Тақпақ: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (мектеп)

Тақпақ: 25 Мамыр - Соңғы қоңырау (мектеп)

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім.
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің.

Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы

Мектебім менің мектебім
Сағынып аңсап жетемін
Мектебім сені күтемін
Сені ойлап өтемін.

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы қып,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.

Мектебім - алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім - жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап менде кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?

Келеді ұстаздықты таңдап алғым
Ұстазым көңілің ақ, пейілің кең,
Дарқандығың шегі жоқ даламен тең
Әр сөзіңмен зердеме өзің құйдың
Қазақтың қасиетті даналығын.
Дамылсыз шарлап, білім ой - арманын
Өзіңнен жақын адам таба алмадым.

Ақ жұлдыздай жарық шашқан түндегі.
Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.
Болашаққа сол жүректен өт алып
Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.

Өлкеміздің айналсын өркеніне,
Сенімдерің айналсын серперіне
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып
Тек сәттілік елімнің ертеңіне.


Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.

Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі,
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,
Қуаныш құшағында бүгін елім.
Балалар аманатын алға тартар,
Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.

Бойларында от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым!

«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «а» класс оқушысы
Сериков Арсен Нуркельдиевич
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна

Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
25 мамыр соңғы қоңырау тақпақ, 25 мамыр соңғы қоңырау өлеңдер, мектеп туралы такпак 1сынып, мектеп ұстаз туралы тақпақтар білім, 25 мамыр сонгы конырау такпак казакша, мектеп туралы такпак, соңғы қоңырауға арналған тақпақтар, мектеп туралы тақпақ, мектеп туралы өлеңдер, такпак, казакша такпак, мектеп туралы олен шумактары, мектеп туралы олен, мектеп туралы өлең, мектеп туралы өлең шумақтары, мектеп туралы өлең жолдары, мектеп туралы тақпақтар, қазақша тақпақ, казакша олен олендер, қазақша өлеңдер өлең, олен, тақпақ, өлең, бастауышпен қоштасу тақпақ, бастауышпен коштасу такпактар такпак, мектеп туралы такпак тақпақ, мектеп туралы тақпақтар такпактар, такпактар мектеп туралы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]