"Бөлшектерді біріктіру мен безендіру" 8 сынып (қыздар) үлгілі сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дизайн және технологияМектеп: Қайназар №1 орта мектеп КММ
Күні: 05. 03. 2019жМұғалімнің аты - жөні: Көбейова Тұрсынай 
Сынып: 8 «Ә» (қыздар)Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Бөлшектерді біріктіру мен безендіру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)8. 2. 3. 2. Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау.
Сабақ мақсаттарыБарлығы: Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындайды.
Басым бөлігі: Әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, фетр матадан бұйым дайындайды.
 Кейбірі: Фетр матамен жұмыс жасау барысында, жасайтын бұйымына өзгертулер енгізеді.
Бағалау критерийлеріӘртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындай алады.
Тілдік мақсаттарОқушылар …
  • Ферт мата дегеніміз не?
  • Ферт матаның қандай түрлері болады?
  • Матаны біріктіру, ажырату әдістері дегеніміз не?
  • Фетр матамен қалай жұмыс жасау керек деген сұрақтарға жауап береді.
Пәндік лексика және терминалогия:
  • Фетр, ыстық клей, тоқыма жіп, моншақ, бисер, алқа т. б
Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:
  • Фетр мата дегеніміз........
  • Фетр матамен жұмыс жасау техникасында........
Себебі,...
Құндылықтарды
дарыту
Эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, шығармашылық белсенділігі.
Пәнаралық байланысҚазақстан тарихы, қазақ тілі – жаңа сөздер, терминдер.
 Алдағы білімБөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу
АКТКітап, дәптер, Интерактивті тақта
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған іс - әрекетРесурстар
Сабақтың басы
1. мин)
Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу - Түгендеу - Қажетті құрал - жабдықтарын тексеру
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Орнымызға отырып,
Өз ара көз тастаймыз
Табыс тілеп достарға
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз,- дей отырып сабағымызды бастаймыз.
Үй жұмысын тексеру
Біздің алдыңғы тақырыбымыз қандай болды? (Бөлшектерді пішу. Бөлшектерді өңдеу)
Үй жұмысына қандай тапсырма берілді? Топтасып белгілі бір картинаның сызбасын құрастыру, оның бөлшектерін пішіп, біріктіруге дайындап келу)
Тақырып бойынша дәптерлерін тексеру.
ҚБ: (Ауызша. Мадақтау, мақтау)
Көрнекіліктер: суреттер мен фотосуреттер
Сабақтың ортасы
(30 мин)
Бүгін өтетін сабағымыздың тақырыбы «Бөлшектерді біріктіру мен безендіру»
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Миға шабуыл» әдісін пайдаланып, үй жұмысына берілген бұйымды топтасып біріктіру. Жасаған бұйымына қатысты сұрақ қою:
- Біз қандай материалды пайдаланып, бұйым жасап жатырмыз? Фетр матасынан
- Фетр матасы қандай мата? Фетр –- дегеніміз жануарлардың мата, киіз - шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. немесе талшықтан жасалған маталық емес материал.
- Фетр матаның қандай түрлері бар? Сапасына қарай: жұқа, қалың. Пішініне қарай: А4, А3, метр. Түстіне қарай: әр түрлі түсті т. б
- Бұл бұйым қалай аталады және не үшін? Қазақ даласы, мұнда ұлттық ою - өрнектер бейнеленген. Осынысымен ерекшеленеді.
- Ою - өрнек дегеніміз не? Қазақтың дәстүрлі кестелі бұйымы, салт – дәстүрін бейнелеген алтын қазынасы.
- Ою - өрнектің қанша топқа бөлеміз және қандай? 4 топқа
- Бұйымда қандай ою түрлері бейнелеген? Қошқар мүйіз, гүл тектес, толқын т. б ою - өрнектер бейнеленген.
- Біз фетрдан жасалған бұйымымыздың бөлшектерін не істеп жатырмыз? Біріктіріп
- Бұйымымызды әсем көрінуі үшін не істейміз? Безендіреміз
ҚБ: «Жарайсың», «»Жақсы», «Талпын» стикерлерімен бағалайды.
Сабақтың мақсаты:
Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау.
Фетр –- дегеніміз жануарлардың мата, киіз - шұға бұйымдарын жасауға жарамды және белгілі бір физикалық қасиеттері бар түк. немесе талшықтан жасалған маталық емес материал. Фетра матасын өңдеу технологиясы жүнді өңдеу технологиясымен бірдей болып келеді. Фетраға көбіне синтетикалық маталар көп араластырылады. Фетрадан әр түрлі бұйымдар жасауға болады. Олардан: түйреуіш, алқалар, сырға, жилет, яғни қыздар аксессуарларын жасауға болады. Фетра әр түрлі болады: таза жүннен жасалған, жартылай жүннен, эко фетра, акрилді фетра, жасанды, синтетикалық қоспасы бар фетра.

  Тапсырма №2 «Кім жылдам?» әдісі
Карточкалар таратылады, олар біріктіру әдістерін анықтап жылдам - жылдам жауап береді.
1. Біріктіру әдістері дегеніміз не?
2. Ажырайтын біріктірулер дегеніміз не?
3. Ажырамайтын біріктірулер дегеніміз не?
4. Қандай материалды қалай біріктіру тиімді?
5. Бұл біріктірулер қай салада кеңінен қолданылады?
Дескриптор:
  • Біріктіру түрлерін ажыратады.
  • Біріктіру әдістерін сипаттайды.
ҚБ. әдісі арқылы бірін - бірі бағалайды.
Жұмыс жасамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске тусірейік және сабақ барысында ережені ұстанайық балалар?!
Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік техникасын естеріне түсіріңіз. 
 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік техникасы:
 • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
 • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
 • құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
 • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
 • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
 • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
 • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 
Тапсырма №3Жеке жұмыс.
Әр оқушы тақырыпқа сай фетр матадан әр түрлі алқаның сызбасына қарай отырып, оны фетр матаға түсіреді. Сосын бөлшектерін біріктіріп, безендіріп, бұйымды дайындайды.
Сергіту сәті. Музыка арқылы
Дескриптор
  • Фетр матамен жұмыс жасай алады
  • Ыстық клеймен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Жұмысты талқылау. Жұмысты аяқтап болған соң, жұмысты қалай жасағаны туралы айтып, түсіндіріп береді. Қосымша мына сұрақтарға жауап береді?
1. Жұмыстың қай жері сәтті шықты?
2. Алқа несімен ұнады?
3. Қандай бұйымдардар жасағың келеді?
Слайдтар
Суреттер
Фетр мата, қайшы, жіп, ыстық клей т. б
Карточка, стикер
Тоқыма, фетр мата, қайшы, ине, жіп, кручок т. б
Сабақтың соңы.
(5 мин)
Қорытындылау. Бағалау. Жұмыстарды талдау, салыстыру. Өзара бағалау, өзін - өзі бағалау және - мұғалімнің бағалауы. 
 Кері байланыс. «Интервью» әдісі.
 Осы әдіс бойынша, бір оқушы қалған оқушыларға сұрақ қою арқылы кері байланыс алады.
 Үй тапсырмасы: Бұйымды аяқтау, сәндеу.
Стикерлер 
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғарықандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
(смайликтер, тағыбасқа)
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


  
Саралау әр - түрлі тапсырма бойынша көрсетіледі:Дескрипторлар, бағалау критерийлері бойынша бағалау. Өзін - өзі бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы.Тәжірбиелік жұмыс барысында көзге жаттығулыр қолданылады.
Қауіпсіздік техникасының ережелері:
• жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
• оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
• құрал - саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:.
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 



Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]