Қазақша тақпақ: Жаз
Сапырған сары қымызын
Барамын жасыл жайлауға.
Қызықтап көркін күн ұзын,
Асыр сап көкте ойнауға.
Барамын жасыл жайлауға.
Қызықтап көркін күн ұзын,
Асыр сап көкте ойнауға.
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін.
Жаз келді жадырап,
Ойын-сауық құратын.
Далаларға,тауларға,
Саяхатқа шығатын.
Ойын-сауық құратын.
Далаларға,тауларға,
Саяхатқа шығатын.
Жаз да келді жадырап,
Құшағыма гүл шоқтарын сыйлаған.
Аспанымда күнім шығып жайнаған,
Жерімізді жасыл кілем бойлаған.
Құшағыма гүл шоқтарын сыйлаған.
Аспанымда күнім шығып жайнаған,
Жерімізді жасыл кілем бойлаған.
Ақтөбе облысы
Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
3 сынып оқушысы: Асан Қайсар Абзалұлы
Бастауыш класс мұғалімі: Сегизбаева Гульбадан Нурлановна
Әйтеке би ауданы
Белқопа орта мектебінің
3 сынып оқушысы: Асан Қайсар Абзалұлы
Бастауыш класс мұғалімі: Сегизбаева Гульбадан Нурлановна
Жаз келіп жадырап,
Балалар ойнайды.
Далада асыр сап,
Ойынға тоймайды.
Көк шығып айнала,
Құлпырып гүлдермен,
Жер жүзі жайнайды,
Құстар кеп сайрайды.
Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы
Жазда жетті асығып
Балаларды қуантып
Жаз келді деп еліміз
Қуанды байтақ жеріміз
Жаз келді деп балалар
Ойындарын қоймайды
Қап-қара боп балалар
Күн ұзағы ойнайды
Жаз келді деп балалар
Бұзықтығын қоймайды
Дүкендерге барып ап
Тәттілерін сұрайды
Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты.
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты.
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Тақпақ: Жаз
» Тақпақ: Жаз
» Қазақша тақпақ: Ауыл
» Тақпақ: Көктем сыры
» Қазақша тақпақ: Көктем
» Тақпақ: Жаз
» Тақпақ: Жаз
» Қазақша тақпақ: Ауыл
» Тақпақ: Көктем сыры
» Қазақша тақпақ: Көктем
Іздеп көріңіз: