді
халықаралық деңгейдеидамытудың бағыттарына арналған реформалардың
қарқынды дамуы дәлел.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатындағы 12 жылдық білім беру
стандартында «Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі
қызметтер саласындағы мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігі қамтамасыз
ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің
жетістіктерімен түсіндіріледі» дей отырып, ұсынылған білім жүйесінің
мақсаттары былай сараланған:
 Мәселелерді шешу құзыреттілігі мен өзіндік менеджемент;
 Ақпараттық құзыреттілік;
 Коммуникативтік құзыреттілік;
«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,
құзыреттілігі арқылы айқындалады. Құзыреттіліктің мазмұны жеке кәсіптік,
интегралдық сипаттама ретінде төмендегі функцияларын жүзеге асыра
білуімен анықталады. Олар:
 Болжау
 Ұйымдастыру
 Бақылау
 Реттеу
 Үйлестіру
 Сәйкестендіру
 Белсенділігін арттыру
 Зерттеу.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасында;
«12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өздінің және қоғамның
мүддесінде өзінөзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада
өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді
тұлғаны дамыту және қалыптастыру» деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар
Тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы көрсетілген
мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлығы құндылықты-бағдарлы,
мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, коммуникативті, ақпараттық-
технологиялық әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту
құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.
12 жылдық оқытуға көшуге байланысты, білім беру жүйесінде «құзырет»,
«құзыреттілік», «құзырлылық» деген жаңадан қолданысқа енген сөздердің
мәні мен мағынасы біреуге түсінікті, таныс болса, біреуге бейтаныс, таңсық
болуы мүмкін. Осыдан келкп педпгогикалық терменолгияға қосылып
отырған «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген терминдерді
шынында да қалайша түсініп, қалайша қолданамыз деген ой туындайды.
Латын тіліндегі «competens» сөзін К.С.Құдайбергенова «Құзырлылықты
білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға
мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық
маңызын толық аша алады.» Олай болса құзырлылық нәтижеге бағдарланған
жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және
өмірлік көзқарастарды есепке алуы қажет»,- деп жазды.[1].
Психология ғылымының кандидаты Б.К.Жұмағалиева құзыреттілікті тұлға
бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелі білімінің білім, билік,
дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық осы құзыреттілікті тұлғаның пән
бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі деп
көрсетеді. Сонда құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай
отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге өажетті
өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуге
күтілетін түпкі нәтиже деп түсінуге болады.
 Өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;
 Өзінің қызметін бағалай білуі;
 Түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;
 Өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;
 Өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;
 Өз бетінше алынған ақпаратты талдай, таңдай білуі;
 Түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі:
Құзыреттілік біліктіліктен көрінеді, біз оның қалыптасу дәрежесі жайлы ғана
айтуға мүмкіндігіміз бар. Демек оқу процесінде оларсыз құзыреттілік
қалыптаспайтын білім, біліктерге қатты көңіл бөлуіміз керек.
Құзыреттіліктің қалыптасу дәрежесі жайлы айтсақ, онда білімсіз, біліксіз
ештеңе істей алмаймыз. Құзыреттіліктің қалыптасуы- бұл ешқашан
аяқтаймалтын процесс.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баяндама Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдары туралы доклад казакша на казахском, доклад Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдары на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]