Шығармалар

Шығарма: Менің Мұқағалиым

Сен мені білесің бе, білесің бе,

Бүгінде кім өсуде, кім өшуде.

Мұқағали ақынның жыр маржандарының ішінде осындай жолдар бар. Ақын тастаған сауалға білмеймін десем, оның рухы кешірмес пе еді. Әрине, білемін.

Осыдан сегіз жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған сәтімнен бастап-ақ Маржан апайымның:

Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың -

деп, ақын жырымен бірінші сыныпқа қабылдағаны санамда жаңғырып тұр. Сол сәттен бастап - ақ Мұқағали өлеңдерін жаттап, бойыма сіңіріп келемін. Уақыт алға жылжыған сайын өлеңге деген құштарлығым арта түскендей. Иә, кеше ғана тұлымшағымда ақ бантигім желбіреп, тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатынымды ойласам, тұла бойымды бейне бір жұмбақ әлем билегендей болады. Ертең өмірдің бір кіші болып қаланатыным хақ. Ақын жырларының қайсысын оқысаң да , терең иіріміне тартып, өлең құшағына қалай кіріп кеткеніңді сезбей де қаласың. Оқыған сайын бір жаңалық ашқандай марқайып, шаттанасың. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпағы ардақ тұтып, бас иеді рухына

Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!
Жеңіс! Бейбітшілік! Бұл қандай керемет сөздер десеңші. Бұл сөздердің астарында ашық аспан, бейбіт өмір жатыр. Бүгін біз тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешудеміз. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Фашистік идеология кеңес үкіметінде тұратын халықты саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірлеп, шабуылға шықты. Бірақ одан түк шықпады.
Қаншама халық бір тудың астынаб ірігіп, күштерін бір арнаға салды Сол кездегі Кеңес үкіметінің халқында Коммунистік партия мен үкіметтің саясатына деген наразылыққа жеткілікті негіздер болды. Бірақ қатерлі қауіп төнген кезде халық реніштерін ысырып тастады. Халықты қасіретті тағдырдың ортақтығы, елдің тәуелсіздігінен айырылу қатері, бір Отанның адамы екені, ата-баба рухы біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңес халқы жан –тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталып армандары орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Біздің өміріміз, айналамыз болашақта қандай болады екен?

Адамдар әрдайым болашаққа көз жүгіртіп, қиялға ерік беріп отырған. Жазушылар армандарын қиял-ғажайып әңгімелер жазып, композиторлар ән тудырып, суретшілер суреттер салу арқылы көрсеткен.

Ең қызығы, адам сенгісіз дүниелер болашақта жүзеге асып отырған. Мысалы, бұрынғы замандағы адамдар бір орыннан екінші орынға жылдам жеткізетін ертегідегідей ұшатын кілемді армандаған. Қазір адамдар ұшаққа отырып, көзді ашып-жұмғанша алыс елге тез-ақ жетеді. Грек мифологиясындағы Икар Күнге ұшуға армандаған. Қазір адамдар ғарышқа ұшып, Айға жетіп, Марс т.б планеталарға баруын жоспарлап отыр.

Келешекте өмір қандай болады? -деген сұрақтар әрқашанда туындаған. 1911 жылы Францияда аса танымал емес суретші «2000 жылы өмір қандай болады?» тақырыбында ашықхаттар сериясын әзірлейді. Қарап шықсақ, үлкен ғимараттар, адам өмірін жеңілдету үшін жасалған сансыз сымдармен жалғанған механизмдер. Бір суретінде ауылдың көрінісі. Жайқалып тұрған егінді машина шауып жұр, адам оны сырттай бақылап отыр. Қазір бұл көрініс бізді ешқандай таңқалдырмайды. Ол біздің күнделікті тұрмысымыз. Электр жүйесі, байланыс құрылғылары, соңғы жылдары сымсыз байланыс, машиналар, механизмдер біздің тіршілігіміздің көрсеткіштері......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Патриот болу - парызың

Патриот-Отанның мерейін үстем ету жолында , өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын,өмірін аямайтын адам.
М.Ф.Ахундов

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады:олар бір-бірін жатсынбайды, бір-бірін құрметтейді, қиын кезде көмектеседі, қол ұшын береді және қуанышына ортақтасады. Біз Қазақстанда еркін өмір сүріп жатырмыз. Ол біріншіден,найзаның ұшымен қорғаған,түн ұйқысын төрт бөлген ата-баба арқасы болса, екіншіден, елбасымыздың көрегендігінің жемісі. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деген мақал бар. Расында да, отан үшін жаныңды қисаң- ол үлкен абырой, нағыз ерлік. Тарихта мәңгі өшпейтін ерлік! Ал сол Отанды қорғау үшін патриот болу керек.

Патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз- еліңді, жеріңді, халқыңды сүю, олармен мақтану, оларды үлгі тұту және кез келген ортада құрметтеу. Ал бұл отансүйгіштікке бізді тәрбиелейтін ата-анамыз және әрине ардақты ұстаздарымыз. Мектеп табалдырығын аттағанда алғаш рет әнұранды орындағанда, мен қолымды жүрегіме қойып, жауапкершілікті сезіндім және де қазақ мектебіне барып, қазақ тілінде сөйлеп, өз тілімізде білім алғаным үшін мақтанамын. Патриот болудың ең бастысы көзі де осында. Ал кітап оқу арқылы бұл қасиеттердің барлығын бойымызға дарытамыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тіл - елдігіміздің іргетасы

«Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:

«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мағжанның маржан махаббаты

«Махаббатсыз дүние бос» деп Абай атамыз айтпақшы, махаббат-ұлы сезім. Әр адам өмірде түрлі сезімдерді бастан кешеді. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап жан-жағында болып жатқан іс-әрекеттерге,жанындағы адамдарға деген қызығушылық,әлемді тануға деген ұмтылыс болады. Өсе келе ол ата-анасын,туыстарын танып,оларға деген ыстық махаббатты сезінеді. Жаңа достар тауып,мектеп табалдырығын аттайды. Білім алуға құлшынысы артып,алдына мақсат қояды. Достарына,ұстаздарына,жақындарына деген бір ыстық сезім болады. Бұл-махаббат. Махаббат-ізгі сезім,нәзік сезім. Бұл сезім белгілі бір жанға немесе жаныңа жақын істерге ашылуы мүмкін. Ал ғашық болу-одан да ыстық. Сен ғашық болған сәтте әлем өзгеріп,құлпырып сала бергендей болады. Сенің көзіңе ерекше сұлулық елестейді. Тек жақсылықтарды ғана көресің. Ал өзің ғашық болған жан ең ерекше,дара жан болып көрінері сөзсізү. Ол жанның тек ерекшеліктеріне мән беріп,кемшіліктерін көрмеуге тырысасың. Тіпті сол бір жан үшін өз кемшіліктеріңді жоюға тырысасың. Өміріңді сол жансыз елестете алмайтындайсың.Ол-өміріңнің мәні,сәні. Егер бұл сезім оңынан болып,махаббатқа ұласса,ол жан сенің бір бөлшегіңе айналады. Ғалымдардың айтуынша «жүрек қателеспейді». Ендеше,таңдау жасар алдында ең бірінші жүрек үніне құлақ түру керек деп ойлаймын.

Махаббат тақырыбына поэзиясының бір бөлігін арнаған «Алаш» партиясының мүшесі,біртуар ақын Мағжан Жұмабаев болып табылады. Мағжан Жұмабаев тек әлеуметтік мәселелерді қозғап қана қоймай, махаббат туралы «Жас келін» ,«Зарлы сұлу», «Сүйгенім», «Алданған сұлу» секілді өлеңдер жазған.

«Сүйгеніме» өлеңін,аты айтып тұрғандай,махаббатына арнаған. Өлең жолдарындағы «Жандым-күйдім,сені ойлап,дамыл көрмей,Еш жанға сенен басқа көңәл бөлмей» деген сөздерден оның өз сүйгеніне деген адалдығын анық байқауға болады.Бұл өлең жолдары жай ғана махаббат емес,баянсыз,сұсты,қатал махаббатты көрсетеді.Өйткені,бұл-жауапсыз махаббат.Сенің күні-түні ойлап жүрген адамыңның саған ешқандай сезімі жоқтығын,сезіміңе жауап қатпайтындығын білу,әрине,өте қиын. Өлеңнен «Өміріңше «кет әрменнен» айырмадың!» деген жолдарды оқимыз. Осы екі ауыз сөздің өзі сүйектен өтеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Абай шығармашылығындағы бүгінгі қазақ

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Абай Құнанбаев

Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейді.

Бүгінде Абай армандаған жас буындардың бейнесі қалай қалыптасып келеді? Қазіргі таңның жарқын мақсатын болашақпен байланыстыратын ХХІ ғасырдың өрендері өресі кең бабаларымыздың дала төсіне сіңген үні мен жаһандану жаңғырығының арасында қайсысының айтар ойына құлақ түрерін білмей адасып жүр. Шартарапты шарқ ұрған шағаладай арпалысқа түсіп жүрген жастар әлемдік даму жолын ұлттық дәстүрлерімізбен сабақтастыру үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтың жауабын махаббатты ғадауатпен майдандастырған ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің терең толғанысты шумақтарынан табуымызға болады.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Еліміздің келешегіне кепіл болған тұңғыш елбасы

Қазақстан енді ғана дамып келе жатқан мемлекет болғанымен, қысқа уақытта көптеген жетістіктерге жетті. Әлемнің алпауыт мемлекеттеріне де тек жақсы қырынан көрінуде. Және бұған септігін тигізден бір де болса бірегей тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды қиын –кыстау кездерден, яғни алғаш тәуелсіздік алған кезде саяси біліктілігінің арқасында алып шықты. Кейіннен 1997 жылы «Қазақстан 2030» стратегиясын ұсынып, мерзімінен бұрын дамыған 50 елдің қатарына қосты. Сонымен қатар еліміздің тек әлеуметтік -саяси және ішкі- сыртқы экономикасын....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Таудағы қыз

- Таудағы қызды көрдің бе? Таудағы қызды танисың ба? Таудағы қыз бар емес пе...-деген кішкентай Көркемнің таусыз ауылдағы қайдағы тауды айтып, қайдағы тау қызын айтатынын ешқайсымыз түсінбесек те, қайта-қайта қайталанып мезі еткен сұрағына "иə,жоқ" деп жауап бере салушы едік. Көркем көкек айында төртке келгенмен, ойы тым жүйрік айтқанды бірден ұғып алатын, һəм өзі де көп нəрсені ойлай алатын пысық қыз. Өзінен екі-үш жастай үлкен екі ағасының қасында жүріп, əрі солармен ілесіп, ұлдардың арасында жалғыз қыз болып, ұлдарша ойнап үйреніп кеткендікткен болар өзін кейде ұлдарға ұқсатып, солардың істеген қылығын қайталауға əуес. Топыраққа аунап дала ойынына тойып, кеш бата үйге кірісімен, үйдегі қос ағасына ұрынуға көшеді. Қашан көрсең де, үшеуінің бірін-бірі қуалап, бір-бірімен алысып-жұлысып ойнап жүргені. Осыдан бір айдай бұрын салынып біткелі ұзақ тұрып қалған үйге жаңа көршілеріміз көшіп келді. Жаңа көршілермен танысуды үлгертпей қайғылы хабар қара бұлттай үйіріле қалды. Көршіміздің жеті жасар ұлы қаза болғанын естігенде жағамызды ұстадық. Расында да,адам шошырық жағдай, оның үстіне, балаға не болғаны да белгісіз. Бұл бір жұмбақ, əрі тылсым оқиға... Арада өткен біраз күндерден кейін ойнап жүрген балалардың аузынан "қайтыс болған бала..." деп айтылып жүрген сөзді естіп, не дерімді білмедім. Ауыл балалары ойнайтын, жаңа үйдің дəл жанында улкен үйулі тұрған саз бар болатын. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен желіден жақсылық іздеймін

Бұл дүниеде бәрі егіз: жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, алғыс пен қарғыс. Сол сияқты интернеттің де жақсы және жаман тұстары бар. Бірақ оларды бір-бірінен ажырата білу - адамдардың екінің бірінің қолынан келе бермейтін тірлік. ХІХ ғасырдың соңынан бастау алып, сәт сайын әлемді жаулап келе жатқан ғаламторды бірі мақтайды, бірі даттайды. Алайда пайдалы жағын қараймын деп ақ жолдан тайып жатқандар, денсаулығына нұқсан келтіргендер, артық қылам деп тыртық қылғандар да бұл әлемде қаншама.

Ғаламтор – сансыз мол ақпараттың орталығы. Біз одан кез келген мәліметті қарап, жүктей аламыз. Біз – адамдар, қандай нәрсе пайда болса да, ең алдымен оның кемшілігін, жаман тұстарын қарастыруға кірісіп кетеміз. Ғаламторда да қазір осы мәселе. Ғаламтор желісінің пайдасы көп. Тек біз оның жақсы жағын көрмей, қолдануға тиімді, берері мол, білімімізді молайтып, тәрбиемізді шыңдайтына әлі де болса көз жеткізе алмай келеміз. Ғаламторда не жоқ демейсіз, бәрі бар. Тек оларды дұрыс мақсатта пайдалана білу адамның өз қолында. Мәтін сөйлемдердің жиынтығы болса, интернет - сайттардың жиынтығы. Саны бар сапасы жоқ сайттар теңіздей толық та, өскелең ұрпақты өзін-өзі тәрбиелеуге үйрететін, рухани байлығын арттыратын сайттар шөлдей тарық, өкінішті......
Шығармалар
Толық
0 0