Еліміздің егемендігіне биыл "26 жыл" толды! Осы жылдар ішінде еліміз талай - талай шыңдарды бағындырды. Біз елімізбен мақтанамыз! Ел басымыз айытқандай "Ел болашағы жастарда " демекші еліміздің өркен жайып қанат қағуына бізде зор үлесімізді қосамыз деп "Уәде" береміз!!! Алайда "әттең" деп қап ұратын қоғамда көзге ......
Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Назарбаев Н.А Тәуелсіздіктің жиырма екі жолында Қазақстанның жүріп өткен жолы да «тар жол, тайғақ кешуден» тұрғанын газет - журналдардан оқып, біліп жүрміз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан өзінің мақаласында «Біз «азапты жолдан» өттік , мың өліп, мың тірілдік» - деп атап көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кезең экономика жағдайы, адамдардың рухани дүниесі күйзелісінің ең......
Ұлтық рух пен ұлттық патриотизм- бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті Б.Момышұлы Тәуелсіз еліміздің тарихындағы айтулы күндердің бірі- ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Кеңес халқының 1941-1945 жылдары фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы аталған қасіретте ерлікпен күресіп, қол жеткізген Ұлы Жеңіс мерекесі. Бұл-баршамызға ортақ салтанатты оқиға, бүкіл қазақстандықтардың тарихи сындарлы, қаһарлы, отты жылдардағы майдан мен тылдағы Кеңес халқының тынымсыз еңбегімен, соғыс даласында кеудесін отқа тосқан батыр жауынгерлердің қанымен, Отанды қорғау жолында құрбан болған өрімдей жастармен, баласынан айырылған аналар мен әкелердің, туыстар мен бауырлардың көз жасымен келген қастерлі де қасиетті мереке. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы қарсаңында қандай болсын құрметке лайық соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің саны күн сайын азайып келеді. Республика көлемінде соғыс пен тыл ардагерлеріне әрқашан зор құрмет бөлініп, Отан қорғау жолындағы олардың ерлігі мен қайсарлығы насихатталып, жас буын ұрпаққа үлгі ретінде түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Бұл күнді мәңгілік есте қалдыру мақсатында атап өту- еліміздің тұғырлы тарихы мен қалыпты өркендеуінің, бейбітшілігінің кепілі ретінде тойлануға тиісті мереке. Уақыт жылжып өткен сайын, тарих қойнауындағы дүниені дүр сілкіндірген оқиғалардың түпкілікті мән- жайы, себеп- салдарлары айқындала бермек. Оның кейіпкерлерінің тұлғасы жан- жақты ашылып, тарихи оқиғаның маңызы арта түспек. Бұл, әсіресе, Қазақстан тарихнамасына тән қағида. Зор тарихи маңыз алған осындай тақырыптың бірі – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ жауынгерлері мен тыл еңбекшілерінің бұрын -соңды болмаған халықтық ерлігі. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласының тарихындағы ең сұрапыл соғыс болды. Республикада жасақталған әскери құрамалар екінші дүниежүзілік соғыстың басты майдандарында болып, жеңіс жолында жаумен аянбай шайқасты. Олар Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысып, ерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті......
Өнер адамға туа бітетін өте сирек қасиеттердің бірі. Жасынан қазақ ән-жырына құштар боп өскен азаматтардың бірі – Ғафу Қайырбеков. Қазақтың қай ақынын алсақ та Абайға еліктемей, одан бағдар, нәр алмай өтпеген. Сол сияқты Ғафу ағамыз Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Осы да оның еліктеуіне жол сілтеген, үлгі берген деуге болады. Ресей – әдебиет-мәдениеті ерте дамыған ел қатарында болғандықтан, біздің жанашыр жазушымыз, қазақ халқының мәдениеттілігіне үлес қосу үшін орыс жазушыларының өлеңдерінен аудармалар жасады.......
Иә, перзент-Алланың адам баласына сыйға тартқан періштесі. Қазақ - өз баласын жетіге дейін патшасындай сыйлаған, он беске дейін шаруаға салып жұмсаған, он бестен кейін ең жақын досындай сырласа білген. Жетімін жаутаңдатып көп қолына қаратпаған, жесірін қаңғыртпаған, тастамаған ел едік, қазіргі жайтпен салыстыра отырып, көне, сүрлеуі кеткен дара жолдан адаса бастағанымызға куәлік ету неткен қасірет десеңізші!......
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырларлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. «Отан үшін отқа түс», «Отан үшін жан пида»,- деп ата-апаларымыз елі, жері үшін болашақ ұрпақ үшін соғысқа аттанды. Міне олардың арман-тілектері, мақсат-мүдделері орындалды. Еліміз Жеңістің 71 жылдығын атап өтпекші. Дегенмен, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Әскерлер соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, төзімділікпен шыдады. Асқан ерлік көрсетті. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Мәскеу шайқасында генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза тапты. И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенанты Б.Момышұлы басқарған батальон жауынгерлері ерекше табандылықпен қаһармандық көрсетті. Б.Момышұлы жауынгерлерін үш рет қоршаудан алып шықты. Бауыржан ерлігі үшін бірнеше орден,медальдармен награтталды......
Менің анам бар. Оның аты – Қалығыз. Анам мені ақ сүт беріп әлдилеп өсірді. Қазақта сөз бар «Анаңды қанша рет Меккеге апарсаң да, оның ақ сүтін өтей......
Астана қаласында 2017 жылдың жазы, мен үшін естен кетпестей ерекше өтті. Экспо - әлемдік деңгейде болып жатқан көрме қанша жылдардан кейін біздің еліміздің бас қаласынан орын алған. Экспо 2017- бізге берер атақ даңқы мол. Еліміз осы ЭКПО-ның арқасында жарқыраған күйіне......
Шұғыласынан нұр шашып, өз жылуымен жыл басы Наурыз да келді. Қос етек көйлектері желбіреп, үкілері үлбіреп, шашбаулары сылдырап, басқан іздері білінбей, белдерін қынай байлап, қазақ киімін киген менің сыныптастарым Наурыз мерекесіне дайындалуда. Қарағанда көз тоятын мұндай әдемі ұлттық киімге бай сән өнері, күмбірлеген күй өнері, әуелеген ән өнері, таң қалдырған би өнері, ұлттық спорт, тағылымға толы ұлттық салт-дәстүр – бәрі менің ұлтымның тамырын тереңге жайған текті халық екендігінің дәлеліндей. Мен өзімнің қазақ болып жаралғаныма шын бақыттымын. Басынан «ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» өткеріп, жетпіс жылдың үстінде қызыл империяның құрамында болған біздің елімізге, ұлттық құндылықтарымызға ......