Тақпақ: Сергіту сәті жаттығулары (мектепалды дайындық, бастауыш сынып, балабақша)

Тақпақ: Сергіту сәті жаттығулары (мектепалды дайындық, бастауыш сынып, балабақша)


Бала, бала балақан,
Кәне, қайсы алақан.
Саусақтарын әйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Қолыңды сүртші,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы

Ұшып келді бір топ қаз,
Қонған жері, бірақ саз.
Сазды шоқып, тағы шоқып,
Ұшып кетті бір топ қаз.

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

Бетімізге жел соғады,
Тербеледі ағаштар.
Тына қалса қатты жел,
Тоғай биік көрінер.

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.

Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.

Ұшты-ұшты құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшты.

Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.

Біз жазғамбыз, біз жазғамбыз.
Саусақтармыз жолды.
Әрі-бері дем алдырып,
Қайта жазу жазамыз.

Отырып-ақ орныңда
Айдың көлді кешемін
Сен білмесең егерде
Былай ескек есейін.

Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.

Бір, екі, үш
Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз

Жел соқты гу-гу
Жаңбыр жауды тырс-тырс
Жаңбыр басталды
Күн ашылды.

Бір, екі, үш
Жинап алдық күш
Төрт, бес, алты
Біз жазамыз мықты
Дәптерімізді ашайық
Көрсетілген үлгіге,
Әдемі етіп жазайық

Бір, екі,
Тарта шеті.
Үш, төрт,
Ерінбестен бас көтерт
Бес, алты,
Қолын артқа.
Жеті сегіз
Отыр дейміз

Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.

Көкке қарай шығамыз
Шанамызбен
Төмен қарай құлдилап,
Біз сырғанақ тебеміз.

Бақа, бақа балпақ
Басың неге жалпақ
Көзің неге тостақ
Бұтың неге талтақ.

Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек
Айдай толған кезімде,
Би билеймін дөңгелеп.

Қаз қанатын жайды
Аққу мойынын созды
Үйрек келіп қонды

Бір – таңертең тұр
Екі – шынығып бекі
Үш – тазала тіс
Төрт – сабындап жу бет
Бес – сүртін тез
Алты – үйді жина
Жеті – киін енді

Бір, екі, үш –
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты –
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз,он –
Қарлығаш боп қон

Нан қоқымын шашпандар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Бір, екі, үш,
Қане, қанат қағамыз.
Бір, екі, үш,
Қарлығаш боп ұшамыз.
Бір, екі, үш,
Жинап алдық күш.

Соз қолыңды оң жаққа,
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай

Желкілдеген желменен,
Жел егінді тербеген.
Өсірді оны дихандар,
Тамшылаған терменен.

Жаздық, жаздық өзіміз,
Талды әбден көзіміз.
Әуенімен әндердің
Әдемі қимыл жасаймыз.

Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты, қатты жел соқты гу-гу
Жапырақтар қол соқты ду-ду

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.




Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балаларга арналган сергиту жаттыгулары, балаларга арналган сергиту сати скачать, сергіту сәті туралы тақпақтар, сергіту сәті жаттығулары балабақшада, сергиту жаттыгулары балабакша балаларга арналган, сергиту жаттыгулары бастауыш балаларга арналган, сергіту жаттығулары балабақша бастауыш сынып, сергіту сәті видео қазақша скачать, сергіту сәті тақпақтар, сергиту сати жаттыгулар такпак такпактар, утренняя зарядка для детей в стихах на казахском языке, зарядка для детей в стихах на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]