Шығармалар

Шығарма: Қорқыт ата нақыл сөздерінің тəрбиелік мəні

Қорқыт атаның кеңестері далалықтардың қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды, олар күні бүгінге дейін халық даналығы шоғырланған мақал мен мәтелдер ретінде қабылданады. Оның қанатты сөзге айналған нақыл сөзі мынадай: «Қар қалың жауса да, көктемге дейін қалмайды, жайқалып өскен көк майса күзге дейін қалмайды. Ескі мақта мата болмас, ескі жауың дос болмас. Сулар тарам-тарам болып, қаншама тасып аққанымен, теңіздерді толтыра алмайды. Менмен, тәкәппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді. Қара есектің басына жүген таққанмен....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік елдің – мәңгілік тіл

Он жетінші қаңтар ― қазақ елінің шежіресіне мәңгі енетін күн. Елбасы Қазақстан халқына жаңа "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" жолдауын жолдаған болатын. Осы жолдаудағы Нұрсұлтан Әбішұлының әрбір сөзі жүрекке жылылық ұялатып қана қоймай, біздің болашаққа деген сенімімізді еселей түсті.
"Қазақстан – 2050 стратегиясы " болашақта бізге жол көрсетер бағытымыз екенін барлық жастар біледі. Жолдауда айтылған барлық бағдарлама біз үшін өте қымбат. Көздеген мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасайтынымыз бізді қатты ойландырады. Бұған жастардың қосар үлесі мол. Бізді қуантатын жағдай ол – халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарғандығы, ол –Елбасымыздың халық жағдайын бірінші орынға қойғандығы. Қазір өрлеу жолында болғандықтан, дамыған 30елдің қатарына кіру бәсекелесі ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен-елімнің ертеңімін

Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, - деп ақын ағамыз Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағанындай мен өзімнің қазақ екендігіме қуанамын. Қазақ деген ұлтымды дархан пейілді, адал ниетті, ақ көңіл, ер жүректі халық деп танимын....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Абылай хан – аңызға айналған тұлға

Биыл Абылай ханның туғанына - 300 жыл! Қанша уақыт өйтсе де, қазақ халқының жадына Абылай хан қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды. Мұхтар Әуезов жазған мына сөздерді дәл қазіргі Тәуелсіздік заманында еске алып отырсақ, артық болмас: «Қазақтың дербес ел болуына, әрі -беріден соң, қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас».......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік- тәу етер жалғыз кием

Біз, Қазақ елі-тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жылдар мен ғасырларға созылған батпан қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткерген елміз. Сол зұлым замандардың шеңгелінен арыстанша алысып, жолбарысша жұлысып өткеніміз ақиқат. Тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар бойы күресіп келген ұлы мұраты еді. «Ұлтым» деп қан алаңда қасқайып тұрып алған кешегі асыл текті, асқақ рухты аға-апаларымыздың шеруінің межесі тәуелсіздік екенін жыл өткен сайын терең түсініп келеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ана

Ана. Осы үш әріпті сөздің мағынасы үлкен. Ана өмірдегі ең асыл адам. Ана барша тіршілік атаулыға нәр беруші. Кім болса да анадан туған. Ақында......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің сүйікті кітабым

Қыркүйек айы болатын. Осыдан бір жыл бұрын мен оқитын мектептің мемориалдық мұражайына саяхат жасағанымыз бар. Ұлы жазушы М.Әуезовтың туған күні қарсаңында өтілетін арнайы сабақ пен түрлі мәдени іс-шаралардың мазмұны қандай әсерлі. Сондай бір кезде мұражайда ілінген суреттер тарихына көз жүгірттім. Ғұлама жазушының біздің Шаянға келіп, бірнеше күн қонақ болғаны, халықпен жүздесіп, өмір түйіткілдерін сезініп,ауданның әлеуметтік тіршілігіне, рухани жағдайына, әсіресе , өнер-білімге көп көңіл бөлгенін білдім. Мектептің атақты жазушы есімімен аталуы да тегін емес екен. Тәрбие көзі білім ошағынан таралатынын айта келіп, ауылдағы ескі мектеп жайын көрген жазушы осы мектептің салынуына мол үлес қосыпты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен – тәуелсіз ел ұланымын

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Мағжан Жұмабаев
Кез-келген адам баласының бойында алдына қойған мақсаты, міндеті болуы шарт. Себебі, адам баласының құндылығы да осында болмақ деп ойлаймын.
Әр адам өзінше ой тербеп, қиял құсы қанат қағып, болашақтан бір жақсылық пен жаңалық күтері сөзсіз. Сонымен қатар болашағын болжағысы келген әрбір қоғам мүшесі өткені мен бүгінін сараптай білуі шарт.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер

Туған жер - ол әрбір адамның кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шырқыраған жан-жануары, шырылдаған кұстары, бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. ”Отаным” деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар.......
Шығармалар
Толық
0 0