Баяндама: Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, оқушылардың білім сапасын арттыру

Баяндама: Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып, оқушылардың білім  сапасын арттыру

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
• проблемалық шығарма әдістері;
• презентациялар пікірталастар;
• топпен жұмыс;
• миға шабуыл әдісі;
• сын тұрғысынан ойлау әдісі;
• викториналар;
• зерттеулер;
• іскерлік ойындар;
• рөлдік ойындар;
• инсерт әдісі т.б
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ тілі, әдебиет және математика сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады. Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдім.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Өзіміз қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [2].
Сондықтан, ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Оқушының білімін көтерудің ең бастысы-пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қызығушылықты тудырудың тәсілдері көп. Олар: түрлі дидактикалық ойындар,сайыстар, жарыстар, кештер, үйірмелер, олимпиадалар.Сабақтың ойын түрінде өткізілуі сынып оқушыларының жалпы көңіл-күйлерінің көтерілуін, яғни белсендіктерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.
Ақпараттық технологиямен оқыту барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау, келесі деңгейге өткізу сияқты жұмыстарды мұғалім орнына компьютердің басқару мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оқушылардың дайындық деңгейлерін компьютер анықтап, егер оқушы білімі қанағаттандырса келесі тапсырмаға өтуге рұқсат береді, яғни мұнда оқытуды тікелей компьютер басқарады.
Ақпараттық технология негізінде оқушы ақпараттық кеңістіктен өз бетімен білім алып, өзін-өзі дамыта алады.
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негізделген оқыту және оқушының оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстарында ақпараттық
технологияны қолдану моделі жасалды.
1. Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оқу үрдісінің сапасы мен тиімділігін, танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.
2. Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу, яғни, әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін, байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту, күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру, компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу, ақпаратты өндеуді жүзеге асыра білу, ақпараттық мәдениетті қалыптастырып, мәселені моделдей білуді дамыту және ең бастысы, тәжірибелік – зерттеу іс - әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.
Мақсат: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруда заман талабына сай ақпараттық-интерактивті оқыту және оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, интерактивті сауаттылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ақпарат ғасырына сай компьютерлік сауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім сапасына және оқушының үздіксіз дамуына ықпалы. Ағарту саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаз оқушыға жүйелі, сапалы білім беру үрдісінде бүгінгі заман талап етіп отырған ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игертуі қажет.
Осы орайда Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «… ҚР дүниежүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген оқыту жүйесін жасау керек. » делінген болатын. Ал бұл бағдарламалардың міндеттерінің бірі –мектептерді компьютерлендіру, білім беруді ақпараттандыру –жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушының үздіксіз дамуына ықпал ету.
Мен де осы талапты жүзеге асыру мақсатында, ізденіс үстіндемін. Осы көзқарасыма түрткі болған Елбасымыздың:
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген қағидасы еді. Сондай- ақ Қазақстан Респуликасының «Білім туралы» Заңының 8- тарауында көрсетілгендей « Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінгені де менің ізденісіме, жауапкершілігіме жол сілтеді дей аламын.
Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Алайда психологтер В. Давыдов пен В. Рубцов «Жаңа ақпараттық технология адамның жас ерекшелігінің даму аспектісін ескере отырып, компьютерлік оқыту бағдарламасының әртүрлі формалық мазмұнында адамның жас ерекшелігіне сәйкес келуі керек» [5,б.73-74] деген қағидасында естен шығармай компьютерлік технологияларды қолдануда оқушының жас ерекшеліктерін қарай жұмыс жүргізуді қолға алдым. Ол оқушылардың мәселе есептерді шығару барысында ойлау, қабылдау, сезіну сияқты әрекеттерінен туындады.
Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі- бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау елесі, егжей- тегжейлі көріністер қабылдау, сөздік- логикалық ойлау, сөздік- ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылды.
Бұл жүйелі жетістік электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуде, оқу барысында компьютерді пайдалануда, модельдеуде, электрондық оқулықтарды қолдануда, интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуде, интернет жүйесіне кіруде жүзеге асырылды..
Осы негізде оқушылар тек біліммен қаруланып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттіліктерін тудырды.
Осы мәселелердің жүзеге асу жолдарына себепкер ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың әрқайсысының өзіндік оқушыға беретін ықпалына тоқтала кетейін.
Электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу барысында оқушы материалды толық меңгереді, теориялық және эмпирикалық ойлауы біркелкі дамиды, білім- білік дағдысы, қызығушылығы, танымдық белсенділігі артады, ал мұғалім оқушылардың зейінін өзіне тарту жетістігіне ие болады. Оларды ойландыра, толғандыра отырып зейінін оқу үрдісіне тарту әрекеттері- мұғалімнің тиімді құралы болып табылады. Бұл оқушылардың танымдық қызметін белсендіру амалы болмақ. Өйткені , адам бізді қоршаған ортада өзіне керекті нәрсені алады, олай болса, білім беруде мәнді де мағыналы нәрсені оқушыларға қызықты түрде ұсыну да компьютердің еншісінде екені де ақиқат..
Білімді игеру дегеніміз- оны ұғу, есте сақтау, қолдана білу. Білімді игеру- бұл алғашқы оқу материалын меңгеретін, білімді бекітетін, бақылау және оқу жұмыстарының нәтижесін бағалайтын, сондай- ақ, дидактикалық міндеттерді шешетін күрделі жүйе. Мұғалімнің негізгі проблемасы- осы дидактикалық міндеттерді шешу болса ол да компьютерді игеру арқылы жүзеге асады. [1,б. 204]
Мектеп оқушыларының жеке- дара ерекшеліктерін есепке алу негізінде білімді бақылау мен тексеруді ұйымдастыруда компьютерді екі формада қолдануға болады.
1. Материалды меңгеруді талап ететін деңгейі мен теориялық ойлаудың қалыптастыру сатысына жеткеннен кейін білім алушының материалды меңгеру деңгейін есепке алу негізінде компьютер көмегімен тексеру жұмыстарының нұсқалары қалыптасады.
Оқушылардың жұмысына тексеру және оқытылатын мәселені меңгерудің соңғы деңгейін анықтау мұғалімге жүктеледі.
2. Нұсқаларды қалыптастырумен қатар компьютер жұмыстарды тексеруді де жүзеге асырады. Мұның екі нұсқасы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда тапсырмалардың дұрыс орындалуы тексеріледі және оқушыға нәтижесіне байланыссыз келесі жоспарланған тапсырмалар ұсынылады. Жұмыс соңында жіберілген қателерге талдама жасалады.
Ал электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол оқушыға өз жолымен көрнекті материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықпен жұмыс жүргізгенімде төмендегідей тиімділіктері байқалды: жедел кері байланыс, анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі, демонстрациялық мысалдар мен модулдер, бақылау (тренажер, тестілеу, өз білімін бақылау)
Ал өзім пән мұғалімі ретінде мынандай ізденістер мен жетістіктерге мүмкіндік алдым: оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік алдым, оқытудың көрнекілігн арттырып оқу материалын саналы игеруіне ықпал еттім, уақытты ұтып, оқушының есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге, оқу материалының сапалылығын арттыруға қол жеткіздім, оқушылармен пікір – алмасуға, білімді жеңіл игертуге, өз еңбегімді жеңілдетуге жол тапқанымды байқадым.
Сондай- ақ келешекте дайындалатын электрондық оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керектігін айта кетейін. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек. Сонымен қоса электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тесттер қамтылуы керек. Тест сұрақтарында бүкіл материалдар қамтылып, жауап алғанда сұрақтар кездейсоқ ретте берілсе, жауап беретін уақыт шектеулі болса. Әр оқытушы интерактивті тақтамен жұмыс жүргізуді толығымен меңгеруі қажет. Интерактивті тақта- сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін мүмкіндік туғызатын басты құрал. Мұғалімдерге де жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көрнекі құрал деп тануға болады.
Мен өз сабақтарымда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл тақта арқылы оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетіседі. Сөйтіп интерактивті тақтаны жүйелі тиімді пайдалану оқу сапасының артуына ықпалын тигізеді. Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп оқушылардың материалдарды жақсы түсінулеріне жетелейді.
Сонымен қоса талдау жүргізуді басқара отырып пән мұғалімі оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауына жол сілтейді. Осыны басшылыққа ала отырып мен барлық оқушылардың интерактивтік тақтаға назарын аудартып, алдын ала дайындалған материалдарды жеңіл түсінулеріне ықпал жасай алдым.
Енді бір назар аудартатын мәселе информатика және физика пәндерін оқытуда кез келген сабақ- оқу үрдісінің бір бөлігі екенін ескере отырып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыру керек. Оқу процесінде оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастырамыз. Сабақ беру барысында компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып, бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамымен бірге интернеттен ақпарат іздеуді меңгеру машықтығы көрінеді. Интернеттен кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға және оны оңайлықпен қолдануға, сонымен қатар мұғалім мен оқушының арасында ақпаратты қарым- қатынас орнатуға кең мүмкіндік береді. Тағы бір айта кететін нәрсе қолданушының ақпаратты алу мүмкіндіктеріне шек жоқ, яғни ол кез келген көлемдегі ақпаратты қабылдап жан- жақты қолдана алады. Сонымен бірге қолданушы желі қорларын түрлі бағыттарда қолдануға мүмкіндік алады, яғни кез келген салада қызықтыратын тақырыпты, не болмаса, бөлімді тереңірек зерттеуге мүмкіндігі болады.
Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың оқушыға берер мынандай тиімділіктері аңғарылды:
 Түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады ;
 Өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
 Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
 Пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
 Ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды ;
 Өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;
 Түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
 Түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді;
Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор , ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс- тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.
Осы тақырыпты қорытындылай келе мынадай ұсыныс жасағым келеді:
1. Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың тиімді мүмкіндіктерін арттыра түсу үшін ауыл мектептерінің техникалық базасын нығайтуға жағдай жасалынса.
2. Осы технологияларды әр пән мұғалімдері сабақтарында қолдану үшін әдістемелік көмектер көрсетіліп, білім жетілдіру курстары көптеп ұйымдастырылса.
Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Баяндама: Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы оқыту – заман талабы
» Баяндама: Ақпараттық технологияны пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
» Баяндама: Ақпараттық технология - нәтижелі білім берудің көзі
» Баяндама: Білім беру үрдісіндегі педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы.
» Баяндама: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту

Іздеп көріңіз:
баяндама Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру туралы доклад казакша на казахском, доклад Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру на казахском языке баяндама скачать бесплатно, скачать доклад на казахском языке, қазақша баяндамалар жинағы казакша, Жаңа ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]