Тақпақ: Кімді сыйлаймын?

Тақпақ: Кімді сыйлаймын?

Серік Тұрғынбекұлы

Ағарған сақалы
Сыйлаймын АТАНЫ.
Көңілі ешқашан
Болмасын қапалы.

Ардақты, саналы,
Сыйлаймын АНАНЫ
Мейірімін шашады
Меруерт жанары.

Еліне бағалы,
Сыйлаймын АҒАНЫ.
Халқына әрдайым
Еңбекпен жағады.

Жоқ ешбір тынымы,
Сыйлаймын ІНІНІ.
Бүлініп қалмасын
Бұлақтың тұнығы.

Осындай жандарға
Асықсам таңданба!
СЫЙЛАСТЫҚ болмаса,
Өмірде мән бар ма?!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сыйлау тақпақ, сыйлау тақпақ балабақша, сыйлау тақпақ 1 сынып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]