Шығармалар

Шығарма: Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған,
бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен , сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман , ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет!......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қыс қызығы

Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз.

Менің де, менің достарымның да ең сүйікті мезгілі – қыста келіп жетті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің анам

«Бала, бала, бала!» - деп

Анам түнде оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп.

Түнде бесік таянған - деп бастағым келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Аяулы анашым

Мен өз анамды өте қатты жақсы көрем. Анам туралы айтатын болсам, айтып тауыса алмайтын шығармын. Әр баланың анасына деген махаббаты шексіз деп ойлаймын. Мені осы жарық дүние есігін ашып, осындай жарқын өмір сыйлаған анашыма мың алғыс білдіргім келеді. Ана деген әрбір адам үшін ең қасиетті сөз деп білем. Барлық баланың анасы болу керек. Бірақ, кейбір балалар анасының қадірін білмей, бағаламай оны көп ренжітеді, айтқан тілін алмайды. Ойланып қарасақ осы өмірде аналары жоқ қаншама бала бар десеңші, олар аналарының аяулы алақанын көрмейді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Менің Отаным – егеменді, тәуелсіз Алтаймен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын ен жайлап, еркін көсілген Қазақстан мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері мекендеген, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген кең байтақ Қазақстан елінде тұрғаным – мен үшін мақтаныш! Қазақстанымның айта кететін ерекшелігі ол - дүние жүзінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орын алады және пайдалы қазбаларға бай.

Мен үшін және басқа да отандастарым үшін халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік ұстанымын биікке көтеретін Тәуелсіздік күні – қастерлі мереке. Өйткені бұл Тәуелсіздік күні бізге оңай......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен сенемін!

Бұрын мен Отан, туған жер, Отанды сүю деген сөздердің мән-мағынасына көп көңіл бөле бермейтінмін. Анам: «Шіркін, қанатым болса ғой, туған ауылыма ұшып барып келетін»- деп тебіреніп айтып отырғанда, мен оны түсінбейтінмін. Бірақ өсе келе, өзім де алысқа кетсем, туған қалам- Астананы, туған көшемді, үйімді, тіпті көршілерімді сағына бастаған сәтте, Отан не екенін білгендей болдым.Менің ойымша, отансүйгіштік сезімі адамда туа біте пайда болатын қасиет. Бұл сезім сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын күз

Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

- деп Абай атамыз айтқандай, міне, күз де келіп жетті. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Күз мезгілі «алтын күз» деп айтылатын себебі, айналаның бәрі сары түске айналады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Алтын ұям – отбасым


Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар,
Бір туған сіңлім бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!



Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік сағыныш

Қымбатты менің анашым! Қайда барсам да, қандай көңіл күйде болсам да сен менің жанымдасың. Сенімен сырласу, сенімен ақылдасып жүру менің дағдыма айналғалы қашан?! Жаңа бір киім киіп айнаға қараған сәттерімде немесе ас уйде жаңа бір тәтті тағамды әзірлеген кезде Сіз менің сыртымнан бақылап, сүйсіне қарап тұрғандай сезінемін. Кейде іштей сөйлесіп тұрғанымда өз қуанышымды жасыра алмай бас изеп, қалай......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Денсаулық – адам өміріндегі үлкен байлық

«Дені саудың жаны-сау», «Бірінші байлық-денсаулық» деген қанатты сөздер арқылы ата-бабаларымыздың денсаулыққа көп көңіл бөлгенің аңғарамыз. Тіршілік иесінің ұзақ өмір сүру үшін салауатты өмір салтын сақтауды қажет етеді.

Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылданып денсаулыққа зиянды заттарды қолданбау басты қажеттілік. Бұрынғы ата-бабаларымыз табиғи өніммен тамақтанып, еңбек етіп жанын шынықтырған. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты.

Бүгінгі заманда біздер салауатты өмір салтын....
Шығармалар
Толық
0 0