Мен үшін «Отан» сөзінің ауқымы кең, түсінігі терең ұғым. «Менің Отаным – Қазақстан!» – деп мақтанышпен, қуанышпен, жүрегімнің түбінен лүпілдеп соққан бала сезіммен тебіреніп айтамын. Сәби кезімнен еміреніп өскен ортам, мәпелеген ата-анам, балапанындай аялаған Жер-анам... сенің мәртебеңді асыру – менің басты парызым. Отанды сүю отбасынан басталады. Адам дүниеге келгеннен кейін, ең алдымен, оның анаға деген махаббаты мен сүйіспеншілігі оянады. Кейін әкесін, өсе келе туыстарын, бүкіл отбасы мен достарын......
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс......
Әр адамның асқақ армандарға, биік мұраттарға қолсозатыны ақиқат. Бала жасымнан ұстаздардың ұлы істерге толы ұлағатты әрекеттері мені мұғалім болуға итермеледі. «Мұғалім өзінің білімділігімен , жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді », - деген Мәлік Ғабдуллин ағамыздың пәлсапалық ойы әсер етті ме, кішкене кезімнен «Ұстаз болсам» деген ұлы арманым сәби......
«Жұртым» деп – жұмылып, «Елім» деп езіліп қызмет ет. Бауыржан Момышұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы 20 қаңтарда сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз», – деген еді. Қазақ халқы өз тарихында қиынқыстау кезеңдерді, аласапыран заманды басынан көп кешкен. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» деген мағынадағы сөз – халықтың сол мезгілдерді суреттеп сөйлегені. Ел басына күн туғаңда, адамзат тарихында, әсіресе қазақ тарихында елеулі орын алған оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысы болып келеді. Соғыс... Бұл сөз өзінің қатыгездігі мен зұлымдығымен, адамдарға деген жек көрушілігімен жасқандырады. Соғыс өрті алай-дүлей боран, құтырған құйын, бейтаныс апат секілді ес жиюға, саналы түрде ойлануға мүмкіндік бермей, кеңес халқының, оның ішінде біздің қазақ халқының басына қара түнек болып үйірілді. Бірақ алғаш күннен-ақ қазақ халқы өз Отанын қорғау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, басқыншыларға қарсы тұра білді. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Қара бұлтты сейілтіп, күн шуағын сыйлаған ардагерлер қатары жылдан жылға сиреп қалса да, фашизмге соққы берген аталарымыз болашақ ұрпақтардың жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін қасық қандарын аяған жоқ. Арада қанша жыл өтсе де қан майданда «Отан үшін» деп алға ұмтылған, қаһармандықпен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аттары аңызға айналған батырларымыз – тау тұлға......
Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс....
Патриот - еліне адал, халқыңа берік қорған бола алатын, өз өмірін еліне арнауға дайын, қайсар жүректі, ақ ниетті адал жан.
Патриот едім мен елдің, Кең-байтақ қазақ жерімнің, Халқыма жылы лебізді, Жазылар шұмағым жеткізер.
Отаншыл адамдар жүрегінің түбінде жатқан халқының тарихында, ұмытылмас құнсыз әдебиетінде алтын әріппен жазылуға тиісті. Халықтың алғашқы патриоттары тұралы әркім .....
Отан! Қандай құдіретті сөз! Өмірімнің бар мақсаты осы сөздің ауқымына сыйып кетерліктей-ақ. Бұл «елім», «жерім», «ұям», «Қазақстан Республикасы» деген сөз. Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген, Батыста Жайық, шығыста Ертіс есілген, Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген, Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған Отаным осы – Қазақстан болып атанған!– деп ақындар жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
Қымбатты менің анашым, мен сізді өте жақсы көремін. Осы өмірге әкелгеніңіз үшін мен сізге қарыздармын. Өмір деген сондай ғажап. Осы ғажапты маған сыйлаған анама алғысым шексіз.......
Көктем мезгілі - жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл. Себебі: бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі басталады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Көктемнің белгісі болып есептелетін бәйшешек гүлі шығады. Сол сәттен бастап күн жылынып, шөптер, түрлі гүлдер шыға бастайды. Баулардағы, көшелердегі, үй маңындағы ағаштар бүршік атып, түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады. Дихандар......