Баяндама: Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі

Баяндама: Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі

Қазақ ұлты өзінің тарихи жолында сан түрлі жазу түрлерін пайдаланды. Ең алғаш тасқа таңба салу арқылы іс-әрекеттерін түсіндірді. Кейін 1929 жылға дейін араб әліпбиін, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын қарпін, ал 1940 жылдан бастап кирилл алфавитін пайдаланып келеміз. Бүгінде әлемде көптеген жазу үлгілері бар. Әлем елдерінде ең көп қолданылатын әліпби – латын әліпбиі. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, біздің еліміз де латын қарпіне көшуге ниет білдіруде. Бұл қазір Қазақстанда күрмеуі шешілмей тұрған мәселелердің бірі. Осыған қатысты ғалымдар мен тіл мамандарының, жалпы халық арасында пікірталастар туындап жатыр. Бірі латын қарпіне көшуді дұрыс деп есептесе, енді бірі бұл пікірге қарсы шығуда.
Жаңа әліпби – саналық өзгерістің бастауы ол үшін орыс, ұйғыр, татар тілдеріндегі газет-журналдар мен баспалар да бірыңғай латын қарпімен жарық көруі қажет! Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салып, нақты уақытына дейін белгілеп берді. Сындарлы шешім көпшілікті елең еткізіп, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары арасында қызу пікір-талас туғызды. Латын қарпі төңірегіндегі осындай орамды ой-толғанымдардың бір парасын талқыға салсақ дейміз.
Тәуелсіздіктің басты тірегі – мемлекеттік тіл. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған бұл даму стратегиясында да мемлекеттік тілге жеткілікті орын берілген. Әсіресе, Елбасының 2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді деп қадап айтуы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Жолдауда «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Бүгінде латын әліпбиі мемлекеттің бекітуінсіз-ақ жұртшылық арасында кеңінен пайдаланылып жүр. СМС хаттар жазғанда, шетелдік әріптестермен, қандастармен байланысқанда латын әліпбиі қолданылуда. Енді соны көпшіліктің қолдануына лайықтап, бір нұсқасын бекітіп беру қажет. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы латынға көшуді қолдап қуаттайды, қажет болса, дайындық жұмыстарына барынша атсалысуға дайын.



Ғалымдардың пікіріне сүйенер болсақ, латын графикасында әріп-таңбалар саны аз болғандықтан, ол үйренуге жеңіл. Кирилл алфавитінде 42 әріп болса, латын әліпбиінде 26 таңба бар.
25 латын әріп және « ’ » (quoteright) таңба қазақ алфавитке жетерлік деп санаймын, себебі қазақ тіліндегі фонемалар осы әріп терлермен толық қамтамасыз етіледі және де бұлар көптеген ұлттық пернетақталарда барын естен шығармайық;
- жаңа алфавиттегі кейбір әріптер бұрынғы әріптермен сәйкес келеді: а-а, b-в т.с.с., сондықтан үйренуге қиындық тудырмайды және емлені әзірше өзгертуге қажет емес деп ойлаймын;
- ақпараттарды игеру және алмасу мақсаттарда компьютерлік технологияларды қолдануы латын графикасындағы қазақ тіліне үлкен жеңілдік пен дамуына әсерін тигізеді;
- жаңа алфавит шетел сөздерді, атауларды жазуына ешқандай қиындық туғызбау керек.
Осы тұрғыдан жасалған латын графикасындағы қазақ алфавитты осылай көрінеді:
№ Қазақ алфавитты
латын әріптегі нұсқасы Қазіргі кирилл әріптегі
алфавит Әріптердің сәйкестігі
Әріп Айтылуы Әріп Айтылуы Орыс тілінде Ағылшын тілінде
1 А’, а’ A’ Ә, ә ә а а
2 А, а A А, а а а а
3 В, b be Б, б бе б b
4 С’, с’ c’e Ч, ч че ч ch
5 С, с ce Ц, ц це ц с
6 D, d de Д, д де д d
7 Е, е e Е, е е е je
8 F, f fe Ф, ф фе ф f
9 G’,g’ g’e Г, г ге г g
10 G, g ga Ғ, ғ ға г g
11 H’, h’ h’a Һ, һ һa x h
12 H, h ha Х, х ха x kh
13 I’, i’ i’ И, и и и i
14 I, i i І, і i и i
15 J, j je Ж, ж же ж zh
16 K, k ka К, к ка к k
17 L, l iel Л, л эл л 1
18 M, m iem М, м эм м m
19 N’, n’ ien’ Ң, ң эң н n
20 N, n ien Н, н эн н n
21 O’, o’ o’ Ө, ө ө о о
22 O, o o О, о о о o
23 P, p pe П, п пе п p
24 Q,q qa К, к ка к k
25 R, r ier Р, р эр р r
26 S’, s’ s’a Ш, ш ша ш sh
27 S, s ies С, с эс с s
28 T, t te Т, т те т t
29 U’, u’ u’ Y, ү ү у u
30 U, u u У, у у у u
31 V, v ve В, в ве в v
32 W, w w Ұ, ұ ұ у u
33 Y’, y’ qysqa i’ Й, й қысқа и й y
34 Y, y y Ы, ы ы ы y
35 Z, z ze 3, з зе з z
36 ’ Ay’ryqs’a belg’i ь,ъ Айрықша белгі ь
Елбасымыздың осы айқын ұстанымы аясынан Қазақстан Республикасындағы басқа ұлт өкілдері оқитын, жазатын бұқаралық ақпарат құралдары, баспа өнімдері, оқу-ағарту, ғылым, материалдық және рухани мәдениеттің барлық салалары да тыс қалмауын қадағалағанымыз жөн.
Өйткені латын әліпбиіне негізделген жазуды материалдық және рухани мәдениет салаларының барлығында да қолдану арқылы қазақ тілінің мемлекеттік қолданысының толық қамтылған нәтижесін жүзеге асырамыз. «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы негізгі заң актілері» талаптарының да түбегейлі жүзеге асуына оң ықпал ететін бұл жағдайдың мемлекетіміздің күрделі құрылымды сипатына пайдалы әсері болары анық. Қазақстанның әлем өркениеті кеңістігіндегі ежелден қалыптасқан халықтар мәдениеттерімен ықпалдастық жолы, жаңа жетістіктерімен өркендеу бағыттары осындай келісім мен үйлесім сабақтастығымен дами береді.
Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі экономикасы дамыған отыз елдің қатарынан орын алу ісіне, мемлекеттік тілдің ұлттық бет-бедерін сақтап қалуға, түбі бір туыс түркі халықтарымен рухани-мәдени жақындасуына, электронды ақпарат құралдарын жылдам игеруге оң ықпал етеді.
Қорыта айтқанда, латын қарпіне көшу мәселесі ұлт болып жұмыла кірісетін үлкен шаруа болып тұр. Қандай шешім қабылданар болса да ұлтымыз үшін игілікті болғай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баяндама Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі туралы доклад казакша на казахском, доклад Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Латын әліпбиіне көшу – бүгінгі таңның өзекті мәселесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]