Қазақстан суретшілері


Қазақстан суретшілері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан суретшілерінің еңбектерін, қысқаша өмірбаянын, алғаш Қазақстан суретшісі Ә. Қастеев туралы мағлұмат беру. Балалардың өз жерлестерінің өнерлерін мақтан тұтуларына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Әңгіме.
Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: Суретшілер туралы мәліметтер, фотосуреттері. Сурет альбомы, қарындаш бояу, т. б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жоқ балаларды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Қазақстан Республикасына танымал Қазақстан халық суретшілері баршылық.

Әбілхан Қастеев– қазақ бейнелеу өнеріне алғаш жол салған кәсіби суретші. 1904 жылы 1 қаңтарда Талдықорған облысы, Жаркент ауданының Шежін ауылында дүниеге келген. 1929 - 1931 жылдары Н. Г. Хмудовтың студиясында бейнелеу өнерінің негізін үйренеді.
1930 жылы Москва қаласындағы мұражайларымен танысады, 1937 жылы Қазақ ССР - інің халық суретшісі атағын алды.
Танымал туындылары
«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
Марапаттары мен лауазымы
"Қазан төңкерісі" орденімен, "Еңбек Қызыл Ту" орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942).
Қазақ КСР халық суретшісі (1944).
Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР - нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшін

Әубәкір Ысмайылов – 1910 жылы Қарағанды облысы, Тельман ауданында дүниеге келген. 1932 жылы Москвадағы жоғары техникалық көркемсурет шеберханасын, 1938 жылы Театр өнері институтын бітірген. 1933 жылы КСРО суретшілер одағының мүшесі болды. «Қарағанды шахтасы», «Тың игеру», «Хантәңірі», «Абай достарымен бірге», «Исатай Махамбет»т. б. толып жатқан шығармалары елге танымал.
Жан - жақты талантты Әубәкір Ысмайыловтың – актерлық және орындаушылық әрі күйші - домбырашылық шеберліктері мұрағаттарда, киноқұжаттарда сақталған сонымен қатар отандық киноларға да түскен: Ш. Аймановтың «Тақиялы періште», Олжас Сүлейменовтың «Көгілдір маршрут», С. Ходжиковтың «Қыз Жібек», Азербайжан Мамбетовтың «Бір күні және мәңгібақи». Әубәкір Ысмайыловтың киномен алғашқы таныстығы соғыс жылдары басталды, сол кезде ол режиссер Сергей Эйзенштейннің «Иван Грозный» филімінде ассисент болып жұмыс жасап жүрген болатын, сонымен қатар танымал кеңес фильмдері «Шошқа қора және бақташы» және «Өмірге жолдама» фильмдеріне түскен, бұған дәлел ресей киноматография мұрағатындағы материалдар.

Айша Ғалымбаева 1917 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы Есік ауылында дүниеге келген. Алматының көркемсурет училищесінде (1943) және Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография иниститутында (1949) оқыған. Айша Ғалымбаева «Махаббат туралы аңыз», «Өжет қыз», Шоқан Уәлиханов жөнінде «Оның заманы әлі алда», «Бұл Шұғылада болған еді» дейтін фильмдердің қоюшы суретшісі. «Қазақтың халық киімдері» (1958) альбомының авторы. Республикалық, Одақтық және Халықаралық көптеген көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Қазақстан, ТМД және әлемнің көптеген елдеріндегі жеке коллекцияларға қойылған.

Айша Ғарифқызы Ғалымбаева, Қазақстанның халық суретшісі, ҚР Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл ту» ордендерінің иегері. Оның есімі Республиканың құрметті Алтын кітабына жазылған. Қазақстан өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Тарлан» сыйлығын алған.

Қазақ өнерінің тарихына Айша Ғалымбаеваның шығармашылық өмірбаяны шын мәнінде алтын әріппен жазылған! Ол тарихтың қай бетін ашсаңыз да, алдыңыздан Айша Ғарифқызы сомдаған тамаша образдар шығады.

Айша Ғарифқызы жарық дүниеге келісімен - ақ айы оңынан туған адам. Оның туған ауылы Алатаудың бөктеріндегі табиғаты таңқалардай тамаша жерде. Киіз үйдің ішіндегі алуан түске боялған ою өрнектің, бір - біріне ғажап жарасым тапқан әр бұйым, әр заттың өзі жаныңды жып - жылы нұр шуағымен жылытқан сұлулық әлемінің тұтас бір әлеми кеңістігі тәрізді. Ісмер әже Айшаға жас күнінен өз қолынан келгеннің бәрін үйретті. Тұнып тұрған табиғат тамашасы мен жылы ұяның сұлу ырғақ, әсем бояуы бірте - бірте болашақ суретшінің жан дүниесін мөп - мөлдір, тұтас бір тұнығымен баурап алды. Одан соң бұл ғажайып дүние, сиқырлы сурет оның полотноларында бейнелі көрініс тапты. «Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай, біздің мирас еткендеріміздің бәрі таңдаулы туындылар.

Молдахмет Сыздықұлы Кенбаев (25. 7. 1925 жыл, Қостанай облысы Амангелді ауданы Сартол ауылы – 18. 5. 1993 жыл, Алматы) – алғашқы қазақ кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, Қазақстанның халық суретшісі
1985; 1963 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1931 – 41 ж. Алматыдағы балалар үйінде тәрбиеленді.
Алматы көркемсурет училищесін (1948) бітірді.
Мәскеу көркемсурет институтын (1956) бітірген.
1956 – 59 ж. Қазақстан Көркемсурет қоры басқармасының төрағасы.
1968 – 74 ж. Қазақстан Суретшілер одағының кескіндеме секциясының төрағасы болды.

Шығармашылығы
Кенбаевтың шығарм. жұмысы 20 ғ-дың 50-жылдарынан басталады.
“Әліби Жангелдиннің отряды”
“Шопан әні” (1956)
“Әңгіме үстінде” (1957) сияқты туған жер тарихынан сыр шерткен алғашқы туындыларынан-ақ суретші есімі қалың көпшілікке кең танылды.
“Киіз басу” (1958)
“Сабан той”
“Тұскиіз” триптихы (1960)
“Қашағанды қуу” (1961), т.б. еңбектері ұлттық кескіндеме өнерін дамытты.
Пейзаждық картиналары:

“Алматының төңірегі” (1958)
“Суат басында”
“Қыстауда” (1966)
“Тау бөктерінде” (1967)
“Жайлаудағы таң” (1975)
“Бурят әйелі” (1956)
“Суретші әйел портреті” (1957)
“Мұхтар Әуезов” (1977)
“әл-Фараби” (1980), т.б. портреттері

Молдахмет Кенбаев, Қанапия Тельжанов, Хакімжан Наурызбаев, Сабыр Мәмбеев, Сахи Романов, т. б. көптеген Қазақстан суретшілерінің еңбектері тек еліміз ғана емес шет елдерде де танымал.

Тапсырма: Халық суретшілері жайлы әңгімелеу.
Сабақты қорытындылау: Сұрақ - жауаптар
Қазақстанның ең тұңғыш суретшісі атанған кім?
Тағы қандай суретшілерді білеміз?
Суретшілер шығармалары қандай әсер қалдырды?
Үйге тапсырма: Қазақстан суретшілері турала мазмұндама немесе реферат жазу.
Оқушыларды бағалау.


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]