Шығармалар

Шығарма: Менің туған өлкем

Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» демекші, менің кіндік қаным тамған жер – Асықата. Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Тілдер күні (Қазақстан тілімен егіз)

Мен бақыттымын... Себебі мен ынтымағы жарасқан, бірлігі ұласқан елде тұрамын. Бақыт бірлігі мен ынтымағы бар елге қонады екен. Демек, мен бақытты жерде туған елімнің бақытты перзентімін. Достығы дархан елімнің аты – Қазақстан! Туған елім – тірлігімнің айғағы.Тілім барда айтылар сыр ойдағы,Өссе тілім, мен де бірге өсемін,Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Жаңашыл ұстаз

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс .....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: АқМешіт

Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Шығармалар
Толық
11 -5

Қазақша шығарма: Құстар – табиғаттың көркі!

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың салт-дәстүрлерінің маңызы

Қазақтың салт-дәстүрлері ежелден келе жатыр.Ол ұрпақтан-ұpпаққа ауыcып отырады.Қоғамдық ұйымдар мен адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен өте тығыз байланысты, cол себептімәдeниеті жоғары дамыған ел- дәстүргe бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық,шындық озық дәcтүрлeрге жатады.Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі және қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді. Уақыт өткeн сайын салт-дәстүрге өзгеріс енген.Салт-дәстүр қазақ үшін бұлжымас заңға айналған.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге, қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
Жұбан Молдағалиев

Туған жер... Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді . Туған жердің әрбір тасы мен тауы, қаласы мен даласы, шүйгіні мен орманы бізге аса бағалы. Туған жердің сарқыраған өзендері мен тұнық көлдері,
биік шыңдары жазира даласы жаныңды шын мәнінде тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы- бүгінгі таңда даму жағынан

көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің отбасым

Біздің еліміз өте үлкен мен оны сүйемін, болашақта елдің үлкен азаматты боламындеп үміттенемін. Ал осы елдің ішінде мен үшін шағын мелмекет ол менің отбасым. Менің отбасымда алты адамнан тұрады. Асқар таудай әкем - біздің қамқоршымыз, аяулы анашым - бізді мәнелеп өсірген. Үлгі беріп жатқан екі ағам бар......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: «Құлақтан кіріп, бойды алар», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдеріндегі ән мен өлең құдіреті

Абай Құнанбаев- өнегелі өмірін өлеңмен өріп, артына мәңгілік мұра қалдырған қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Оның шығармашылығынан орын алған махаббат, табиғат лирикалары, саяси, әлеуметтік, өнер тақырыптарының қай-қайсысы болмасын, өзіндік өрнекпен, айрықша сезіммен ......


Құлақтан кіріп бойды алар «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңдеріндегі ән мен өлең құдіреті
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Жылма - жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18 - 19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан - жазықсыз құрбан болды.
Ауған соғысы - КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. 1978ж Ауғанстанда сәуір айында билікке таласқандар арасында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.
Аса құпия қаулымен бекітілген шешімнің салдарынан......
Шығармалар
Толық
0 0