Шығармалар

Шығарма: Туған ауылым

Менің аулымның табиғаты көркем, тамаша керемет! Мен ауылым туралы айтып жырлағым да, әндеткім де келеді. Мен Ақтобе облысы, Ясный селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен демалып келемін. Ауыл маңында Ақтөбе көлі ағып жатыр. Бос уақытымда......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан


Отан
Отан... Осы сөз тіркесі әр адам үшін жылы, ерекше және жүрекке жағын. Отан әр адамның ішінде түрлі ой тудырады. Ал мен үшін Отан деген не?......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен кімге ұқсағым келеді?

Өзімнің шығармамды тарихта қалған 1986 жылы желтоқсан оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков туралы жазғым келді. Мойынқұм өңірінде, Бірлік селосында шопан отбасында дүниеге келген.

Қайрат ағамыз қайсар рухты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Егерде мен президент болсам

Президент болу дейсізбе? Алаштың ер азаматтары тұрғанда қыз басыммен не айтарымды да білмей тұрмын, дегенмен де өз пікірімді қосайын. Президент болу әрине оңай емес, ол үшін адамның бойында үлкен тіпті дара ойлар мен мақсаттар, табандылық пен шыдамдылық, сарқылмас білім керек. Қиялға біраз еріп көрейін: Мен егер президент болсам ең бірінші жастардың дұрыс қалыптасуына ықпал етер едім, өйткені елдің болашағы жастар. Сапалы да саналы жас жеткіншектерден үлкен тұлға қалыптастыруға көп көңіл берер ем. Неге? Өйткені біз тек қана бүгін бармыз, ал жастар келер ұрпақ, олар біздің ізімізді жалғастырушылар. Ата бабамыздан қалған үлкен асыл байлығымыз. Тәуелсіздігімізді сақтау үшін бізге мықты, саналы, сауатты адамдар керек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Туған жер – тұғырың

Елді сүю, туған жерді сүю – батырға да, ақынға да, қарапайым халыққа да тән қасиет. Кез-келген адам өз ата-анасын, туған жерін, туған тілін, дінін, салт-дәстүрін сүйіп өседі . Бұл қасиет- бізге ананың сүтінен, атаның қанынан өткен қазаққа тән қасиет.
Мен Маңғыстау өңірінде, Жаңаөзен қаласында өмірге келіппін. Кез-келген балаға тән қасиет, әр балаға өз туған жері “керемет”, “ғажап” болып көрінеді. Мағжан ата өз туған жері Сарыарқаны жырға қосып, сүйіспеншілігін білдірсе, мен де өз туған жерім Маңғыстауды шексіз сүйемін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қыс қызығы

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірлі ұғым. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш кернейді. Менің бойымды осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен қайғы, мақтаныш пен қасірет сезімі билейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отаным -алтын бесігім

Әркімнің өзінің туып өскен атамекені, кір жуып, кіндік кескен жері қымбат болып саналады."Отаным" деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын.Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге,көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін.Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып,еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты.Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті.Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып,......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елбасы – ел мақтанышы

1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі.
Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Шығармалар
Толық
0 0