Шығармалар

Шығарма: Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз

Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки

Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.

«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.

Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс жолы жалғасады

Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді.
Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өмір құндылықтары

Өмір – теңіз, тағдыр – кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.

Халық нақылы

Өмір – әрбір адам баласы үшін бір рет берілетін сынақ. Өмір – сүру бәріне бірдей берілген мүмкіндік. Халық арасында «Өмірге адам болып келу – Алладан, ал өмірден адам болып өту – адамнан» деген тұжырым бар. Сондықтан әрбір адамның өмірінің мәнді болуы тікелей өзіне байланысты. Бірақ , өкінішке орай кейбір адамдар өз өмірлерін бағалай білмейді.

Өмір, ең алдыменен өз отбасымен құнды. Өзіңізге жақын: еркелетер мейірімді – анаңыз болса, асқартаудай арқа сүйер – әкеңіз болса, өз өсиетімен жөн сілтер – атаңыз болса, рухани адамгершілік тәрбиемен сусындататын ертегішіл – әжеңіз болса, әрдайым қол ұшын берер жанашыр – бауырларыңыз болса, - бұл өмірде сіз ең бақытты жансыз. Себебі,кей адамдар мен балалар үйіндегі балалар отбасының жылулығын сезбей де , білмей де өсіп келеді.

Өмір - жан-жағымызға жақсылық жасап, қуаныш сыйлауменен құнды. «Сыйлық алғаннан гөрі, сыйлықты өзгеге берген жақсы» демекші, бұл өмірде жақсылық жасаған сайын ол өзіңе Алладан екі есе болып қайтады. Бұл арқылы біз өмір – бумеранг екенін түсінеміз. Әйгілі психолог Виктор Франкл да өмір мәнін осылай түсіндіреді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұстаз берген бағыт

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!

Фариза Оңғарсынова

Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.

Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.

Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы

Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.

«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жау таянып келгенде

Ешкім де ,ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс –күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ етеді, тауды жер етеді. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп,елестететін газет-журнал материалдары немесе радиохабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнекей, жағада тұр,- деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқаны, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ұлы ғажап күшпен жеттік. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: «Радио әжейдің» радиосының дауысы

Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Сырбай Мәуленов
Көктемгі демалысқа шығысымен әкем екеуіміз әкемнің кіндік қаны тамған ауылына барып қайттық. Бұл жолғы сапар мен үшін естен кетпес әсерлі болды.
Біздер ауыл іргесіне іліне бергенімізде, күн бесінге таянды. Тау етегіндегі ауылдың тыныс-тіршілігі алыстан байқалмайды.
Тыныштық. Осы тыныштықты әкемнің дауысы бұзды :
- Анау ауыл шетіне таман тұрған кішігірім ескі үйді көріп тұрмысың?- деді, ноқаттай боп көрінген бір ескі үйді нұсқап.
-Иә, көріп тұрмын,- дедім, әкемнің жүзіне қарап Әкем іле-шала:
- Ол- «Радио әжеміздің» үйі, әлі бұзылмай, сол қалпы тұр,- деді.
- Ескі үйде «Радио әжеміз» әлі тұра ма!?
- Жоға, ол қісі әлдеқашан бақилық болған...
- Сонда........
Шығармалар
Толық
0 0