Шығармалар

Шығарма: Мәңгілік ел

Осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы-қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Бүгінгі Қазақстан-тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан» тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 22 жылдың ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Желбіре жеңіс жалауы!

9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні. Бұл күн-әділеттің әділетсіздікті жеңген күні. Бұл күн-бүгінгі ұрпақтың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күні. Н.Назарбаев
Ұлы Жеңіс Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдері үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп, соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінін дәлелі.Соғыста қазақстандықтардан жасақталған әскери бөлімде ата-бабаның ежелгі қаһармандық дәстүріне адал бола білді. Сол бір сұрапыл да отты жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тыл қаһармандарының ерлік істері де ешқашан ұмтылмақ емес. Осынау күн-бейбітшілік сүйгіш адамдар асыға күтетін қасиетті күн. Біз майдангерлер алдында және соғыстың ауыр жылдарында тылда жан аямай еңбек етіп, зауыт-фабрикаларды, ұжымдық шаруашылықтарды жеңісті жақындатуға үлес қосқан қажырлы жандар алдында басымызды иеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі-Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге»,-деп айтқан болатын. Уақыт өткен сайын сонау сұрапыл қырқыншы жылдар оқиғасы тарих қойнауына еніп, оған қатысушылар қатары азайып келеді. Ендігі біздің парызымыз-ардагерлерді қамқорлыққа бөлеу........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстанның астанасы – Астана!

Жер бетіндегі барлық адамның туған жеріне деген ыстық ықыласы мен сезімдерін жинаса ғой... Мүмкін ол шалқар мұхиттай болар ма еді, мүмкін ол асқақ Алатаудай болар ма еді?!
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан , туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Мен де Қазақстанымды адал жүрегіммен сүйемін . «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік Қазақ халқы елестейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Төлеген Тәжібаев

Көрнекті мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз, нар тұлғалы азамат Төлеген Тәжібаевтың туғанына биыл 104 жыл толып отыр. Өзі жоқ болса да, оның шоғы әлі басылмаған жарық жұлдыз 1910 жылы қасиетті де, киелі Арыс топырағында дүниеге келді. «Жігітке – жеті өнерде аз» - дегендей Төлеген Тәжібаев сегіз қырлы – бір сырлы кісі болған. Оған дәлел қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының академигі болған. Осындай азаматы бар қазақ елі бақытты. Төлеген Тәжібаевтың балалық шағы қиын қыстау кезеңде өтті, соғыстың зұлмат жылдарында көзінің ағы мен қарасындай ата-анасынан ерте айрылып,......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің атамекенім – Қазақ елі

Атамекен – қазақтың қара топырағы, менің ата - бабамның асылы,
ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы,ең асылы. Атамекен сөзінде үлкен мән бар. Алдымен көз алдымызға «Қазақ елі» елестейді . Кезінде осы Қазақ жері үшін қаншама ата - бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен, қасық қаны тамғанша тер төкті емес пе?! Міне , осы құндылықтарды дәріптеуіміз керек. Оны іске асыратын біз, мына –жастар. Ол үшін қазағымыздың тарихын, рухани мәдениетін,материалдық мәдениетін білуіміз керек.
Алдымен тәуелсіздігімізге көз жүгіртейік.Биыл,міне,қазақ жеріне егемендігіміздің қадам басқанына 23 жыл болып отыр. Осы уақыт аралығында көптеген жетістіктерге жеттік.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ауылым

Иә, әр адамға туып өскен өлкесі әрдайым ыстық. Оның топырағы, жарқыраған күні, соққан желі де тамаша. Қайда барсаң да ауылыңды ансайсың, сағынасын. Сол туып өскен ауылында алғашқы рет ана, әке деп айтуды үйренесін. Мектеп табалдырығын аттайсын. Өзіңе ең жақын досты да сол жерден табасың.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қызықты көктем

Міне тағы да бір көктем келді. Мен көктем мезгілін жақсы көремін. Жердегі қар еріді. Өзеннің мұзы да сеңге айналды. Жылы жаққа кеткен құстардың да......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің белгісі

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алған болатын. Қазіргі кезде тыныш әрі бейбіт өмір сүрудеміз. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің белгісі - мемлекеттік рәміздер халық жүрегінің төрінен орын алуда. Біздің елде өмір сүріп жатқан әр адам мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтып, сыйлайды. Мемлекеттік рәміздерге елтаңба, ту және әнұранымыз жатады.......
Шығармалар
Толық
0 0