Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері


Ақтөбе облыстық білім басқармасы
Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы
«Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері»
Химия пәнінен оқушыларға, жас мұғалімдерге арналған әдістемелік көмекші құрал
Құрастырған:
А. Х. Мунайтбасова Қ. Жұбанов атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Пікір жазғандар:
Г. К. Мукеева - Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының бөлім меңгерушісі
Б. Б. Досанова – Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің химия және химиялық технология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Кіріспе
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Химия пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – оқушылардың химиялық білім негіздерін толық түсіну мен меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін дамыту. Химия пәнін оқып – үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орындаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Есеп шығару – оқушыларды химиялық ой – өрісін дамытудың негізгі құралдарының бірі, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырудың жолы.
Есеп шығару оқушыларды жаңа химиялық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен дағдыларын жүйелеуге және нақтылауға да көмектеседі. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Химиялық есептер:
1. Жаңа химиялық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету;
2. Сарамандық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
3. Білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру;
4. Проблема қою, проблемалық жағдай туғызу;
5. Материалды пысықтау, қорытындылау және қайталау;
6. Политехникалық ұстанымдарын іске асыру;
7. Оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін қолданылады;
Есеп шығару химия пәнің меңгеруде үлкен орын алады, себебі ол кезде оқушы өзінің алған теориялық білімін практикада қолданып үйренеді. Қажет болған жағдайда анықтамаларды пайдаланып оқулықтардан теориялық материалды қайталайды, есеп шығаруға қажетті мәліметтерді еске түсіреді.
Есеп шығарып үйренудің негізгі 2 жолы бар. Есеп шығаруды мұғалім үйретеді, немесе арнайы оқу құралдарының көмегімен оқушы өз бетімен үйренеді. Химия пәніне бөлінген апталық 2 сағаттың ішінде мұғалім теориямен қатар есеп шығаруды үйретуі тиіс. Ал сабақтан тыс уақытта химияға қызығатын оқушылар өз бетімен есеп шығарып, үйренуі үшін қазақ тілінде шыққан арнайы оқу құралдары мен есептер жинақтары керек. Әзірше ондай оқу құралдары жоқтың қасы. Осы орайда, бұл әдістемелік құрал химия есептерін өз бетімен шығарып үйренгісі келетін оқушыларға және ұстаздық қызметтерін жаңадан бастап жатқан жас мамандарға пайдасын тигізетін шығар деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл әдістемелік оқу құралы «Химия мен биология» мамандықтары бойынша оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне мектептерде өтетін педогогикалық практика кезінде көмектесе алады.
Химия есептерін шығаруға арналған курс жүргізуде қолданбалы көмекші құрал бола алады деп сенемін.
1
І Химиялық есептерді шығарудың жалпы әдістемелік талаптары
Химиядан есеп шығару, жаттығу орындауда химиялық ұғымдар қайталанып, алынған білімдер тереңдей түседі, оқушылардың ой – өрісі дамиды, бұл орайда оларды өз бетімен жұмыс істеуге итермелейді. Есеп шығару арқылы оқушылар еңбекке үйренеді, жауапкершілік артады, мақсатқа жету үшін табандылық пайда болады. Есеп шығаруда пәнаралық байланыста іске асады, ғылым мен білімнің өмірдің байланысын ұштастырады. Табиғаттың тұтастығы туралы көзқарас қалыптасады. Есеп шығаруда оқушылардың ой әрекеті мен іс әрекеті дамиды. Олар ойға тоқу, дәлелдеу, талдау сияқты ойлау элементтерін үйренеді. Игерген білімдерін болашақта мамандық таңдауда пайдалануға бейімделеді.
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы білім алады.
- Пәнге қызығушылығы артады
- Болашақ мамандық таңдауына жол ашады
Мектеп курсында химиялық есептер негізгі 2 топқа бөлінеді:
1 - сандық есептер
2 - сапалық және сынақ – тәжірибелік (эксперименттік) есептер.
Сандық есептерді 3 – ке топтастыруға болады:
1. Химиялық формула бойынша есептер шығару;
2. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару;
3. Ерітіндіге байланысты есептер шығару;
Әр топтың есептерінің бірнеше түрлері болады.
Бірінші топқа 15 түрлі есеп кіреді:
1. Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау;
2. Күрделі заттың формуласы бойынша ондағы элементтер массаларының қатынастарын есептеу;
3. Қосылыстардағы элементтердің массалық үлесін анықтау;
4. Белгілі заттың массасынан элементтің массасын анықтау;
5. Элементтің массасы арқылы заттың массасын табу;
6. Салыстырмалы тығыздық арқылы газдардың молекулалық формуласын табу;
7. Газдардың салыстырмалы тығыздығын есептеу;
8. Заттың белгілі мөлшері бойынша массасын табу;
9. Заттың белгілі массасына сәйкес зат мөлшерін есептеу;
10. Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі бойынша заттың қарапайым формуласын табу;
11. Газдардың тығыздығы мен элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтау;
12. Газ тәрізді заттың мөлшері бойынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;
13. Газ тәрізді заттың массасы боынша қалыпты жағдайда алатын көлемін есептеу;
14. Жану өнімдерінің массалары мен көлемдері, олардың буларынан салыстырмалы тығыздықтары бойынша заттың молекулалық формуласын табу;
15. Газ тәрізді заттың қалыпты жағдайдағы көлемі бойынша массасын есептеу;
2
Сандық есептерді С. Г. Шаповаленко бойынша мынадай (7) типтерге бөлуге болады:
1 – Моль ұғымы бойынша есептер шығару;
2 – Элементтердің массаларының арақатынасы мен химиялық формула арқылы есептеу;
3 – Зат құрамындағы элементтердің массаларын формуласы арқылы есептеу;
4 – Салыстырмалық тығыздыққа байланысты және газдың көлемі арқылы салыстырмалы молекулалық массасын анықтау
5 – Химиялық теңдеулер арқылы есептеу;
6 – Ертінділерге арналған есептер;
7 – Қарапайым молекулалық формула құрастыру:
Ю. В. Плетнер, В. С. Полосин бойынша сандық есептер 8 типке бөлінеді.
1 - Формула арқылы есептеу
2 - Ертіндіге байланысты есептер
3 - Реакцияға қатысқан газдардың көлемдік қатынасын анықтауға байланысты есептеулер
4 - Заттың салыстырмалы молекулалық массасын табуға байланысты есептер
5 - Реакция өнімінің шығымына байланысты есептер
6 - Реакцияға қатысқан заттың біреуі артық мөлшерде алынған жағдайда заттың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
7 - Қоспаға байланысты есептер
8 - Реакцияға қатысқан газтәрізді заттардың сандық мөлшерін анықтауға байланысты есептер
Сапалық есептер де бірнеше типтерге бөлінеді.
1 - Заттарды алу әдістері
2 - Заттың сапалық құрамын анықтау әдістері
3 - Химиялық заттарды бір - бірінен ажырата білу
4 - Химиялық құбылыстарды бақылау және түсіндіру
5 - Заттарды жеке кластарға жатқыза білу
6 - Берілген мөлшердегі ерітінділерді дайындау
7 - Берілген заттарды қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту

II Химиялық есеп бөлімдері
Есептің мазмұны, яғни химиялық бөлімі және математикалық, яғни есептеу бөлімі болады. Есеп шығарғанда оқушылар есептің химиялық бөліміне көңіл бөлмей бірден математикалық есептеу жағына көңіл бөледі, сондықтан есептер жаттанды шығарылады.
Оқушыларға заттардың сандық құрамымен қоса сапалық құрамы болатынын ескеру керек.
Мысалы: Мына қосылыстардың
5H2O, O2, 2Cu, H2SO4, 3NaOH, CaCO3
сандық, сапалық құрамын анықтаңдар.
Шешуі: Сандық құрамы 5H2O
1. 5 молекула су
2. Қандай элементтен құралған (H, O)
3. Заттың типі ( күрделі)
4. Қосылыс түрі (оксид)
Химиядан сандық және сапалық есептерді шығару үлгілері. жүктеу​​​


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]