Балалардың бәрінің Бөпесі бар үйінде Ал мен болсам әлі күн Жүрмін жалғыз күйімде. Қыңқылдадым тәтеме, Бөпе сатып ал дедім. Сосын келіп әкеме Дүкендерге бар дедім.
Жазық дала, таулы өлке, жасыл орман – айналым, Сұлулығын кең өлкемнің – көзбен қарап тоймағам. Қандай ғажап туған жерім, қандай ғажап, мән берсең Сұлулығын табиғаттың – жүрек қалап тоймаған.....