Қорқыт ата кітабы


Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Сабақтың мақсаты: Оғыз әдебиеті нұсқалары жайлы мәліметтермен таныстыру. Бұл дәуір әдебиетінің көрнекті нұсқасы «Қорқыт ата кітабы» туралы білімдерін кеңейту. Қорқыттың нақыл сөздеріне талдау жұмыстарын жүргізу негізінде қазақ мақал - мәтелдерімен салыстыру, ұқсастықтарын анықтату. Нақыл сөздерінің тәрбиелік мәнін таныту.
Тәрбиелік маңызына талдау жасата отырып, ел есімінде мәңгілік қалған тарихи тұлғаларды дәріптеуге, үлгі - өнеге алуға шақыру.
Сабақ түрі: дәріс сабағы
С. технологиясы: Қ. Бітібаеваның «Жаңа білімді меңгерту технологиясы»
Сабақ әдісі: мәнерлеп оку, топтық жұмыстар, салыстыру, дәлелдеу
Пәнаралық байланыс. Музыка: Қорқыт күйлері. Тарих.
Қолданылатын әдебиеттер: 1. Қазақ әдебиеті. 8 - сынып. С. Мақпырұлы. Г. Құрманбай. А. Қыраубаева. Алматы «Мектеп» 2004. 2. Қорқыт ата кітабы. Алматы, «Жазушы», 1986, 1994. Аударғандар: Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов.
3. Ә. Марғұлан. Ежелг іжыр - аңыздар. Алматы, «Жазушы» 1985.
4. Бағдарламалар: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті. 8 - 9 сынып. Алматы 2004.
С. барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгендеу, үйге берілген орхон екерткішінің толық нұсқасынның мазмұныны сұрау, қорытындылау.
2. Жырдағы түсініксіз сөздердің мағынасын жатқа сұрау.
3. Өлең құрылысына жасаған талдау жұмыстарын тексеру.
ІІ Жаңа теориялық білім беру.
Ой шақыру. 1. Аңыз дегенді қалай ұғынамыз?
2. Қорқыт ата туралы не білеміз? (оқушылар білімен ортаға салу)
Оқушыларға берілетін қосымша мәліметтер
Аңыз әңгімелер.
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс - әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс - әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады.
Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т. б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.
Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.
Қорқыт бабаға орнатылған ескерткіш
 
Қорқыт (VIII - IX ғғ.) оғыз қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қай (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, анасы жағынан қалың қыпшақ нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қара (Қарақожа) деген кісі болса керек.
Қорқыт оғыз бен қыпшаққа бірдей басалқылық жасаған кемеңгер. «Қорқыт батыр емес, абыз, халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды» дейді В. В. Бартольд. Бұл тұжырымды Қорқыттан жетті дейтін мынандай нақыл сөздер орнықтыра түседі: «Қара есектің басына жүген таққанмен, тұлпар болмас, күңге сары пай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан өнеге алмаған ұл жаман», «Ата даңқын шығары, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейд», «Өтірік сөз өрге баспайды».
Қорқыт ата оғыз қыпшақ ортасындағы саяси әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн жоралғыны, салт дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сырьтқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш қонын, мекен тұрағын, ен таңбасын, ұран ұжымын белгілеп отыратын білгір.
Қорқыт ата туралы айғақтар. «Қорқыт ата кітабы»
Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі XV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан Дрезден нұсқасы, екіншісі тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.
Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді.
Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған - Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады:
- Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр,
- Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,
- Оғыз қаған жыры т. б.
Қорқыт ата кітабында келтірілген жырлардың маңызы
Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата - ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел - жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т. б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы - әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады.
Қорқыттың нақыл сөздері
Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады. Мысалы:
Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;
Ат қиналмай жол шалмас;
Көңілі пасық ерде дәулет болмас;
Қар қаншама қалың жауғанмен - жазға бармас;
Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т. б.
«Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды»,
«Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады»,
Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді»,
«Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді»,
немесе:
«Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді»,
«Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді»,
«Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас»,
«Қара есектің басына жүген таққанмен - тұлпар болмас»...
ӘР ЖОЛЫ ТҰНҒАН ИМАНДЫЛЫҚ
Енді аталған кітаптағы «Қорқыттың нақыл сөздері» атты кіріспесінен тағы біраз мысал келтіріп көрелік:
«... Қорқыт ата тағы не айтқан екен: «Аузымды ашсам, тіліме кәлима келеді.
Аллаға - шексіз құрмет! Алланың досы, дініміздің егесі Мұхаммедке - құрмет!
Сол Мұхаммедтің оңында тұрып дұға оқыған Әбубәкірдің аты өлмесін!...
Құранның бетін ашып, «Ясин» сүресін оқығандарға құрмет!... Сөзі көктен түскен, ретімен тізіліп, тілімізді кәлимаға келтірген Құранға - құрмет!...
Аласа жерге салынған Алланың үйі - Меккеге - құрмет!... Күндердің жақсысы - жұма өлмесін!... Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға - құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рахым етіп, жар болсын!» деген екен Қорқыт ата.
Қорқыт туралы естеліктер
«Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз келген.
.. Оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын істе болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін, билігін Бұлжытпай орындаған», деп жырланған жыр кіріспесінде.
Тайға таңба басқандай келтірілген бұл үзінді Қорқыт атаның тарихи тұлға екендігіне - бұлтартпас дәлел.
Бұл тұжырымды ғалым Әуелбек Қоңыратбаев одан әрі шегелей түседі:
«Қорқыттың нақыл сөздерінде...» «Бұл жырды Қорқыт айтқан»... деп отырады. Сонда Қорқыт әулие емес, оғыздардың үлкен ойшылы, эпос ақыны боп көрінеді. Сонымен бірге Қорқыттың өзін де барлық жырдың бас кейіпкерінің бірі ретінде көрсетеді», дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев.
Біздің ойымызша, демек Қорқыт атаның осы дастандар ауторы ретінде көрсетілуі оның Жаратушы айрықша дарын берген ел перзенті екенін айғақтаса керек.
Осынау тарихи құнды еңбекті зерттеу ісіне академик Әлкей Марғұлан мен филология ғылымдарының докторы Дандай Ысқақов та өлшеусіз үлес қосқан.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ТЕРБЕГЕН ЖЫРЛАР
Мысалы, сол хикаяларда Алатау, Қаратау, Қазығұрт, Қазылық тауы, Көкше теңіз, яғни Балқаш көлі, Арқа белі сияқты жер - су аттары жиі ұшырасады.
Осынау батырлық 12 баянның әрқайсысы дерлік жыр ауторының Аллаға мінажат етіп, Жаратқаннан жарылқау тілеуімен аяқталып отырады.
Мысалы, «Кітаптағы» «Сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас көтеруі...» деп аталатын ең соңғы 12 - ші жырдың соңғы түйінінде былай деп жырланады:
Бұл жиынға Қорқыт атам келіп, қуанышты өлең айтыпты. Дін үшін күрескен сол батырлардың ерлігін жырға қосыпты... Адам өмірі өткінші... Құдай сені өлгеніңше дініңнен айырмасын! Ақ сақалды әкеңнің барған жері жұмақ болсын!... Иманды жүзіңді көрген соң бес ауыз сөзбен дұға оқыдық. Ол дүниеде Мұхаммед саллалаху алейхиуассалам пайғамбар үшін Алла сенің күнәңді жеңіл етсін!»- деген тілекпен соңғы жыр аяқталған екен.
Әрбір батырлық баяны бір немесе бірнеше талдау еңбектерге арқау боларлық бұл «Қорқыт ата кітабы» жинағы біздің ата - бабаларымыздың ұлттық жазба әдебиетімізге қайталанбас қаншама жауһар дүниелерді қосып кеткенін айғақтаса керек.
Қазақ үшін Қорқыт кім?
Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы. Қобызды күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Қобызын серік етіп, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсысы түрік халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізе алған бірден - бір қазақ болып отыр.
Қорқыт атаның күйлері
Қазақ арасында Қорқыт өміріне қатысты аңыз - әңгіменің басым көпшілігі күймен көмкеріліп, күймен сабақтасып отырады. Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңыр», «Тәңір күй», «Қорқыттың елмен қоштасуы», «Ұшардың ұлуы», «Әупбай», «Башпай», « Кілем жайған», Аққу», «Желмая» деп аталатын күйлері күні бүгінге дейін сақталған.
Қорқыт туралы аңыздар
Қорқыт туындыларының әрқайсысының шығу тарихы туралы аңыздар мен қатар, күйдің мазмұнымен, сарынымен үндесіп жататын өлеңдері де бар. Мысалы: "Ұшардың ұлуы" күйіндегі ананың:
Жалғызымнан айрылдым,
Қанатымнан қайрыддым,
Ұшар, ұшар, кә, кә...
- деп баласын жоқтауы,
"Тарғыл танадағы" тананың:
Менің өзім қара едім,
Қарадан туған ала едім.
Туған жерім - Қазалым,
Мына тау болды - ау ажалым,
- деп қиналғаны, "Әуппай" күйіндегі Қорқыттың:
Айналайын балам - ай,
Жас балаңа алаңдай,
Аш болсаң ойыңда,
Аман сақта - ау баланды - ай,
- деп, баласын жүбатқан анаға айткан сөздері күй ойнағанда сарынына қосыла айтылып отырылады. Бұл ежелгі өнердің ерекшелігін, ондағы күй, ән, жыр бірігіп келетін айшықтың бірі болып табылады. Қазіргі кезде, дәстүр бойынша, Қорқыт күйлері саналып жүрген шығармалардың саны 20 - ға жуық. Аты аңызға айналған күй атасы Қорқыттың мұрасын халқымыз ғасырлар бойы қадірлеп - қастерлеп, көзінің қарашығындай сақтап келді. Соның аркасында Қорқыт күйлері біздің заманымызга жарқырай жетіп, бүгінгі бақытты ұрпағымен табысты. Бүгінде ол қобыз музыкасыңдагы бүтіндей бір мектепке айналды, ұлггық музыка мұрамыздың алтын қорына асыл қазына болып қосылған Қорқыт шығармалары осылай өркенді өнеріміздің оресін тагы бір биікке көтерді.
Қазақ халқының төл аспабының бірі - қобызда ойнаушылар қатары бір кезде сиреп кетсе, қазір ұлттық мәдениетімізден қыл қобыз өнері де өз орнын тауып, кайта түрленіп, дамып келеді. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, Әл - Фараби атындағы Шымкент мәдени интитутында, республикамыздың көптеген музыкалық училищелері мен мектептерінде қобыз өнерін сүйетін жастар тәрбиеленуде. Аспаптық музыка мәдениетімізде Қорқыт салған дәстүр бүгінде өз жалғасын тауып, өнер керуенінің қош басында келеді.
"Ұшардың ұлуы". Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын "Ұшар" деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен кайтыс болады. Сол кездегі елдің әдеп - ғұрпы бойынша, елікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жанартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол үшті - күйлі жоқ болып шығады. "Ескі жүртта қалған шығар" - деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай - ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай - сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мүны көрген анасы да: Жалғызымнан айрылдым, Қанатымнан кайрылдым, Үшар, үшар кә, кә... - деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінің айрылған тазы – екеуі қос мүңлық қосылып күніренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі "Ұшардың ұлуы" деп аталады.
"Тарғыл тана". Қорқыт қырық жасқа келгенде оған ажалының жақын екендігі жайлы бір құдірет аян береді. Қорқыт жарық дүниені қимай, адам баласы мәңгілік жасайтын Жерұйық іздемекші болып, Желмаясына мініп жолға шығады. Мұны көрген тәңірі періштелерімен ақылдасып: "Егер бұл адам өлімді ешқашан аузына алмайтын болса, онда мәңгілік өмір сүреді. Жанын олжалағанына тәубе қылса еркіне жіберейік, қанша өмір сүрсе де жүре берсін",- депті. Бүл сөзді естіген желмаяға тіл бітіп: "Егер ешбір дүниеге мойын бұрмай, тек қана өмірді ойласаң, мен сені өлімнен алып шығамын",- деген екен. Бұдан кейін Қорқыттың көңілі жайланып, өлімді ешқашан ойына алмауға тырысады. Бір күні Қорқыт Желмаясымен ел аралап келе жатып, далада мал бағып жүрген жас баланы ұшыратады. Қорқыттан үркіп бір тарғыл тана табыннан бөлініп тура қашыпты. Оны қайтарам деп қуа жөнелген баланың аяғына шөгір кіріп, танаға жете алмай жылап отыра кетеді. Баланы аяған Қорқыт оны өзі кайтармақшы болады. Бірақ қанша қуса да тана жеткізбейді. Әбден ыза болған Қорқыт: "Өлсем де жетемін!" - деп өршелене қуады. Мұны естіген Тәңірі тарғыл тананы тасқа айналдырып жібереді. Денесі тасқа айналып, жаны шығарда танаға тіл бітіп: «Менің өзім қара едім, Қарадан туған ала едім. Туған жерім - Қазалым, Мына тау болды - ау ажалым,- деп ышқынады.
Тананың жарық дүниемен қоштасардағы осы қиналысын көрген Қорқыт сол жерде қобызын қолына алып "Тарғыл тана" күйін шығарған екен. Сыр бойында, Қорқыт бейіті тұрған жерден терістікке қарай жүз шақырымдай жерде "Тарғыл" деп аталатын тау бар. Бұл жаңағы аңызға қатысты тау. Қорқыт қуғанда тас болып қатып қалған тарғыл тана бірте - бірте тауға айналыпты - мыс.
"Әуппай" Бүл күйдің де езіндік сыры бар. Қорқыт қасиетті кілемін төсеп, су бетінде отырғанда Сырдарияның жағасына бала кетерген бір әйел келеді. Өзі арып - ашқан әйелдің емшегінен сүт шықпай, аш бала уанбай жылай береді. Ол дарияның ортасыңда ағып келе жатқан Қорқыттан көмек күткендей телміре қарап, баласын: "Әуппай, әуппай",- деп жұбатып тұрады. Сонда қолынан келер қаукары, жәрдем берер халі жоқ күйші:
Айналайын балам - ай,
Жас балаңа алаңдай.
Аш болсаң да, ойында
Аман сақтау балаңды - ай,-
деп тебіреніп, ананың перзентіне деген ыстық махаббатын мәңгі жасайтын күйінің тілімен сөйлеткен екен.
Практикалық кезең. Оқушылармен орындалатын жұмыстар
І топқа Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйінің шығу тарихын баяндау және Қорқыттың «Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді»,
«Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді»,
«Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас»,
«Қара есектің басына жүген таққанмен - тұлпар болмас»... деген нақыл сөздерінің мағынасын ашу
ІІ топқа «Тарғыл тана» күйінің шығу тарихын баяндау және Қорқыт атаның
«Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;
Көңілі пасық ерде дәулет болмас;
Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді»- деген нақылсөздерінің мағынасына талдау жасату
ІІІ топқа Қорқыттың «Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар. Дәулетсіз ұлың болса, атаның көрі болар. Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас, Ұлатадан көрмейінше, саапр шекпес. Ежелгі дұшпан дос болмас»- деген нақыл сөздерінің мағынасына талдау жасату және «Әуппай» күйінің шығу тарихын баяндату.
5. Қорытынды. Нақыл сөздерінің қазақ мақал - мәтелдерімен ұқсастығы бар ма?
6. Үйге тапсырма. 1. Қорқыт туралы аңыздарды оқу, жинастыру.
2. Қорқыттың нақыл сөздерін жаттау, тақырыптарға бөлу.

Сабақтардың толық нұсқаларын жүктеп алу


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]