Физика пәнін оқыту барысында топтық әдісін қолдану


Физика пәнін оқыту барысында топтық әдісін қолдану
Физика пәнін оқыту барысында топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру
Оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру жас ұрпақтарды өмірге, еңбекке даярлау – міне бұл әрбір оқытушының негізгі міндеті.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту мысалы физикалық диктант, тест тапсырмалары, топпен жұмыс істеу арқылы тірек схемаларды пайдалану, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту т. б. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - өткен материалды қайталап бекіту, жалпылау жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді.
Жалпы өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен білім беретін оқу орындарында - оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып оларды қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл - ой белсенділігін дамыту қажет.
Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдылық белсенділігімен ізденпаздығын арттыруға негізделген оқу - танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілетімен шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыға түсуіне, олардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін арттырып, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде игеруге бірсарындылықтан құтылуға, ұмтылысын, ізденісін арттырудың бірден бір әдісі топпен оқыту.
1. Топқа бөлімді бірнеше әдістермен жүргізуге болады.
А) оқушылардың білім деңгейіне қарай орналастыра білу жақсы және өте жақсы оқитын оқушылар қалғандарына консультант бола алады.
Ә) білім деңгейіне қарай топтау. Өте жақсы меңгергендер, жақсы меңгергендер орташа және нашарлар біртіндеп сатылап көтеріле алады.
Топтау әдістерінің тиімділігі.
1) оқушының бір - біріне жолдастық, достық қарым - қатынастары арта түседі.
2) Бір - біріне бар ынта жігерлерімен көмектесуге, үйретуге болады, үйрете жүріп өзіде үйренеді.
3) топтың жарыстары кезінде, ұйымдастырушылығының қабілеті арта түседі.
4) Бір сабақтың үстінде бірігіп, материалдарды толық қамтуға мүмкіншілік туады.
5) Бағалау жүйесін салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аламыз.
6) Оқушылардың өз бетінше ізденістері туындайды, қосымша оқулықтарын немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
7) Өз білімі мен жолдастарының білімін, саралай білуіне толығырақ мүмкіншілік туады.
Осы мақсатта физика пәнінен сабақ беретін топтарда топпен жұмыс істеп біршама жетістіктерге жетуге болады. Атап айтқанда сөйлеу қабілеттері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп мүмкіндіктерін салып топқа өз үлестерін қосады.
Мысалы. «Тұрақты тоқ заңдары» тақырыбындағы сабақты өткізу тәжірибемнен.
Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін берілген қағазға ақылдаса отырып жазады. Осыдан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды.
I топ. Электр тогына сипаттама жазады.
II топ. Тұрақты токтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазады.
III топ. Өткізгіштерді қосу туралы жазады.
«Кубизм»
Жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде «кубизм» әдісі пайдаланылады.
Әр топтың ортасында кубик тасталады, түскен қырына сәйкес сұрақтар беріледі.
Ой ашар. Оқушының есеп шығару дағдыларын дамыту мақсатында есептер беріледі.
Уақыт ағымына сай мемлекеттік ұстаным білімді ұрпақ өсіру болып саналады. Қашанда озық ой, тың тәжірибе көрсетумен ерекшеленетін Назарбаев зияткерлік мектептерінде физика пәнінен білім беру заманауи сындарлы теорияға негізделген тәсілмен жүзеге асады. Мақсат – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін пән мұғалімдері проблемалық (Problem - based learning) және зерттеу арқылы оқыту (Inquiry Learning) тәсілдерін қолданады. PBL тәсілі оқушының ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушы зерттеу жүргізу арқылы жаңа материалды меңгеріп, тәжірибе жүзінде де білімін дамытады. Әрі жаңа талапқа сай сауатты түрде салиқалы тәжірибе жасауға үйренеді. Бұл Блум таксономиясына сәйкес оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Негізі оқушының еңбегін ба­­ғалау оқыту мен оқудың м­а­ңызды бір бөлігі болып табы­ла­ды. Қалыптастырушы тарау бой­ы­н­ша жиынтық, ішкі, сырт­қы жиынтық бағалауы оқу­шыға оқу мақсаттарына сай белгілі бір дағдыны жүзеге асы­ру­ға, өз білі­мінің қай деңгей­ге кө­те­­ріл­генін анықтауға мүм­кін­­­­дік береді.
Мұ­ға­лім мен оқу­­­­шы ара­сын­дағы бай­ланыс оқу­­шы­ның өзі­не деген се­нім­ін нығай­тады. Оқу барысын­да пікірімен санас­атынына, мәсе­ле­ні шешуде пікірлері есепке алы­натындығына көздерін жет­кі­зеді. Өзіндік білім алу дең­гейін анық­тайды. Бірлесіп тал­қылауға бо­латын сұрақтар ауқымын ке­ңей­ту, оқушының мектеп пен оқу­ға деген жағымды көз­қа­ра­сын қа­лыптастырады. Оқушылардың оқу дағ­ды­ларының дамуына ықпал ету үшін түрлі әдебиеттерден, ға­лам­тор көздерінен шағын мә­тін­дер алынады. Оны талдау арқылы оқу­шылардың ком­муникативтік дағдыларын же­тілдіріп, игерген білімдерін өмір­де қолдануға үйретеміз. Физика­лық құбы­лыс­тар­ды ғылы­ми тілде баяндауға жат­­тық­­­тырамыз.
Мысалы 7 - сы­нып­­та «Физикалық шамалар және өлшем­дер» бөліміндегі «7. 1. 1. 1 фи­зикалық құбылыстар, фи­­зи­ка­лық шамалар және өл­шем бірліктерге мысалдар кел­тіру» оқу мақсаты бойынша қа­­лыптастырушы ба­ға­лау жүр­гізу үшін оқушыларға Жер ту­ра­лы шағын мәтін ұсы­на­­мыз. Оқу­шылар мәтінді оқып, он­­­да­ғы физикалық ша­малар, құ­­бы­лыстар мен ұғымдарды та­­ба­ды. Мысал ретінде қа­лып­тас­­тырушы бағалау ұсынамыз. Ай­талық, Жер – Күн жүйесіндегі Күн­нен әрі қа­рай санағанда үшін­ші ғаламшар адам­­заттың тір­шілік ететін бесігі. Жер эллипстік (собықшалы) орби­та бойымен секундына 29, 765 км жыл­­д­амдықпен 149, 6 млн км орта­ша қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет ай­налып шығады. Оқушылардың білу және тү­сі­ну дағдыларын қалып­тас­ты­­руға бағытталған, құбылыс, зат, дене, физикалық шамалар, өл­шем бірліктері бойынша тү­сінік­терін ажырата білуге ұсын­ған осындай үлгідегі тапсыр­ма­лар тестік тапсырмаларға қа­ра­ған­да, игерген білімдерінің жат­тан­ды болмай, қолданбалы сипатта болуына жақсы мүм­кін­дік береді. Қазіргі заман мектептерінің тү­лектеріне жоғары дәрежедегі құ­зыреттілікке ие болу, өз беті­мен өмір сүру және кәсіби шы­ғар­­­­машылық тұрғыдан дайын бо­­­­лу талабы қатаң қойылады. Сон­­­­­дықтан түлектерге мектеп қа­бы­­рғасында алған дағ­ды­лары кез кел­­ген жағдайда та­бысты болуға кө­­мектесуге қыз­мет етуі тиіс. Зият­­керлік мек­тептер түлектерінің ада­­ми құндылықтары жоғары бо­­лып, өздерін елінің патриоты ре­­тін­де таныта білулері қажет.
Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін өзі дамытуға және шы­ғар­ма­шылыққа ұмтылған, сын тұр­ғысында ойлайтын және про­блемаларды шеше алатын азаматтар. ХХІ ғасырдың жа­һан­дану жағдайында оқу­шы­лар­дың проблемаларды шешу­де, талдамалық, танымдық дағ­ды­ла­рын дамыту, сыни тұрғыда жә­не шығармашылық ойлауын, білім­де­рін өз бетінше үйлестіре білуін жә­не ақпараттық кеңістікте бағ­дар­лануын дамыту маңызды болып табылады. Жоғары сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде шетелдік әріп­тестерімізбен командалық оқы­ту арқылы іске асырамыз. Бұл бізге үш тұғырлы тіл саяса­тын жүргізуге, оқушылардың пән­ді оқытудағы академиялық тіл­ді қолдану дағдыларына, лек­сика - терминологиялық тір­ке­с­терді қолданудағы ке­дер­гі­лер­ді жеңуіне, оқу­шы­лар­дың өзін­дік қабілеттілігінің жоғары дең­гейіне қол жеткізуіне жағдай жа­сауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоғары инте­л­лект өте құнды.
Себебі, жа­һан­дану жағдайында мем­ле­­ке­ті­­міздегі индустрияның, эко­но­миканың алға жылжуы зияткер, шығармашыл адамдардың са­нына байланысты болмақ. Тәу­ел­сіздігіміздің тұғыры биік болып, мемлекетіміздің өркендеуі біз­дің қазіргі шәкірттеріміздің бі­лім дәрежесіне байланысты бо­латыны тағы анық. Сондықтан ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы білім алуына, ғылым жетістіктерін меңгерулеріне өз үлесімізді қоса бермекпіз.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық комуникативтік технологияны пайдалану
» Техника ғылымының саласындағы белгілі тұлғалар
» Қазақша реферат: Педагогика | Білім беруде озық технологияларды пайдалану
» Баяндама: Бастауыш класта оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі
» Баяндама: Заманауи технологияларды сабақта пайдалану жолдары

Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]