Қазақша тақпақ: Жеті ата мен жеті ұрпақ

Қазақша тақпақ: Жеті ата мен жеті ұрпақ

Жеті ұрпақты білмейміз
Әлі күнге көбіміз.
Және бізге беймәлім
Біздің ата-тегіміз.
Ең алдымен сөз етем,
Бірінші ата – өз әкем.
Екіншісі – атамыз,
Үшіншісі – арғы ата,
Төртіншісі – бабамыз,
Бесіншісі – түп ата.
Қалай тыныш жатамыз,
Маған да, ата, бер бата!
Алтыншысы – тек ата,
Жетіншісі – ұлы ата.

Жеті ұрпақты сөз етсек,
Қателікті түзетсек,
Бірінші ұрпақ – ол бала,
Ұрпағыңды қорлама!
Екіншісі – немере,
Үшіншісі – шөбере,
Төртіншісі – шөпшегің,
Бесіншісі – немене,
Алтыншысы – жүрежат,
Жетіншісі – туажат,
Тұқым солай өседі.
Бірін бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!

Өтепберген Ақыпбекұлы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
такпак, казакша такпак, қазақша тақпақ, казакша олен олендер, қазақша өлеңдер өлең, олен, тақпақ, өлең, Жеті ата мен жеті ұрпақ, Өтепберген Ақыпбекұлы, жети урпак туралы такпак, жети урпак туралы олен шумактары, жети урпак туралы олен, жеті ұрпақ туралы өлең, жеті ұрпақ туралы өлең шумақтары, жеті ұрпақ туралы өлең жолдары, жеті ұрпақ туралы тақпақ, жеті ұрпақ туралы тақпақтар, жети урпак туралы такпактар, жети ата туралы такпак, жети ата туралы олен шумактары, жети ата туралы олен, жети ата туралы такпактар, жеті ата туралы өлең, жеті ата туралы өлең шумақтары, жеті ата туралы өлең жолдары, жеті ата туралы тақпақ, жеті ата туралы тақпақтар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]