Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы


Ұзақмерзімді жоспар 7-бөлім. Бөліп шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§20. Бөліп шығару жүйесінің гигиенасы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

9.1.5.4 бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру



Барлық оқушылар:


  • Мәтінді оқып, мазмұнын түсінеді, мәтіндегі негізгі ойды бөліп алады.
  • Зәр шығару жүйесінің ауруларын жіктейді.


Оқушылардың басым бөлігі:


  • Бүйрек және зәр шығару ауруларын талдайды.
  • Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларының пайда болу себептерін анықтайды.
  • Бүйрек ауруларының белгісін түсіндіреді.
  • Бүйрек және зәр шығару ауруларының алдын алу шараларын қарастырады.


Кейбір оқушылар:


     Бөліп шығару мүшелерін сақтау үшін салауатты өмір салтын сақтау рөлін бағалайды


Сабақтың құндылығы

«Мәңгілік ел» – зайырлы қоғам және жоғары руханият


Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі терминдердің мәнін ашады.
  • Бүйрек және зәр шығару ауруларын жіктейді, қай мүшенің ауруы екендігін табады.
  • Қабыну аурулары: пиелонефрит, циститтің, бүйрекке тас байланудың пайда болу себептерін талдайды.
  • Ауру белгілерін сипаттайды.
  • –  Аурулардың алдын-алу шараларын қарастырады.
  • Бөліп шығару мүшелерін сақтау үшін салауатты өмір салтын сақтау рөлін бағалайды.


АКТ дағдылары

Сандық білім ресурстарын іздеу, қолдану

https://bilimland.kz/ru


Тілдік мақсат

    бeлгілі бір тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен

жұмыс істеу дағдылары)













 

Негізгі сөздер мен тіркестер:


Пиелонефрит, цистит, уролитиаз


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:


Баспа және тіс жегісі; өрлеме жұқпа, цистит пен пиелонефрит

ауруларының арасындағы байланысты талдаңдар


Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?


Неліктен «С дәруменін» бақылаусыз ұзақ уақыт пайдалануға

болмайды? Түсіндіріңдер.


Жазылым бойынша ұсыныстар:








 


Терминдердің аудармасын дәптерге түсіру.

Пиелонефрит – pyelonephritis Цистит – cystitis

Уролитиаз – urolithiasis


Алдыңғы оқу

«Бүйректің жұмысын бұзатын жағымсыз факторларды тауып, жүйеле»

  1. Ағзаға суық тию, температураның кенеттен өзгеруі (ыстық- суық).
  2. Алкоголды ішімдік пен сыраны қолдану.
  3. Спорт түрлері: бокс пен жүгірумен шұғылдану.
  4. Антибиотиктерді жиі қабылдау.
  5. Созылмалы аурулардың болуы (тіс жегісі, созылмалы тонзиллит, іріңді баспа).
  6. Иммунитеттің төмендеуі.
  7. Жасанды екпенің егілуі.
  8. Өсімдіктекті азықпен қоректену.
  9. Ащы тағамды көп жеу.
  10. Тұзды көп пайдалану.


Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған

жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Ынтымақтастық атмосферасын тудыру:

«Сыныптағы заттар» тренингі

Оқушылар сыныптан кез келген бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, мына төбемдегі шам маған ұқсас екен. Менің де көңіл күйім жарқырап тұр.

Топтарға бөлу. «Геометриялық фигуралар» Оқушылар ромб пен үшбұрыш арқылы «Урологтар», «Гигиенистер» топтарына бөлінеді. Топ ережесін еске түсіреді.

Ортасы

І. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқып төмендегі «Постер» жасау арқылы сұрақтарға жауап береді

1-топ тапсырмасы:

Бүйрек аурулары, оның туу себептерін табыңдар

2-топ тапсырмасы: Бүйрек және зәр шығару ауруларының алдын алу шараларын ұсыныңдар

Дескрипторлар:

  • Мәтінді толық меңгеріп, мәтіндегі негізгі ойды табады.
  • Мәтінді жан-жақты талдайды.
  • Топ ішінде талдауда жаңа ақпараттарымен бөліседі.
  • Постер түсінікті, анық, эстетикалық тұрғыдан көрнекі жасалады.

ІІ. Жұптық жұмыс.

Төмендегі бүйрек ауруларын суретке қарап түсіндір Ауру белгілерін ата.


Пиелонефрит        Сау бүйрек




 

Оқулық



 


Сау қуық       Цистит





Уролитиаз /тас байлау/



Дескрипторлар:

  • Суреттен зәр шығару мүшелерінің ауруларын атайды.
  • Қабыну аурулары пиелонефрит, циститтің, бүйрекке тас байланудың туу себептерін талдайды.
  • Ауру белгілерін сипаттайды.

Сергіту сәті. «Алыптар мен ергежейлілер» ойыны

Оқушылар ортаға шеңбер жасап тұрады. Оқушылар мұғалім алыптар дегенде тұрады, ергежейлілер дегенде отырады. Осылай

отырып-тұру арқылы сергіту жаттығуы орындалады.


Аяқталуы

РАФТ стратегиясы. Р – рөль

А – аудитория Ф – формат

Т – тақырып 1-топ:

Рөл – уролог дәрігер

Аудитория – бүйрек ауруымен ауыратын пациенттер Формат – ескерту

Тақырып – бүйрек ауруларының белгілері

Бүйрек ауруымен ауыратын пациенттерге бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының басты белгілері туралы

ЕСКЕРТПЕ (үлгі):

  • Адамның белі және арқасы ауырады.
  • Қан қысымы көтеріледі.
  • Денесі ісіп кетеді.
  • Әлсіздік, шаршау байқалады.
  • Дәретханаға жиі барады.
  • Зәр жібергенде ауырсынады.
  • Зәрде қан немесе сілемейдің болуы.

2-топ:

Рөль – гигиенист.




 


Аудитория – оқушылар. Формат – жаднама.

Тақырып – бүйрек ауруларының алдын алу.

Бүйрек ауруларының алдын алу үшін оқушыларға арналған.


ЖАДНАМА (үлгі):

  • Тістеріңді үнемі таза ұстаңдар, тіс жегісі болған жағдайда дереу тіс дәрігеріне барыңдар.
  • Мезгілге сай киініңдер.
  • Ағзаны шынықтырыңдар.
  • Ащы тағам жемеңдер.
  • Улы заттардан абай болыңдар.
  • Дәріні дәрігердің кеңесінсіз ішпеңдер.


Дескрипторлар:

  • Рөлдердің шынайы ойналуы.
  • Айтылған түсіндірменің нақты, дәлелді болуы.


Қосымша ақпарат

Пиелонефрит бүйректің ең жиі кездесетін ауру болып табылады, пиелонефрит әсіресе балаларда да жиі кездеееді. Жедел пиелонефрит аяғы ауыр әйелдердің арасында 3–5 процент кездеседі. Еркек адамдардың арасында ол әрбір 100 мың адамға шаққанда 100 адам, ал балаларда 480–560-ында кездеседі

Цистит – қуықтың инфекциялық–қабыну процесі – жиі кездесетін урологиялық аурулардың бірі. Бүйрекке тас байлану (urolіthіasіs), уролитиаз – жиі кездесетін несеп тас ауруының бірі. Бұл ауруды кейде қазақтар тынжытас деп те атайды. Бүйрекке тас байлану адам организмінде минералды тұздар мен су алмасуының және ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, гипофиз, бүйрекүсті безі) қызметінің бұзылуы, бүйрек түтікшелерінің қабынуы, бүйрек пен қуық арасындағы түтіктің тарылуы салдарынан

болады. Көбіне 20 – 50 жас арасында кездеседі.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Қосымша көмек керек оқушылар үшін: Несеп жолына тас байлану ауруының қалай алдын алуға болады? Сипаттама беріңдер. Қабілеті жоғары оқушы:

Эссе « Бөліп шығару мүшелерінің ауруларын болдырмау үшін салауатты өмір салтын сақтау».

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?

Рефлексия. «Өзін өзі талдау» кестесі.






Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Сабақта әртүрлі оқыту стратегиялары, түрлі әдістерді араластырып қолдану
  2. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. Оқушылардың сабақ барысындағы жұмыстарына талдау жасау, тапсырмалардың орындалуын жақсарту үшін не істеу керектігіне мән беру
  2. Оқушылар орындай алмаған тапсырмаларды қайта қарап, өзгеріс енгізу

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге




Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]