Шығармалар

Қазақша шығарма: Ана тілі - жүрек үні

Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс. Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп....
Шығармалар
Толық
227,5 -133,5

Қазақша шығарма: Денсаулық зор байлық

Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей

Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулық
- демекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. "Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз....
Шығармалар
Толық
33,5 -18,5

Қазақша шығарма: Қазақ хандығына 550 жыл


Кіріспе
1. Қазақ хандығының құрылуы

Негізгі бөлім

1. Қазақ хандығының алғашқы басшылары (хандары)
2. Қазақ хандығына 550 жыл!
3. Қазақ хандығынан кейінгі қазіргі Қазақстан

Қорытынды


Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына.....
Шығармалар
Толық
58,5 -31,5

Қазақша шығарма: Менің елім - туған жерім

Оңдасынова Дариға
8 сынып, №6 орта мектеп
Жаңаөзен қаласы

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені....
Шығармалар
Толық
153 -89

Қазақша шығарма: Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы!

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі.
Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты .....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Дос (Достық)

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан....
Шығармалар
Толық
122,5 -71,5

Қазақша шығарма: Жыр алыбы Жамбыл Жабайұлы

Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:

Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім,
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім,
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнында Алатаудың зарды көрдім, –

деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен.....

Шығармалар
Толық
62 -35

Қазақша шығарма: Жылқы - малдың патшасы

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.

Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді....
Шығармалар
Толық
208 -122

Қазақша шығарма: Туады ерлер, ел үшін

Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай....
Шығармалар
Толық
0 0