ҰБТ-ға дайындық

ҰБТ-ға дайындық

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу – оқушылар үшін өте жақсы дайындықты талап ететін маңызды сынақ. ҰБТ – ға түрлі әдістермен дайындалуға болады.

Біріншіден,
әрине, мектептегі жақсы үлгерім тестілеуден өту кезінде сәттіліктің кепілі болар. Егер оқушы орта мектептің барлық курсы барысында жақсы білім деңгейін көрсетсе, әдетте, тестілерде де оның нәтижелері одан күткен нәтижелерден қатты ерекшеленбейді. Алайда, “кілең бес алатындар” ҰБТ – да олардан күткен баллдан әлдеқайда төмен алатын кездер болады. Мұндай жағдайларда тестілеуге психологиялық дайындық өте маңызды, ол туралы төменде айтамыз.

Екіншіден,
әрбір қалада ҰБТ – ға дайындауды ұсынатын көптеген білім беру орталықтары бар.
Сондай – ақ тестілеуге ҰТО филиалдарында сатылатын сынақ тестілеу кітапшаларының көмегімен дайындалуға болады. Сондай-ақ, ҰБТ – ның барлық пәндері бойынша оқу – әдістемелік кешендері шығарылған.
Соңғы уақытта ҰБТ тесттеріне ұқсас тесттері бар түрлі сайттар арқылы интернет көмегімен дайындалу кең етек жаюда. Тестілеуден өтіп, өзінің дайындық деңгейін тексергісі келген адам онлайн – тестілеуден өтеді және нәтижелерін алады.

Сондай – ақ,
оқушының компьютеріне орнатылатын интерактивті тренингтер бар, олардың көмегімен ҰБТ нәтижелерінің мониторингі және тестілеуге дайындық жүргізіледі. Онлайн – тестілеуден айырмашылығы компьютерлік тренингтерде тест тапсырмаларының саны көбірек және ҰБТ ережелерімен дайындалу (мысалы, уақыттық шектеулер) мүмкіндігі бар.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ұлттық Бірыңғай Тестілеу, ҰБТ-ға дайындық, ұбт дайындық жоспары, ұбт дайындық жоспары биология, ұбт дайындық жоспары қазақ тілі, ұбт дайындық жоспары география, ұбт дайындық математика

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]