Жарқырап кел, Жаңа жыл!
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру. Балаларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Музыкалық аспаптарда ойнауды меңгерту, ырғақты сезу қабілеттерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауын жетілдіру. Ортада өздерін еркін ұстауға тәрбиелеу.
Жүру барысы: Залдың ортасында жасыл шырша алуан түрлі ойыншықтармен безендірілген. Залға секіріп қоян кіреді.
Қоян: Уа, халайық, жарандар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сендер қандай мерекеге келдіңдер? Балалардың мерекесіне келсеңдер, мен онда балаларды шақырайын. Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Баршамызға көптен бері сағыныш болып жүрген Жаңа жылымыз өзінің сағатын соққалы тұр. Ендеше бүгін шыршалы мерекемізде ән айтып, би билеп Аяз Атамызды қарсы алып сіздерді өнерімізбен қуантамыз. Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып..– дегендей мерекемізді әдемі әнмен ашайық.
Хор «Жаңа жыл»
Балалардың тақпақтары (қазақ тілінде)
Ернар:
Жаңа Жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз
А. Айзере:
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Ернұр:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан,
Аяз Ата оранып
Е. Динара:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Малика: Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса,
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Абылайхан:
Біздің балабақшада
Шырша тойы болады.
Аяз Ата, Ақшақар
Біздермен мәз болады.
Нұрәлі: Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы, біздің шыршамыз көңілсіз тұр ғой. Қане, шырша шамын жағайық, жаңа жыл тойын ашайық.
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (2 - 3 рет қайталанады)
Шырша: Рахмет, сендерге, балалар, шамдарымды жақтыңдар!
Келіңдер, балалар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық, қызық сырлар бар. (сықырлаған қардың дауысы естіледі.)
Қоян. (қорқып) Ой, балалар, мында Аққала келе жатқан сияқты, мен одан қорқамын!
Жүргізуші: Неге қорқасың?
Қоян: «Мен Аққаламен ойнағанда байқамай оның мұрнын жеп қойдым. Енді Аққаладан қорқып тұрмын. Мені көрсе оңдырмайды», - деп жүгіріп шығып кетеді.
Көңілсіз әуенмен залға Аққала кіреді.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар! (көңілсіз)
Мен Аққаламын
Ойын - күлкі әкелдім,
Бақыт, қуаныш сыйлаймын.
Мықты денсаулықпенен
Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Саған не болды? Неге көңілсізсің?
Аққала: Менің әдемі мұрнымды Қоян тартып алып, қашып кетті. Енді не істеймін? Мұрынсыз қалай жүремін? – деп жылайды.
Жүргізуші: Мұңайма, Аққала, саған тек қана Ақшақар көмектесе алады.
Аққала: Олай болса, тездетіп Ақшақарды шақырайық. Әйтпесе, Жаңа жылда мұрынсыз жүрген дұрыс болмас. Қәне, дауыстап Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайықшы. Бәрі дауыстап Аяз Ата мен Ақшақарды шақырады.
Залға Ақшақар кіреді.
Аяз Ата: Амансыңдар ма, ұлдарым! Амансыңдар ма, қыздарым! Немере қызым Ақшақар екеуміз өте алыс жолдан шаршап, шалдығып жеттік.
Ақшақар: Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бір сәлем! (Балалармен амандасады)
Армысыңдар, балалар! Жаңа Жылдарың құтты болсын! Мен сендерді жаңа Жылдарыңмен құттықтап, би билеп, ән салуға келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Ақшақар! Қош келдің мерекеге. Сенің келгеніңе өте қуаныштымыз.
Ақшақар: (жылап тұрған Аққаланы көріп) – Аққала, саған не болды? Жаңа жылда жылағаның дұрыс емес.
Аққала: Қалай жыламаймын, менің әдемі мұрнымды Қоян алып кетті. Мен енді Жаңа жылды мұрынсыз қарсы алғым келмейді.
Жүргізуші: Ақшақар, Аққала, сендер көңілдеріңді түсірмеңдер! Біздің бүлдіршіндеріміз сендерді өнерлерімен тәнті етіп, мерекелік көңіл - күй сыйлайды. Олай болса, «Аяз аталар» биімен балапандарымызды ортаға шақырайық.
«Аяз аталар» биі
Балалардың тақпақтары (орыс тілінде)
Х. Айзере:
Скоро Дед мороз придет,
Всем подарки принесет.
Мы ему стишок расскажем,
Вокруг елочки запляшем.
Мерейлім:
Елочка - красавица
Малышам так нравятся,
Огоньки на ней горят
Бусы, шарики висят!
А. Томирис
Дедушке Морозу
Стих я расскажу,
Свой наряд красивый
Гордо покажу.
Получу за это
Много я конфет.
Для меня подарка
Лучше в мире нет.
Әмірбек:
Дедушке Морозу
Я письмо пишу.
М подарков много
У него прошу.
Аяулым:
Дедушка Мороз - красивый,
Очень добрый, очень милый
Он приходит в каждый дом,
Зажигает елку в нем!
Топтық ән: «Жаңа жыл әні»
Аққала: Ой, бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Бір қуантып тастадыңдар! Енді менің әдемі әуен тыңдағым келеді.
Оркестр «В лесу родилась елочка»
Балалардың тақпақтары (ағылшын тілінде)
Ж. Азиза:
New things to learn,
New friends to meet,
New songs to sing,
In this New Year!
Айдана:
A happy New Year!
The day is so clear,
The snow is so white,
The sky is so bright
Қ. Томирис
Father Frost
Bring many toys
For little girls
For little boys!
Ағила:
New things to see,
New things to hear,
New things to do
In this glad New Year!
Айлин:
I’m a little snowman, look at me.
These are my buttons, 1 2 3.
These are my eyes and this is my nose.
I wear a hat and scarf. Brrr…it’s cold!
Ақшақар: Керемет, қандай өнерлісіңдер, балалар! Ендігі кезекте мен сіңлілерімнің биін көрім келіп тұр. Менің өнерлі сіңлілерім бар ма екен?
«Ақшақар» биі
Аққаламен ойын: «Шеңберде қал»
Ойын шарты: Көңілді әуен ойналады. Балалар Аққаламен бірге билеп жүреді. Әуен тоқтаған кезде Аққала шеңбер ішінде қалады.
Жүргізуші:
Қалып қойдың шеңберде
Жібермейміз ешқайда
Шығармаймыз біз сізді
Ойнағымыз келеді.
Аққала:
Мен тышқан болып өтемін,
Ұшақ болып ұшамын.
Су болып ағамын,
Құс болып ұшамын.
Балалар, босатыңдаршы мені! Не қаласаңдар, соны орындаймын!
Балалар: Біз сізбен бірге билегіміз келеді.
Әуенді қимыл «Четыре шага»
«Қуыршақтар» биі
Жүргізуші: Ақшақар,
Жылда сіздің сыйлығыңыз болушы еді
Балалардың қалтасына
Тәтті кәмпит толушы еді.
Ақшақар: Ия, сыйлықтарым балаларға да, Аққалаға да әзір. Аққала, қане, шыршаның артын қарашы, мүмкін мұрныңды тауып аларсың.
(Аққала шыршаның артынан үлкен сәбізді алып шығады)
Аққала: Алақай! Рахмет, Ақшақар! Енді Жаңа жылды жаңа мұрынмен қарсы алатын болдым, алақай!
Аяз Ата: Ал, балаларым, менің дорбам әдемі сыйлықтарға толы, мен сендерге сыйлық алып келдім.
Ақшақар: Ия, балалар, міне Аяз Ата екеуміз сендердің өнерлеріңе қатты риза болдық, сондықтан сыйлықтар бергіміз келіп тұр. (Дорбаны ашып сыйлықты көрсетеді) Бірақ, балалар, бұл сыйлықтарды топтарыңа барғаннан кейін аласыңдар, жарай ма?
Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аяз ата: Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Тәртіпті бол әрдайым, тілалғыш болу өзіңнен.
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанып жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Ән шырқадық бәріміз.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді,
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді.
Хор: «Шырша әні»
Осымен, Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын! Сау болыңыздар!
Атырау қаласы, "Зейнеп-Амина және балапандар" бөбекжай-балабақшасы
Ересек топ тәрбиешісі: Жумагалиева Мая Куангалиевна
"Жарқырап кел, Жаңа жыл" ертеңгілік
Источник: bilimdiler.kz
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: