Шығармалар

Шығарма: Президенттің халыққа жолдауы - 2018 жыл

Жыл сайын елімізде елбасының кезекті жаңа жолдаулары жолданады. Халық болып қабыл аламыз. БАҚ беттері жарыса жазып, ол туралы түрлі түсіндірме сабақтарын жүргізеді. Бірақ жолдау деген не? Оның мақсаты қандай деген сұрақтарға толыққанды жауап алған емеспіз. Тек жолданған жолдауды талдаймыз. Әр елдің президенті өзінің халқына жолдауды жыл сайын немесе араға жыл салып жолдайды. Жолдау бір тармақтан, не бір бағыттан ғана тұрмайды. Оның бағыты мен бағдары көп. Жолданған жолдауды талқылау арқылы халық арасында елдің сыртқы және ішкі саясаты туралы ақпарат беріледі. Экономикалық-саяи көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады. ТМД елдерінің ішінде....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Гүлдей жайнаған мектеп ауласы

Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпақты өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін сезінуге тазалығын сақтауға қоршаған ортаға мейірімділікпен жанашырылықпен қамқор болуға тәрбиелеу.
Осы бағдарлама аясында мектептебімізде «Жасыл мектеп» бағдарламасы арқылы мектеп іші мен ауласын көгалдандыру, гүл мәдениетін дамыту арқылы оқушыларды табиғатты аялап, қастерлеуге үйрету, жауапкершілікті қалыптастыру міндеті қойылған.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығына орай

Қорықпай соғыстық, бірлесіп тоғыстық.
Дөйлерге бас имей, Осалға болыстық.
Жүрекке жеңістің, Әлі де нұры ыстық,
Шындықтан айнымау, Шынайы дұрыстық.
Мұзафар Әлімбаев

1941 жылдың 22 маусымында фашистік германия әскері Кеңес Одағының тұтқиылдан, соғыс жариаламастан басып кірді. Жау жағының басымдығына қарамастан, шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангерлер-ардагерлерімізді мәңгі жадымызда сақтаудамыз. Миллиондаған қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Солардың қатарында қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова. Қан төкті, жаралы мүгедектер болды, аштыққа да, суыққа да төзді, сөйтіп фошистерді жеңуге ортақ Отанды қорғап қалуға өлшеусіз үлес қосты.
Немістер ол кезде көп нәрсені білмеді. Өз тұсында төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен даңқты бабалардың лайықты ұрпағы қарсы тұрғанын білмеді. Азаттық жолында қаншама қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқының ауыртпалықтардан қабырғасы қайысса да, морт сынбайтының, еңсесі езілсе де, рухы түспейтінің, асылын берсе де, намысын бермейтінің білмеді.ұлттың рухын теңселтіп, адамдардың санасын шайқалтқан дүрбелеңдер қазақ халқының рухани кемелдігін, батырлық тамырының тереңдігін жеріне жеткізе дәлелдеп бере алады. Батырлар туралы естелік бізге отаншылдықты оятатын, намысты қамшылайтын, рухты асқақтататын қырларымен қымбат. Менің ойымша мұндай қасиеттерді қастерлеп, үкілей ұстай алсақ, жеңісті күндеріміз көп болары күмән келтірмейді........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ елі осындай

Тарих. Ең ауыр үкім – тарих үкімі. Арпалысқа толы аласапыран заманда мұқым бір халық ізім-қайым өшіп, қанат-қолтығы кең жұртқа сіңіп, бұлдыр елеске айналған жағдайлар көп. Ол сол халықтың өзін-өзі қорғай білетін қуатының, амал табар айласы мен бірлігінің тұтастығына, рухының беріктігіне байланысты.
Тарих – халық зердесі. Әр халықтың ол үлкен болсын, кіші болсын, өзінің төл тарихы болады. Бірінің тарихы мыңдаған алып томдарға хатталып қалды да, бірінікі «Уақыт» деген қайырымсыз алыптың аяғының астында тапталып, ғасырлар тұңғиығына батып кетті. Мұндай қасіретті кезеңдер жайлы ақиық ақын Мұхтар Шаханов:
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,-деп жырлайды. Ұлттық тарихымызды құдіретті төрт ананың біріне теңейді. Көне түркі даласын мекен еткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен - тәуелсіз елдің жас ұланымын

Тәуелсіздік қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы, қылыштың жүзімен, ата-баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері – осының жемісі.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұгінгі ұрпақ егемендіктің ғасырлар бойғы күрестің, «Елім, жерім» деп қасық қандарын қиып, елі үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.

«Ерлік-ұрпаққа ұран, елге мұра» деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде. Соның бірі жалпылай бірдей мектептерімізде өзін-өзі тану пәні енгізеді. Бұл пәнде біз шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Пәннің ерекшелігі, біз еркіндікті сезіне отырып, жан жақты білім аламыз. Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы-соның айқын көрінісі. Біз, жастар, «Бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып», бір қозғалысқа бірігіп, биік асуларды бағындыруымыз қажет, «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын. Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Қ.Ж. Тоқаев ағамыз бен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ана

Ана жер бетіндегі ең асылда ардақты жан. Мен өз анамды қатты жақсы көремін. Әрбір бала өз анасы үшін жанын беруге дайын, менде солардың қатарындамын. Ана бір қолымен әлемді тербетеді деп бекер айтпаса керек, сол ананы әлдейлеп бесік жырын айтқан дауысын бала жанына және жүрек түпірінде сақтайды. Ақын болмасамда менде аналарға арнап мына өлен жолдарын арнағым келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұстазым

Мен №49 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даялау классының тәрбиеленушісімін. Ұстаз - ерекше тұлға. Әрбір адамның өзінің ұстазы болады. Сол секілді менің ұстазым Құндыз Анатольевна. Мен апайымды мақтан етемін. Болашақта апайым сияқты мұғалім болғым келеді.[attachment=2908:1.docx]......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіске 72 жыл

Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, ата-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке!
(Т. Жароков)
Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне,жетпіс екі жыл толмақ. Отаны үшін қаншама әпкелеріміз бен ағаларымыз жанын қиды. Соғыс деген сөздің өзі қандай суық десеңші. Өйткені, соғыс адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен оқитын класта

Мен Ақтөбе қаласындағы №41 жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «А» класында оқимын. Сүйікті мектебімнің табалдырығын аттағаныма көп болмаса......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Еңселі елімнің ертеңі

Қазақ... Бұл сөздің түп қазығын қазбаласақ сонау ҮІІ-ҮІІІ ғасырларға барып тіреледі. Сол заманда да еркіндікке жаны құмар халық. Ежелден есімі ел аузына еш кетпеген халық. Жаны жамандыққа қас, жақсылыққа бір табан жақын халық. Көңілін тапсаң,сол қазақтан жақсы халық жоқ ғаламда, мейірлене мейманын күтіп құрақ ұшады, ал сатқындықтың суынан дәм татар болса оңдырмай өзіңе әділдікпен дәріс беріп қасына жоламастай етеді. Қымызы мен қымыранын сапырған , қылышымен жауын қайырған бір өр халық.......
Шығармалар
Толық
0 0