Асқорыту жүйесі


Күні:
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы Ас қорыту жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ас қорыту мүшелерінің ерекшеліктерін, маңызын, құрамын, қызметін, құрылысын түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін көрсетіп, адам өміріндегі маңызы туралы білу;
Тәрбиелік: Өз денсаулығына немқұрайлықпен қарамау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға санитарлық гигиеналық талаптарды орындауға тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Топпен амандасу, өрмекші торы әдісі ақылы жаңа тақырыпты пысықтау. 3 топқа бөлу.
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін де,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін де,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін де,
Қарады баршаға.


БілемінБілдімБілгім келеді



Жаңа сабақты игеру.
Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, сілекеймен араласып жұтылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады. Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады.
Жұтқыншақ түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11 - 13см.
Өңеш ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп қабатты эпитилимен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшық ет оқтын - оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады).
Асқазан іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы өңештен, төменгі жағыс аш ішектен басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта орналасқан.
Ішкі қабаты ішкі қабаты қиғаш ортаңғысы сақина тәрізді сыртқысы ұзынан орналасқан. Асқазанның қатпарлы кілегейлі өте ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар.
Аш ішек ұзындығы 5 - 6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады. Аш ішектің асқазаннан басталған жері 25 - 30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін өт қабынан өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады.
Аш ішектің кілегейлі қабырғасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішекті бұлшық ет талшықтары оқтын - оқтын толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген тамақ ішектің ішімен алға жылжиды.
Тоқ ішек ұзындығы 1, 5 - 2м аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендикс) деп аталады. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады. Бұл бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасысыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі - дәрмекті тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.
Тістің құрылысы.
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз қуысынан шығып тұрған бөлігі тіс сауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограммдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%- ы кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т. б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді. Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір - бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.
Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.
Тістің негізгі бөлігін дентин (лат.«dens» - тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70%- ы фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыс - тарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады.
Бүтін әрі сау тістер - адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғак) шағудан және т. б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын сусындарды бірінен соң бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға жәнө т. б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.
Ауыз куысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсакталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, өрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Өлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас, асказанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.
Адамның да тістері басқа сүткоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді.
Ересек адамдарда 28 - 32 тұракты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жаксүйектердегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақсүйектерде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақсүйектердің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны - 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны - 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны - 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір - бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.
Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6 - 9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6 - 7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалар жақсүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұрақты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте - бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне қоректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте - бірте түседі, оның орнына астыңғы жақсүйекте тұрақты тістер шығады. 12 - 14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18 - 20 (одан да кеңірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан, «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде, олардың ақылға ешбір қатысы болмайды.
Тіс гигиенасы.
Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю; содан соң арнайы мәсуекпен тазалау; алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұқият тазалау. Мөсуекпен тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет.
Әрбір адамның жеке басының арнайы мәсуегі болуы тиіс. Оны пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек. Келесі пайдаланарда мәсуектің сабынын жууды естен шығаруға болмайды.
Қазақ халқының көрнекті ғалымы, әрі алғашқы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген. «Аузыңды таза ұста - саң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала. ішкен - жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайьп отыр». Ғалымның бұл даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.
Тісті тазалаудың басты құралы - тіс мәсуегі. Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25 - 30 мм, ені 8 - 12 мм болуы шарт. Жаңа мәсуекті пайдаланудан бұрын сабынмен әрі ыстық сумен жуу керек. Мәсуекті әрбір 2 - 3 айда жаңартып отыру қажет. Тіс пасталарын да дұрыс таңдай білу керек. Мектеп оқушыларына «Ну, погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная», «Апельсиновая», «Олимп» және т. б. пасталар ұсынылады. Тіс кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталарға «Чебурашка», «Фтородент», «Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.
Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон халқының казіргі кездегі игілікті істерінен айқын көруге болады. Соңғы жылдары Жапонияда «тістің саулығы - ұлттық саулығы» деген ұзақ мерзімді «8020» атты шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның мәні 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт: ол үшін алдымен мәсуекті таңдай білуге ерекше мән береді. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау - ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Олай болса, бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың ешбір сөгеттігі бола қоймас.
«Ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі»
МүшеҚұрылыс ерекшеліктеріҚызметі
1. Ауыз қуысы
Асты ұсақтап, сілекеймен шылаулайды, көмірсуларды ыдыратады. Дәм сезеді, асты жұтуға қатысады
2. ЖұтқыншақБұлшық етті, асқорыту мен тыныс алу жолдарының қиылысатын жері, төменгі жағы тарылып, өңешке жалғасады.
3.Бұлшық етті түтік. Ішкі беті шырыш бөліп шығаратын жалпақ эпителий жасушаларымен астарланған, жоғары бөлігі - көлденең жолақты, ал төменгі бөлігі - біріңғай салалы бұлшық еттен тұрады. ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.Астың асқазанға өтуін қамтамасыз етеді.
4. Асқазан
Астың ферменттер мен ас қорыту сөлдерінің әсерінен қорытылуы.
5. Ащы ішекАс қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі: ұлтабар, ашішек және мықынішекке бөлінеді. Сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер және жіңішке өсінділер - ішек бүрлері болады.
6.Пішіні таға тәрізді, оған ұйқы безі мен бауыр өзектері ашылады.Органикалық заттардың бір бөлігін қорытып, сіңіреді, кейбір гормондарды түзеді.
7. Тоқ ішек
Сілекейлі қабықшалары аздаған мөлшерде сөл бөледі.
8. Тік ішекТоқ ішектің жалғасы.
Тақырыпқа қатысты лексика мен терминология:
 Кіреуке
 Дентин,
 Пульпа
 Премоляр кіші азу тістер
 Моляр (үлкен азу тістер)
 Күрек тіс
 Сойдақ тіс
 Ауыз қуысы
 Өңеш, ұлтабар
 Асқазан, ұлтабар
  Аш ішек, тоқ ішек
Тік ішек
Асқорыту бездері
Бауыр, сілекей бездері
  Ұйқы безі
Кеңейтілген тапсырмалар:
1. Адасқан мүшелер: асқорыту мүшерін
ретімен орналастыру.
1. Асқазан
2. Ауыз қуысы
3. Аш ішек
4. Тік ішек
5. Жұтқыншақ
6. Тоқ ішек
2. Биологиялық диктант.
Асқорыту мүшесі _________ басталады. Өңеш ұзындығы ___ см бұлшықетті түтік. ________ aсқорыту жүйесіндегі ең ірі без.
Астың қорытылмаған қалдығы аш ішектен _________ өтеді.
Астың қорытылуы аш ішек пен ________ аяқталады. Аппендикске ас қалдығы және микробтар түскенде __________ пайда болады.
Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және..... болады. Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін... Тістің ішкі қуысы кеуекті... ұлпасымен толтырылған. Асқорыту жүйесі бөлімдерден... тұрады. Асқазанда... процесі жүзеге асады. Астың механикалық өзгерісі …………………. өтеді. Химиялық өзгеріске……………………………………….. ұшырайды. Жұтылу... жүреді. Қорытылу асқазанда... жүреді. Абсорбция немесе сіңірілу... жүреді. Су абсорбциясы... жүреді. Қорытылмаған қалдық.. арқылы шығарылады.
 Үйге тапсырма. Тақырыпты мазмұндау.


Источник: bilimdiler.kz
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]