Шығармалар

Шығарма: Жеңіс жыры

Мен соғысты көргенім жоқ!
Соғыс жалмап аға-іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі – ол оқиғалардың халық тағдырымен тығыз байланыстылығында. Соның бірі – дүниені дүр сілкіндірген 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын иыққа 1418 күн мен түн салды. Соғыстың бар ауыртпалығын өз мойынымен көтеріп, қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының батырлары ерлігін ешкім де, ешқашан ұмытпақ емес. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен, санадан өшпейді, тарихта есімдері қалады.
1941 жылы 22 маусымда таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан елдің шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Зұлым жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Қанды қасірет болған бұл соғысқа әлем халқының 80% қатысып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылып, 110 миллион адам қолына қару алды.
1418 күн мен түнге созылған бұл соғыста 27 миллионнан астам Кеңес адамы Отан үшін от кешіп, мерт болды, жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып – жесір, бала әкесінен айрылып – жетім атанды. Тылда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, тынбай еңбек етті.
Фашистік басқыншылар 1710 қаланы, 70 мыңнан астам елді мекенді өртеп, тұтқындардың дүние-мүлкін тонап, күлін көкке ұшырды. Өндірістік кәсіпорындар, 2000-ға жуық совхоз-колхоздар ойранға ұшырады. Ең бастысы, ешқашан орны толмайтын өте ауыр жарақат – ол адам өмірі болатын........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс салтанаты

Ұлы Отан соғысы Аспан мен Жер
арасын өрт қаптады жалыны жалаңдаған,
көңірсіді құйқадай адал далам.
Бір-бірінің қанынан ұрттамаса,
тыншымастай сұстанды Адамға Адам.
Түндер келді жарыңның құшағында
рахаттың орнына алаңдаған.
Жас орнына мөлдіреп жанарда қан
тамайын деп тамбаған, тама алмаған.
Алмасты лез күрсіну, күңіренумен
жүректерден шарықтап таралған ән.
Түнде соғар дүлейін жасырғандай,
күліп-атып қылымсып таң алдаған.
Бейнетімен бақ құшқан кең далаға
қанды өзендер құйғандай сан арнадан.
Мазасыз әм қысқа бұл тіршілікте болар
кейде мейірімді адамнан аң. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Халқының ардақты азаматы

Биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. 71 жылдан бері байтақ Отанымыздың бейбіт аспаны аясында талай ұрпақтар өсіп, ер жетті. Әрине, Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс жалыны біздің елімізге ауыр қасіретімен енді. Бірақ фашизм оты қанша жалынды болғанымен, жауынгерлердің Отанға деген сүйіспеншіліктері оттай ыстық болып, асыл азаматтарымыздың қайтпас қайсарлықтарының арқасында жау жеңіліс тапты. Ұлы Отан соғысы Ұлы Жеңіспен аяқталды. Елі, жері үшін жанын пида етіп, ерен ерлік көрсете білген ерлеріміз Егеменді ел болған Қазақстан жерінде де көптеп табылады. Солардың бірі - болмысынан әділ, шыншыл, Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгері, жазушы Бауыржан Момышұлы. Бүгінгі жеткіншектер Б. Момышұлы жайлы сырларды қариялардың естелігінен, жазушылар шығармаларынан және де өзінің төл туындылары арқылы жақсы білеміз. Б. Момышұлы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар ( 8- гвардия ) дивизиясының құрамына алынып, батальон командирі болған.
И.В. Панфилов оның ерекше ержүректілігін, әскери тәжірибесін және де шыншылдық қасиетін жоғары бағалаған. Өр, өз дегенінен қайтпайтын Бауыржан Момышұлы үшін жас жауынгерлерге майдан тәртібін үйрету оңай емес еді........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар ерлігі туралы үзік ой

Түні бойы мені ауыр зіл басып, көз ілмедім. Таң атқасын күшімді жинап, тысқа шықтым... Арайлап атқан таң. Әсем дала. Күлімдеген күн. Оң жағыма қарасам балалық шақтың қызығына түскен балалар. Сол жағыма қарасам, күйбең тіршілікпен айналысып жүрген адамдар. Аспанға қарасам қалықтап ұшқан құстар. Бәрі тамаша. Осының бәрі өмірге мән беріп тұрғандай. «Туған жердің ауасы да шипа» демекші, терең тыныс алдым да, осындай бейбіт елде өмір сүріп жатырғаныма шүкіршілік еттім! Шүкіршілік еттім де өзімді билеген белгісіз сезімді ақ қағазға түсіруге асықтым. Ойлап отырсам, бізге осы тыныштықты сыйлаған ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз! Азаттық жолында өз жауларымен арыстандай алысып, жолбарыстай жұлысқан батырлардың ерлігінің арқасында ғана қазір бейбіт өмір сүрудеміз. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді. Басқа емес, бір ғана Ұлы Отан соғысын айтсақ та жеткілікті. Міне, бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы жеңіске жетпіс бір жыл толып отыр.
Соғыс оты тұтанған сол бір замандағы Ұлы Жеңіс еліміздің тарихында алтын әріптермен қалатыны хақ. Ел басына күн туып, шаңырақ шағылған сол сәттерде "Отан үшін отқа түс, күймейсің" дегенді жадына тоқыған атабабаларымыз атқа қонып, жаумен аянбай күресті. «Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашан арзанға түскен емес». Олар Отан үшін өмірлерін қиюға дайын еді. «Тағдыр мені адамзаттың жан түршігерлік қайғы қасіретінің куәгері болуға жазса да, ақ қағаздың бетіне болат қаламсаптың ұшымен қисынды сөзді маржандай етіп тізе алатындай өнерім болмаса да, жай себеппен, менің қолым жауға сілтер қылыштың сабын ұстауға, пистолеттің шүріппесі мен жауынгердің атының тізгінін ұстауға үйренген қолыма-қаламсап та, уставтың өктем бұйрығына үйреніп қалған тілім де ырық берер емес, бірақ та сарандардың санатында қалмас үшін, өлгендердің рухы, зардап шеккен, адал солдаттарымның алдында – үн-түнсіз қалмауға, бастан кешкендерді тілсіз қағаз бетіне түсіруді өзіме парыз санаймын, өйткені ол: «ерлік елеусіз қалмасын, олжа – елге, атақ – ерге сауға» деген әділеттілік қағидасын еске салатын, шындық оқиға куәгерінің тілі болсын.» ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жасасын Жеңіс!

Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Соғыс! Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді – мекендерді тып –типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының , бірлігінің дәлелі.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бі ғаламат соғыс басталды. Сол түні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диқаншы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Рухани жаңғыру - ұлттық санамыздың кемелденуінің кірпіші

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін күш. Елбасымыздың осы мақаласын оқу барысында мынандай ой түйдім. Оның айтуы бойынша рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы зерделі де ақылды ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ол үшін біз білімге терең зер салып, жан-жақты дамуымыз қажет.
Біз дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін алдымызға ...
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Елі үшін еңбек еткен ерлер

Екінші дүниежүзілік соғыс біздің жерімізге алапат дауылдай келгені рас. Бұл дауыл біздің есімізде өшпестей болып із қалдырды.Соғыс – халықты, елді, жерді жайпайтын өте үлкен күш. Соғыс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Әрине , ол кезді майданда болып,жерімізді қорғаған батырлар сезінбесе, бізге тіпті елестету де қиын. Бірақ , сол сәтті көз алдымызға бейнелей суреттесек, судай аққан қан, ана қорқынышы, жастай кеткен батырлар, шырылдаған сәби, елге деген ұлтжандылық бірден еске түседі.Осындай қиын қыстау сәттерде жауынгерлерге рух беріп, күш – қайратын жігерлендіріп отыратын өлеңдер көптеп кездеседі. Солардың біріЖамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Өлең қазақ жауынгерлеріне үлкен күш-қуат беріп отырды. Жауынгерлеріміз осындай патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдерді оқи отырып, рухани жағынан күш алғаны сөзсіз.
Майдан алаңында берілмей отан ұшін жанын аямаған ұл – қыздарымыз сол кездері өте көп болды. Қуаныштың бір үмітін көру үшін тек ұлдар ғана емес, қыздарымыз да ержүректілігімен, қайсарлығымен ерлерден кем түспей , соғыс майданында ерлік көрсете білді.Солардың бірі – Әлия Молдағұлова. Әлия апамыз майданда «дәлдеп атушы мерген» міндетін атқарған . Біз үшін батырдың майдандағы ерлігі ерекше орын алады. Оның шын есімі Лия Молдағұлова болыпты. Ал,Мәншүк Мәметова апамыздың шын есімі – Мәнсия. Бұлай болу себебі, Мәншүк апамыз кішкене кезінде орыс балабақшасына барған . Ондағы кішкене орыс балаларының тілі келмегендіктен, есімін өзгертіп, оны Мәншүк деп атап кеткен екен. Бұл батыр ұл-қыздарымыз соғыс болар шақта өлімнен қорықпаған. Сол батырларымыз қазіргі күнде аз ғана қалды. Ардагерлер бүгінде біздің негізгі байлығымыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс балалары

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір-бір батыр жасапты...
Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой...
Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан ˗ алтын бесік

Отанның намысы үшін оттан қашпа,
Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа,
Тайсалма бар Отанның құрбаны бол,
Өмірің орынсыз боп кетпес босқа.
Мұхтар Шаханов

Адам баласы өмірге келгеннен бастап, оның Отанға деген сүйіспеншілік сезімі бойында оянады. Анасы жас сәбиге бесік жырын айтып, сәбидің құлағына патриоттық сезімді құяды. Есейгенде еліңді, жеріңді қорғайтын ержүрек бол, ˗ деп ақ тілек тілейді. Ата-бабаларымыз аласапыран, қиын-қыстау, сан ғасырлық сұрапыл оқиғаларда ақ найзаның ұшымен жерін, елін қорғады. «Отан ˗ отбасынан басталады», ˗ деген мақал текке айтылмаған. Патриоттық сезім жанұяда қалыптасады. Адамзаттың бойындағы осы асыл қасиетті сезім оны ерлікке, Отан үшін жанын пида етуге жетелейді. Отанның арқасында әрбір адам баласы тіршілік етіп, дамып, ұрпағын қалдырады. Отан сүйгіштік ˗ кісінің тұла бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық игілігіне жұмсайтын ерекше сезім. Қай елдің адамы болса да, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең аяулысы ˗ Анасына балайды. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс күні –халық тойы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Шығармалар
Толық
0 0