Шығармалар

Шығарма: Мен таңдаған мамандық

Мен Мұратқызы Балжан Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Асық ата өңірінің тумасымын. Алла қаласа, «Нәзір Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 11 «Ә» сыныбының түлегі болып ұшқалы отырмыз. Шыны керек, бұл тақырыпты оқығанда, тіптен неден бастарымды білмеймін. Себебі, қазақ халқымызда «Мамандық таңдау мен жар таңдауда қателеспеңдер»- деген үлкендердің асыл сөзі бар емес пе?........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлылықтың бастауы ұлы далам!

Дала...Естір құлаққа жағымды естілетін қасиетті сөз. Құдіреттілігі әуелі табиғатында.Кеудеңді керіп, құшырлана жұтар таза ауасы , сылдырап аққан мөлдір суы , ерке самал желі , асқар тау, жасыл желегі , жүгірген аң, ұшқан құсы бәрі- бәрі Жер-Ананың сайын далаға берген сыйы.
Және де «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» ұлтарақтай жер үшін қасық қаны қалғанша аянбаған жаужүректі батырлардың ; нәзік қылығымен, өрілген бұрымымен тіршіліктің тазалығымен, бар мейірімін ұрпақ тәрбиесіне бөліп, ер -азаматын сыйлай білер, қаракөз қыздардың , ибалы келіндердің, ақ жаулықты аналардың ; әрбір сөзі «қазақ» деп басталып, «қазақ» болып аяқталатын ақындардың, шешендердің, жазушы,жыраулардың; қабылдаған шешімі ,ұтқыр ойы ел игілігіне , ұстанған бағыты «Алаштың» көркеюіне арналған билер мен хандардың кіндік қаны тамған жер- Ұлы даласы, атамекені .......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сөз зергері (Ғ. Мүсірепов шығармашылығы негізінде)

Жоспар

І. Кіріспе
1. Ғ.Мүсірепов ұлттық сөз өнері тариxындағы зор тұлға
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ананың ардақты образын сомдау - Ғ. Мүсірепов ерекшелігі
2. Мүсірепов бейнелеген ана – нағыз қазақтың анасы
3. Ана туралы әңгімелер циклі - алуан әуенді, сезімге бай туындылар
ІІІ. Қорытынды
1. Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған...

Қазіргі қaзaқ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - Ғабит Маxмұтұлы Мүсірепов ұлттық сөз өнері тариxындaғы зор тұлға. Тәжірбиелі қaлaмгер қырық жыл еңбек еткен шығармaшылық жолындa тек қaзaқ әдебиеті ғана емес, бүкіл көп ұлтты кеңес әдебиетінің асыл қорына үлес болып қосылған құнарлы......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Табиғат - тал бесігім

Айналамыздағы таңғажайып көріністерге кей кезде қарап тамсанамын. Бізді қоршап тұрған жасыл желектен өзге сан түрлі тылсым дүниелер қызықтырады. Әрбір адам бойына қуат береді. Ол сұлулық пен әсемдікті шашатын ғажайып құбылыс. Ырыс пен қазынаның қайнар көзі болғандықтан, халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі»- деп бекер айтпаған.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Рудный қаласы (Сүйікті қалам – Рудный!)

Менің қалам – мен үшін дүние жүзіндегі ең қымбат, ең асыл мекенім. Әр бір адамның сүйікті қаласы бар. Көбіне адамдар сүйікті қалам деп өзі туылған, балалық шағын өткізген жерді айтады. Өйткені әр адам өзінің балалық шағынан естеліктерді, тұрған мекенін әр қашан жүрегінде сақтайды. Мен бұл қалада туылмасам да, оны шын көңіліммен жақсы көрем. Мен оған сіңісіп кеткенім соншалықты оның әсемдігін толықтыра түсетін табиғаты, жаңадан пайда.....
Шығармалар
Толық
7,5 -4,5

Шығарма: Мектеп - білім ордасы

Мектеп - оқушыларға білім мен тәрбие береді. Біздің мектеп екі қабатты. Менің сыныбым екінші қабатта. Мен 3-сыныпта оқимын. Сыныпта 18 оқушы бар. Олар бір-бірімен тату-тәтті. Мектебімізде көптеген мұғалімдер ұстаздық етеді. Сүйікті ұстазым - Аманиязов Даурен ағай ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елге саяхат

Жадырап жаз келгенде, жылда отбасымызбен елге жинала бастаймыз... Бұл дәстүрге айналған.Ата-анамыз елдегі тума-туыспен араласып, елден алшақтап кетпей, түп тамырымызды біліп жүру үшін осы саяхатты үлкен мән бере ұйымдастырады. Біздер балалар қуана жолға шығамыз.
Әкемнің туған жері – киелі Түркістан шаһарынан 30 шақырым жерде, Қаратаудың күнгей бетінде орналасқан Игілік, тарихта жергілікті халық «Мес-Ата» атап кеткен кішкене ауыл. Табиғаты сұлу ауыл. Бұл - менің бабаларымның мекен еткен жері. Осы мекенге жеткенше , қазақтың сұлу да көркем жерлерін тамсана да, таңғала да, қызыға да, қызғана да тамашалаймын. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Мен өз елімде ғана бақыттымын!

Қазақстан - менің туған елім, менің сүйікті Отаным! «Отан — отбасынан басталады» деген халқымыз. Әрине, әр балаға Отаны болып өзінің отбасы, туған үйі саналады. Ал басқа әлем оған бөтен болып көрінеді ғой.

Екінші Отаным – ол менің туып-өскен қалам - Сәтбаев қаласы. Қазақтың ғұлама ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен аталатын қалам өте таза, көркейген, жайқалған ең көрікті қалалардың.....
Шығармалар
Толық
1 0

Шығарма: Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын таартпаған қазақ жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген миллиондаған отандастарымыздың Баликов Умар да бар еді 1945 жылы әлем үшін қуаныштыда, естен кетпес күн, яғни бұл күндері біздің ер жүрек ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз барлықтарына өздерінің жерлері үшін Отаны үшін қандарын төкті, азап шекті, қыстың анау ызғырына шыдап бағып төске өрледі. Жүректерінде «біз жеңеміз» деген ой өрледі. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышымен дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар алыстағы ауыл мен кең байтақ далаларда да жүріп жатты. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісі, еңбегімен соққан еңбекшінің ерлігі ұмытылмайды.
Батырлық – жеке адамға тән патриоттық қасиет. Батырлардың ерлігі қазақ ауыз әдебиетінде ежелден жырланып келеді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырлар қалмақ, монғол басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігімен көзге түсті. Бұлар халықты жауға қарсы жұмылдырды, елдің еңсесін көтеріп, есін жиғызды, кек алуға шақырды. Ұлы Отан соғысының (1941-1945) қаһарман батырлары арасында 500-ге жуық қазақстандық болды. Олардың қатарында Шығыстың қаһарман қыздары Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Маметова да бар........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Жастар - елдің келешегі. Ата-бабадан мұра болып қалған, оны ұрпақтың бірнеше буыны сабақтаса дамытқан тілімізді, әдет-ғұрыпты, тарихты, мәдениетті, өнер, білім мен ғылымды алға апаратын солар. Сондықтан да олардың білімді, өнерлі, еңбекқор болғанын ғана емес, мәдениетті болғанын, жаны да тәні де сұлу болғанын, тіліміздің қадірін түсірмей, абыройын асқақтата түсуін қалаймын.

Президент ел жастарымен болған кезекті бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса –ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Сондықтан жастар Елбасының сенімі мен үмітін ақтауымыз тиіс. Қазақ елін «Мәңгілік ел» қылатын біздер, жастар!» ......
Шығармалар
Толық
0 0