Физика пәнін оқыту барысында топтық әдісін қолдану

Физика пәнін оқыту барысында топтық әдіспен оқыту арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып пәнге деген қызығушылығын арттыру
Оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыру, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру жас ұрпақтарды өмірге, еңбекке даярлау – міне бұл әрбір оқытушының негізгі міндеті.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технология әдістерін қолдана отырып оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту мысалы физикалық диктант, тест тапсырмалары, топпен жұмыс істеу арқылы тірек схемаларды пайдалану, логикалық сұрақтар мен есептер шығарту т. б. өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты - өткен материалды қайталап бекіту, жалпылау жүйелеу келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшуге үлкен мүмкіндік береді.
Жалпы өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен білім беретін оқу орындарында - оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып оларды қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл - ой белсенділігін дамыту қажет.
Физиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдылық белсенділігімен ізденпаздығын арттыруға негізделген оқу - танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймай, танымдық қабілетімен шығармашылық ойлау қабілетін дамытады.
Сабақ жүргізу нәтижесінде тәжірибе жинақталып, оқушының білім сапасының молая түсуіне, тәрбиелік санасының толыға түсуіне, олардың пәнге деген қызығушылығының деңгейін арттырып, тынымсыз еңбегінің нәтижесінде игеруге бірсарындылықтан құтылуға, ұмтылысын, ізденісін арттырудың бірден бір әдісі топпен оқыту.
1. Топқа бөлімді бірнеше әдістермен жүргізуге болады.
А) оқушылардың білім деңгейіне қарай орналастыра білу жақсы және өте жақсы оқитын оқушылар қалғандарына консультант бола алады.
Ә) білім деңгейіне қарай топтау. Өте жақсы меңгергендер, жақсы меңгергендер орташа және нашарлар біртіндеп сатылап көтеріле алады.
Топтау әдістерінің тиімділігі.
1) оқушының бір - біріне жолдастық, достық қарым - қатынастары арта түседі.
2) Бір - біріне бар ынта жігерлерімен көмектесуге, үйретуге болады, үйрете жүріп өзіде үйренеді.
3) топтың жарыстары кезінде, ұйымдастырушылығының қабілеті арта түседі.
4) Бір сабақтың үстінде бірігіп, материалдарды толық қамтуға мүмкіншілік туады.
5) Бағалау жүйесін салыстырмалы түрде жүйелі жүргізе аламыз.
6) Оқушылардың өз бетінше ізденістері туындайды, қосымша оқулықтарын немесе өз оқулықтарымен жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыланады.
7) Өз білімі мен жолдастарының білімін, саралай білуіне толығырақ мүмкіншілік туады.
Осы мақсатта физика пәнінен сабақ беретін топтарда топпен жұмыс істеп біршама жетістіктерге жетуге болады. Атап айтқанда сөйлеу қабілеттері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп мүмкіндіктерін салып топқа өз үлестерін қосады.
Мысалы. «Тұрақты тоқ заңдары» тақырыбындағы сабақты өткізу тәжірибемнен.
Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі. Сұрақтар бойынша топтау әдісін пайдаланып, білгендерін берілген қағазға ақылдаса отырып жазады. Осыдан кейін әр топтан бір оқушыдан шығып өз жұмыстарын қорғайды.
I топ. Электр тогына сипаттама жазады.
II топ. Тұрақты токтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазады.
III топ. Өткізгіштерді қосу туралы жазады.
«Кубизм»
Жеке оқушылармен жұмыс жүргізуде «кубизм» әдісі пайдаланылады.
Әр топтың ортасында кубик тасталады, түскен қырына сәйкес сұрақтар беріледі.
Ой ашар. Оқушының есеп шығару дағдыларын дамыту мақсатында есептер беріледі.
Уақыт ағымына сай мемлекеттік ұстаным білімді ұрпақ өсіру болып саналады. Қашанда озық ой, тың тәжірибе көрсетумен ерекшеленетін Назарбаев зияткерлік мектептерінде физика пәнінен білім беру заманауи сындарлы теорияға негізделген тәсілмен жүзеге асады. Мақсат – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін пән мұғалімдері проблемалық (Problem - based learning) және зерттеу арқылы оқыту (Inquiry Learning) тәсілдерін қолданады. PBL тәсілі оқушының ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушы зерттеу жүргізу арқылы жаңа материалды меңгеріп, тәжірибе жүзінде де білімін дамытады. Әрі жаңа талапқа сай сауатты түрде салиқалы тәжірибе жасауға үйренеді. Бұл Блум таксономиясына сәйкес оқушылардың білімді меңгеру дәрежесін 75 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Негізі оқушының еңбегін бағалау оқыту мен оқудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы тарау бойынша жиынтық, ішкі, сыртқы жиынтық бағалауы оқушыға оқу мақсаттарына сай белгілі бір дағдыны жүзеге асыруға, өз білімінің қай деңгейге көтерілгенін анықтауға мүмкіндік береді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс оқушының өзіне деген сенімін нығайтады. Оқу барысында пікірімен санасатынына, мәселені шешуде пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізеді. Өзіндік білім алу деңгейін анықтайды. Бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын кеңейту, оқушының мектеп пен оқуға деген жағымды көзқарасын қалыптастырады. Оқушылардың оқу дағдыларының дамуына ықпал ету үшін түрлі әдебиеттерден, ғаламтор көздерінен шағын мәтіндер алынады. Оны талдау арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіріп, игерген білімдерін өмірде қолдануға үйретеміз. Физикалық құбылыстарды ғылыми тілде баяндауға жаттықтырамыз.
Мысалы 7 - сыныпта «Физикалық шамалар және өлшемдер» бөліміндегі «7. 1. 1. 1 физикалық құбылыстар, физикалық шамалар және өлшем бірліктерге мысалдар келтіру» оқу мақсаты бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізу үшін оқушыларға Жер туралы шағын мәтін ұсынамыз. Оқушылар мәтінді оқып, ондағы физикалық шамалар, құбылыстар мен ұғымдарды табады. Мысал ретінде қалыптастырушы бағалау ұсынамыз. Айталық, Жер – Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (собықшалы) орбита бойымен секундына 29, 765 км жылдамдықпен 149, 6 млн км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оқушылардың білу және түсіну дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, құбылыс, зат, дене, физикалық шамалар, өлшем бірліктері бойынша түсініктерін ажырата білуге ұсынған осындай үлгідегі тапсырмалар тестік тапсырмаларға қарағанда, игерген білімдерінің жаттанды болмай, қолданбалы сипатта болуына жақсы мүмкіндік береді. Қазіргі заман мектептерінің түлектеріне жоғары дәрежедегі құзыреттілікке ие болу, өз бетімен өмір сүру және кәсіби шығармашылық тұрғыдан дайын болу талабы қатаң қойылады. Сондықтан түлектерге мектеп қабырғасында алған дағдылары кез келген жағдайда табысты болуға көмектесуге қызмет етуі тиіс. Зияткерлік мектептер түлектерінің адами құндылықтары жоғары болып, өздерін елінің патриоты ретінде таныта білулері қажет.
Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін өзі дамытуға және шығармашылыққа ұмтылған, сын тұрғысында ойлайтын және проблемаларды шеше алатын азаматтар. ХХІ ғасырдың жаһандану жағдайында оқушылардың проблемаларды шешуде, талдамалық, танымдық дағдыларын дамыту, сыни тұрғыда және шығармашылық ойлауын, білімдерін өз бетінше үйлестіре білуін және ақпараттық кеңістікте бағдарлануын дамыту маңызды болып табылады. Жоғары сыныпта физика пәнін ағылшын тілінде шетелдік әріптестерімізбен командалық оқыту арқылы іске асырамыз. Бұл бізге үш тұғырлы тіл саясатын жүргізуге, оқушылардың пәнді оқытудағы академиялық тілді қолдану дағдыларына, лексика - терминологиялық тіркестерді қолданудағы кедергілерді жеңуіне, оқушылардың өзіндік қабілеттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жоғары интеллект өте құнды.
Себебі, жаһандану жағдайында мемлекетіміздегі индустрияның, экономиканың алға жылжуы зияткер, шығармашыл адамдардың санына байланысты болмақ. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, мемлекетіміздің өркендеуі біздің қазіргі шәкірттеріміздің білім дәрежесіне байланысты болатыны тағы анық. Сондықтан ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы білім алуына, ғылым жетістіктерін меңгерулеріне өз үлесімізді қоса бермекпіз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Ғылыми жұмыс (жоба): Математика | Бастауыш сыныптардағы математика сабағында оқушылардың өзіндік қабілетін дамытуда ақпараттық комуникативтік технологияны пайдалану
» Техника ғылымының саласындағы белгілі тұлғалар
» Қазақша реферат: Педагогика | Білім беруде озық технологияларды пайдалану
» Баяндама: Бастауыш класта оқытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі
» Баяндама: Заманауи технологияларды сабақта пайдалану жолдары

Іздеп көріңіз: