Қатынас ыдыстар


Сабақтың тақырыбыҚатынас ыдыстар
Оқу мақсаттары7. 3. 1. 6 Қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру.
Сабақтың мақсатыБарлық оқушы: Қатынас ыдыстарды біледі
Басым бөлігі: Қатынас ыдыстарды қолдануда мысалдар келтіріп, формуланы түрлендіріп есептер шығаруда түсінеді, қолданады.
Кейбір оқушы: Қатынас ыдыстардың қасиеттері қандай қондырғыларда пайдаланылатынын ажырата алады, деңгейі жоғары есептер шығара алады, өз еркімен эксперименттік тапсырманы орындайды, талдайды.
Бағалау критерийлері1) Қатынас ыдыстарға мысалдар келтіріп, әр түрлі ыдыстардағы сұйықтың еркін беттері бірдей болатынын ажырата алады.
2) Ыдыстағы сұйықтықтардың биіктігі сол сұйықтықтың тығыздықтарына байланысты екенін ажырата алады.
3) Формуланы түрлендіре алып, есептер шығарады.
Тілдік мақсаттарҚатынас ыдыстарға мысал келтіруде оқушылар топтық талқылау арқылы бір - бірімен пікір алмасады, ойларын ортаға салады және диалогке қатысады. 
Құндылықтарға баулаСын тұрғысынан ойлау, іздену қабілеттерін арттыруға баулу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Пәнаралық байланысБиология, математика
Алдыңғы білімҚысымның адам өміріндегі маңыздылығы мен жалпы қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін біледі.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру: Есептер жинағынан номер 574, 638, 578 есептер.
Есептердің жауабы тақтада жазылады. Есеп қате шығарылса дұрыс нұсқасы интербелсенді тақтада көрсетіледі. (4 мин)
Қ/Б: смайлик беру.
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығулар түрлеріРесурстар 
Сабақтың басы
4 мин
Өткен тақырыпты қайталай отырып, видеоролик көрсету (5: 45 - 7: 20). Сонымен осы сабақтық тақырыбы не? Тақырып анықталады. Сабақтың мақсаты айтылады.
Оқушыларды екі жұпқа бөлу (тақырып екі түсті қағазға жазылып, сол бойынша екі топқа бөлінеді).
Видеоролик, проектр, тақта.
Түрлі түсті қағаздар.
Сабақтың ортасы
20 мин
1) "Қос шеңбер".
Тақырыпты екіге бөліп оқушылар оқып шығады. Анықтама және формула дәптерге жазылады. Шеңбер құрып оқушылар тақырыпты бір - бірімен талқылайды.
Қ/Б: смайликтер беру.,,,,
2) "Конверт".
Бірінші шеңбер бір топ, екінші шеңбер екінші топ болып әр оқушылар тақырып бойынша конвертке сұрақтар құрастырып келесі топқа жібереді. Келесі топ жауабын талқылап, тапсырманы орындайды. Конвертті кері қайтарып, жауап тексеріледі. Тапсырманың жауабын сұрақ қоюшы анықтайды. Сұрақтар сапалы қойылуы үшін партаға қатынас ыдыстарға қатысты суреттер қойылады.
3) "Өкіл".
Екі топ болып қатынас ыдыстарға мысалдар келтіреді, топ ішінде талқылайды. Топ ішіндегі бір оқушы қарсы топқа Өкіл болып барады.
Техникада және медицинаға қатысты қатынас ыдыстарға қандай мысал келтіре аласың?- деген сұраққа Өкіл жан - жақты жауап береді. Өкілдің жауабы бойынша топтар бір - бірін бағалайды.
Қ/Б - бағалау парағы.












 
Сергіту сәті
2 мин
Дене қозғалыс жаттығуларыYou Tube
Сабақтың соңы
8 мин
А - деңгей
Бірдей үш ыдысқа деңгейлері бірдей су, спитр және бензин құйылған. Олардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей ме? Себебін түсіндіріңдер.
В - деңгей
Қатынас ыдыстардағы сұйықтың деңгейін анықтау.
Тапсырманы орындау: Суы бар түтіктің біреуін штатив қысқышына бекітіп, екінші түтікті әр түрлі бағытта қозғалту. Су түтіктен төгілмейтіндей етіп абайлап орындау керек. Түтіктегі сұйық деңгейлері қалай орналасатынына назар аудару керек. Дәптерге тәжірибенің суретін салып анализін жазын жазу.
С - деңгей
Цилиндр тәріздес қатынас ыдыстың ішінде суы бар. Қатынас ыдыстың үлкенінің көлденең қимасының кішісінен 4 есе үлкен. Кіші ыдысқа биіктігі 20 см керосин құйылған. Сол кезде ыдыстың үлкен жағындағы су қандай биіктікке көтеріледі? Ал кіші ыдыс ішіндегі суы қаншаға биіктікке төмендейді?
Қ/Б: бағалау парағы.
Есептер шығару жинағы.
Резеңке түтікпен жалғастырылып ішіне су толтырылған екі шыны түтік, штатив.
Есептер шығару жинағы.
Сабақ бойынша рефлексия
4 мин
СӨЗЖҰМБАҚ ШЕШУ.
1. Бүгін қандай ыдыстарға қатысты тақырып өттік?
2. Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым неге тәуелді?
3. Қысым бірлігі?
4. Газдың............. қабырғасына түсірілетін қысым газ молекулаларының пайда болуы?
5. Аудан мен биіктіктің көбейтіндісі нені береді?

Қ









ы







С






ы





м
Сөзұмбақты бірінші шешкен 3 оқушыға смайлик беріледі.
,,,, 
Саралау -
Көпшілік оқушыларға қатынас ыдыстарға мысал келтіруге көмек көрсетіледі. Қатынас ыдыстардағы сұйықтықтың биіктігі бірдей және тығыздығы әр түрлі сұйқтардың биіктігі әр түрлі болатынын есте сақтауға машықтандыру үшін Конверт әдісін қолданып, білімдерін арттырамын. Кейбір оқушыларға күрделілігі жоғары есептер шығаруда бағыт бағдар беремін. 
Бағалау - Сабақтың басында және смайлик арқылы, сабақ барысында бағалау парағы арқылы жүргізіледі. Параққа 1 - 3 балл аралығында балдар қойылады. Соңында қорытынды баға шығарылып оқушы бағаланады.Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау -
Сабақтың ортасынан кейін сергіту сәтінде қимыл қозғалыс жаттығуларын орындау.
Бағалау парағы:
Оқушы аты - жөніүй/тконвертөкілдеңгейлік тапсырмақорытынды баллбаға 
1






2






3






Дескрипторлар 1) Қатынас ыдыстарға қарапайым мысалдар келтіру.
2) Әр түрлі ыдыстардағы сұйықтың еркін беттері бірдей болатынын ажырата алу.
3) Ыдыстағы сұйықтықтардың биіктігі сол сұйықтықтың тығыздықтарына байланысты екенін ажырата алу.
4) Формуланы түрлендіре алып, есептер шығара алу.
12 - 11 - 5 - тік баға
10 - 8 - 4 - тік баға
7 - 6 - 3 - тік баға
5 - тен төмен - 2 - лік















Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]