«Дала комиссары» атты оқырман конференциясы


Әліби Тоқжанұлы Жанкелдиннің туғанына 130 жылдық мерекесіне арналады

«Дала комиссары» атты оқырман конференциясы
1 - жүргізуші
Батырдың ісі өлмейді,
Қасақы жауды жерлеген.
Ақынның сөзі өлмейді,
Ақсұңқар құстай желдеген.
Жырлайын досым Әлиді,
Шапқан аттай өрлеген.
Он жеті жасқа жеткенде,
Қияға құлаш сермеген.
Жастайынан жаны ашып,
Ел мақсатын көздеген.
Патша мен бай, бектердің
Қорлығына төзбеген.
2 - жүргізуші
Қиын - қыстау кездерде,
Серік болған сөзбенен.
Міндетімді ақтайын
Тұра тұрсын өзге өлең.
Кешімізді ашып беру үшін сөзді мектебіміздің
директоры Б. Бекзатов ағайға береміз.
1 - жүргізуші
Бастаған күрестерге - жою үшін,
Дүрліккен дүниенің аралығын.
Танытып өз жолының саралығын,
Көтерген езілгеннің талап үнін.
2 - жүргізуші
Түнекті туды жарып Республика,
Қызыл гүлжайнап дала тақырында.
Сол күндер елес қағып алыстағы,
Тізілді толқындай боп таныс шағы.
«Ә. Т. Жанкелдиннің өмірбаяны» баяндама.
1 - жүргізуші
Жалынса да жас Әли
Оқудан бет бұрмады.
Ақылды жан тозар ма?
Ақылсыз жан озар ма?
Түсемін деді ол тәуекел
Ұлы думан базарға.
2 - жүргізуші
Арттағы ағайындар бұза алмады,
Оқуға дені қойған қатал ерді.
Ақыры оқуға ол келіп түсті,
Ақылы айдай болып көгіне ұшты
М. Әлімбаевтың «Әліби Жангелдин» деген
өлеңі оқылады.
1 - оқушы
Оқу, оқу, оқу деп,
Тартты Әли Қазанға.
Күткендей оны арманы,
Күткендей оны жаз алда.
2 - оқушы
Қазанға Әли жүдеп барып түсті,
Жең жалба, етік қисық, жыртық үсті.
Паналап күн көретін жері де жоқ,
3 - оқушы
Кеш қалған ел ішінен ерте туып,
Көп мезгіл құлазыған көңлі суып,
Еміреніп ұлы орыстың оқуына,
Талайды зирек Әли жетті қуып.

bilimdiler.kz/engine.php

Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]