Аустралия Одағы


Сабақтың тақырыбы: Аустралия Одағы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Аустралия Одағы туралы жалпы мәлімет алу және елдің шаруашылығының ерекшеліктерімен танысу;
2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, берілген тақырып бойынша оқушылардың жан-жақтылығын арттыру;
3) Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа, белсендік көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, экономика, экология
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2) Үй жұмысын сұрау.
І. Аустралияның шеткі мүйістерін жаз.
Батыста – Стип - Поинт
Шығыста – Байрон
Солтүстікте – Иорк
Оңтүстікте – Саут - Ист - Поинт

ІІ. Сөзжұмбақ.
1. Муррейдің ірі саласы. Дарлинг
2. Ұшпайтын құс. Казуар
3. Ең биік нүктесі. Косцюшко.
4. Аустралияның эмблемасындағы құс. Түйеқұс
5. Кеуіп қалған өзен арналары. Крик
6. Жалқау, қалталы аю. Коала
7. Ұлттық парк. Улуру
8. Тасман аралындағы құс. Киви
9. Аустралияның эндемик ағашы. Акация

ІІІ. Аустралияның табиғат зоналарын атап, жаз.
1) Шөлейт және тропиктік шөл зонасы
2) Саванналар және сирек ормандар зонасы
3) Мәңгі жасыл ылғалды ормандар зонасы.

ІV. Бой сергіту.
Төменде берілген нысандарды картадан көрсету.
- Үлкен Тосқауыл Рифі
- Косцюшко тауы
- Виктория шөлі
- Карпентария шығанағы
- Сидней қаласы
- Мельбурн қаласы
- Эйр көлі

V. Мені тап.
Слайдта көрсетілген жануардың атын атап, қандай табиғат зонасында кездесетінін айту.

VІ. Геодиктант. Көп нүктенің орнына сөз қою.
● Материктегі.................. 75% - ы, ал жануарлардың... % - дайы тек қана Аустралияға тән.
●......... аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым.
● Орманда биіктігі 1, 8 метрге жететін, ұшпайтын......... құсы мекендейді.

VІІ. Кім жылдам?
В А Л П И Э К Т - Эвкалипт
Н С А А Н В А - Саванна
Е Г У К У Р Н - Кенгуру
О Ц К О С К Ш Ю - Косцюшко
Х Д А Е И Н - Ехидна
А Л А К О - Коала
Н О Г Д И - Динго
И В И К - Киви
М Э У – Эму

VІІІ. «Бұл не?» Төменде берілген сөздердің қандай нысана екенін, не мағына білдіретінін тауып айту.
Эйр
Муррей
Үлкен Суайрық жотасы
Жаңа Гвинея
Үлкен Тосқауыл Рифі
Динго
Вилли - вилли
Крик
Дарлинг
Эвкалипт
Коала
Налларбор
Куперс - Крик
Суккулент
Равенал
Скрэб

ІХ. Бәйге.
♦ Тропиктік шөл зонасында кездесетін шөлдер түрі.
♦ Оңтүстік жағалаудағы шөл.
♦ Налларбор шөлін кім, қашан ашты?
♦ Суккулентті өсімдіктер қандай өсімдіктер?
♦ “Аустралияның өлі жүрегі” деген не, ол қандай табиғат зонасында?
♦ Аустралия шөлінің Африка шөлдерінен айырмашылығы.
♦ Саванна зонасындағы топырақ түрі.
♦ Ормандар материктің қандай бөлігін алып жатыр?
♦ Тасман аралының жануарлары мен құстары.
♦ Аустралия гондваналық плита құрамында болғанын дәлелдейтін жағдайлар
♦ Эндемик деген не?

Жаңа сабақ:
Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21 млн. адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% - дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%- ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.
Аборигендер бір - бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 - ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.
Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау - кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде
1 - ші орында. Елдің оңтүстік - шығыс және оңтүстік - батыста бидай егіледі. Аборигендер бір - бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 - ден аса тайпалардан құралған. Олар экваторлық қар нәсілдің Аустралиялық тобына жатады. Өңі қара қошқыл, бұйра қара шашты, кең танаулы, қабақтары шығыңқы болып келеді. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг деп аталады. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді.

Бекіту. Тест.
1. Аустралияның халық саны.
1. 19
2. 20
3. 21
2. Халықтың қанша пайызы қалада тұрады?
1. 85
2. 86
3. 86
3Мал шаруашылығынан шаруашылық түрі
2. 1. түйе
2. қой
3. кенгуру
4. Жерінің ауданы бойынша нешінші орында?
1. 4
2. 5
3. 6
5. Аустралия Одағын қандай ел бірлестігіне мүше
1) Ұлыбритания
2) Германия
3) Франция

Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма. Аустралия Одағы.

Георграфия пәні мұғалімі: Анар Даумова


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]