Ер Төстік және оның достары


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының мол мұрасымен таныстыру, соның ішіндегі балаға ең жақын аңыз - ертегілер әлемімен табыстыру. Оқушылармен бірге ертегі әлеміне саяхат жасай отырып, талдау мен сараптау жасай білуге үйрету, шығарманың айтар ойын, негізгі мазмұнын түсінуге баулу, қорытынды жасауға бағыттау.
Дамытушылық: Музыкалық ертегі сөзінің мәнін түсіндіру негізінде баланың ертегінің қызғылықты да мәндірек болуы үшін музыканың алатын орнының айту, түсіндіру.
Тәрбиелік: Ел аузында сақталған, ғасырлар тоғысында тозбай жеткен ертегі кейіпкерлерінің бірі -«Ер төстік» ертегісіндегі төстік бейнесі. Бойына бар асыл қасиеттерді жиған ер азамат бейнесін бүгінгі ұрпаққа берері көп. Достық, өзара көмек, ақыл мен парасаттылық, адалдық, адамгершілік, ізеттілік т. б. жақсылыққа жетелейтін нағыз адамның қадір қасиеттерін бала бойына қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сахналау.
Сабақтың типі: жинақтап қайталау сабақтары.
Пайдаланылған көрнекіліктер: интерактивті тақта, СД - Р диск, кеспе қағаздар т. б.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Күй «Ата толғауы»
Дауыс жаттығуы: Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен»
(түрлі дыбыс биіктігінде орындау)
Ән: Ертек - ертек - ерте екен...
Сөзі: халықтікі
Әні: Ж. Назаров.
Ән: Ертек - ертек - ерте екен.....

1. Бар екен де жоқ екен,
Аш екен де тоқ екен.
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен.
Қайырмасы:
Ертек - ертек - ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылдай қызыл екен,
Құйрығы оның ұзын екен.

2. Кел тыңдайық ертегі,
Естіген жан елтеді.
Талай ғажап оқиға,
Қызық сырын шертеді.
Қайырмасы:
Ертек - ертек - ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылдай қызыл екен,
Құйрығы оның ұзын екен.
Автор: - Ерте заманда Ерназар деген байдың Ер Төстік деген баласы болыпты Ер Төстік батыр, ержүрек те батыл болып өседі. Оның жұт кезінде хабарсыз кеткен сегіз ағасы болған екен.
Ер Төстік (ән орындалады)
Ертегінің кейіпкері
Көп қой оның серіктері.
Ең мықтысы сегіз ұлдың -
Ерназардың Ер Төстігі.
Автор:- Ер Төстік ержетіп, хабарсыз кеткен сегіз ағасын іздеуге аттанады. Ол сегіз ағасын тауып алып, ауылға әке - шешесіне қайта оралады.
Ер Төстік ата - анасы және сегіз ағасымен бақытты өмір сүріп жатады. Мұны көре алмаған перінің қызы жалмауыз кемпірге тапсырма береді.

1 - слайд Ж а л м а у ы з суреті
Ер Төстікті қолға түсірмек болады. Ер Төстік өзінің сенімді серігі - тұлпары Шалқұйрық екеуі айла тауып, жалмауыз кемпірден қашып құтылады.

2 - слайд - Ш а л қ ұ й р ы қ суреті
Автор:- Ер Төстік жер астындағы Бапы ханның еліне тап болады. Бапы хан оған шарт қояды. Ер Төстік Бапының көршісі Темірханның еліне аттанады.
3 - слайд Жылан айдаһар суреті
Автор: - Жолда келе жатып Ер Төстік көп достармен танысады. Алдымен танысқан досы - Епті
4 - слайд - Епті суреті
Епті әні.
Шапшаң, жылдам тістері,
Арсиған оның тістері.
Ертегіде бар Епті
Өнерлі де әдепті.
Автор:- Ер Төстік пен Епті екеуі жүріп келеді. Алдынан шаң жұқпас жүйрік Желаяқ шығады.
5 - слайд - Желаяқ суреті
Желаяқ әні.
Дамыл таппай жүгірген,
Айналасын бүлдірген.
Ұшып - қонған Желаяқ
Елдің бәрін күлдірген.
Автор:- Үшеуі жүріп келеді. Алдарынан құлағын жерге төсеп, тың тыңдап жүрген бір адам көрінеді. Ол Саққұлақ еді. Саққұлақ та Ер Төстікке дос болады.

6 - слайд - Саққұлақ суреті
Жер тыңдаған шапқылап,
Құлақтарын тартқылап.
Бәрін естіп жүретін.
Ойнақтаған Саққұлақ.
Автор:- Сөйтіп, төртеу болып жүріп келеді. Алдарынан тауды көтеріп, қайтадан орнына қойып жүрген бір адам кездеседі. Ер Төстік пен Таусоғар достасады.

7 - слайд - Таусоғар суреті.
Таусоғар әні
Тау мен тасты көтерген,
Жер-жаһанды ол кезген.
Қандай алып бар екен
Таусоғарға тең келген
Автор:- Олар бесеу болып келе жатады. Алдарынан бір үлкен көл көрінеді. Кенет көлдің суы көзді ашып - жұмғанша жоқ болып кетеді. Сәлден кейін ұзамай қайта пайда болады. Бұған олар таңғалып қалады. Қараса, Көлтауысыр отыр. Ол да Ер Төстікке дос болады.

8 - слайд - Көлтауысар суреті
Көлтауысыр әні.
Қуанышпен қауышқан
Кісімен тез тіл табысқан.
Өзен - көлдің суларын
Жалғыз өзі тауысқан.
Автор:- Ер Төстіктер өздеріне қарама - қарсы келе жатқан бір адамға жолығады. Бұл жер астының қырағысы Көреген еді. Жетеуі дос болып, сапарын жалғастырады.

9 - слайд - Көреген суреті.
Көреген әні
Жер әлемді төбеден
Көрген біздің Көреген.
Жарқыраған қос көзі
Алысты көрер екен.
Автор:- Жетеуі жеті ай жүріп, Темір хан еліне жетеді.
Темір хан Ер Төстікке өнерлерін көрсетуін сұрайды. Ер Төстік және оның достары барлық өнерлерін көрсетіп, жұртты таңғалдырады.
Таусоғар тауды көшіреді.
Көлтауысар көлді ішіп тауысады.
Көреген ешкім көрмегенді көреді.
Саққұлақ ешкім естімегенді естиді.
Желаяққа жеткен ешкім болмайды.
Ептінің істегенін ешкім байқамайды.
Сөйтіп, Ер Төстік шартты орындап, Бапы ханның еліне қайтады.
Финал:- Ер Төстік жер асты достарымен қоштасып, жер үстіне шықпақ болып, жолға шығады. Жолда Ер Төстік демалғысы келіп, үлкен бәйтерек ағашының жанына тоқтайды. Сәлден кейін шырылдаған балапандардың даусы естіледі Ер Төстік бәйтерек ағашына өрмелеп бара жатқан айдаһарды көріп, найзасымен шауып түсіреді. Балапандар аман қалады. Балапандарының аман - сау қалғанын көріп, Самұрық құс қазақ жерінің тыныштығы мен бақытын қорғаушы болған екен.

Самұрық
Музыкасы: Б. Әлімжан
Өлеңі: Ж. Маханбетова
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ер Төстік достарының көмегімен көп жеңістерге жетті. Музыкада да көмекшілер бар.
Жылдамдық - Желаяқ
Саққұлақ - динамика.
Таусоғар - қатты, ақырын.
Көлтауысар - лига.
Көреген - фермата
Епті - тембр
Ер Төстік - музыкалық бейне.
Олар - жылдамдық, фермата, лига, тембр, ақырын музыка, қатты музыка, динамика, т. б. Мұның бәрін музыканың шығарма мазмұнын, тілін түсіну үшін көмекке келетін достары деуге болады.
Ән: Ертегілер
Үйге тапсырма: Ертегі мазмұнына сәйкес өздеріне ұнаған оқиғаларды суретпен бейнелеу.
«Шынайы дос» туралы эссе.

Ақтөбе қаласы,
№34 орта мектептің музыка пәні мұғалімі
Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна

Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]