Шығармалар

Шығарма: Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар

Салт-дәстүр. Әдет-ғұрып. Жөн-жоралғы. Ырым-тыйым. Наным-сенім. Жазылмаған ереже. Қазақ халқы өркениетіндегі осындай ұлттық құндылықтардың сан алуандылығы таңдайды қақтырады. Ал бұл мәдени мұраның елдің бүкіл тірлік-тынысы, қадір тұтатын ардақты жебеушісі, бұзылмас тірегі, ата-бабалар мен өскелең ұрпақты байланыстыратын көпірі болып табылатыны айдан анық. Ежелден елімізде балғын бүлдіршіндірге осы рухани тағылым тумысынан ана сүтімен беріліп, ес білгенінен құлағына құйылса да, қазіргі таңда жастар ата-баба мызғымас заңын бағаламайды, жадына сақтамайды. Өздерінің ұстанымын дәлелдеу үшін тозығы жеткен салт-дәстүрлердің көрнекті өмір даму ағымына ілесе алмайтындығын мысалға келтіреді. Осы өрімдей жастардың айтқаны сенуге келеді ме? Еңкейіп барып батқан күндей әдет-ғұрыптарды ұмытқан дұрыс па?Әлде халық болып өркендеуімізге көмектескен мәдениет элементтерін жандандыру керек пе?
Үндістан премьер-министрі, политик Джавахарлал Неру дәуірден қалған дәстүрлер туралы өз пікірін өсиет ретінде қалдырған: «Өткенмен байланыстыратын өткелдерді сақтау керек, бірақ біздің алға жылжуымыз үшін кері әсерін тигізетін салт-дәстүрлердің құлдығынан қашу керек». Бұл сөзді жоққа шығаруға болмайды. Бұл тұжырымға «қыз алып қашу» мысал бола алады. Дәстүрді дұрыс жорымаған жігіттер қыз келісімін алмай, зорлықпен алып қашып жатады. Бұл қылықтың соңы Қазақстанның қылмыс кодексі, 125 бап, «адам ұрлығы» жайты бойынша 7-12 жылға дейін қылмыскерлердің бас бостандығын айыртқызуына әкеледі.

Халқымыз «бала беру» дәстүрі бойынша балалы отбасы перзентін ұрпақсыз жанұяға беретін болған. Бұл жағдай баланы 9 ай көтерген, туысқандық байланысы бар анаға үлкен соққы болатын. Өсе келе асыранды екенін білген балаға да бұл жағдай оңай емесі анық.
Күнделікті өмір сүру салтымыздан алып тастануы керек ережеге Зейнеп Ахметова қозғаған той мәселесі жатады. Қазақтың әр дәстүрді тойға ілестіруі алқымызды қысады, нағыз өркениет өрнектері бейнесін бұзады, қажетті мен қажетсізді шатастырады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сарғайса да тарихтың әр парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады

Уақытпен жарысқан заманда күн жылжыған сайын, тарихта қалар таңбалы оқиғалар орын алып жатыр елімде. Әрине, азаттықтың көк туын желбіреткен Алаш елінде тек ғаламат оқиғалардың орын алуы қуантарлық жайт. Бұл – біздің түп-тамырымыз ата-бабаларымыздың арқасы.
Ал, тарихтың бетін кейін қарай парақтап, 1941 жылға тоқталсақ... 1941 жыл, 22-маусым. Бар қазаққа белгілі қасіретті оқиға болған бұл жылы. Естігенде құлаққа түрпідей тиетін, жүрекке үрей, көңілге кірбің, жанарға мұң ұялататын «соғысты» алып келген жыл еді. Бала атаулыны «әкелетіп», ана атаулыны «ұлым», «жалғызым», «жарым» деп зарлатқан жыл болды. .
..Күңіренген дала...Қоштасу...Жылау...Қимау...Сағыну...Күту...Үмітін үзбеу... Осы бір қасіреттің барлығын әрбір қазақ баласы дәмін татқан еді. Жүректі жаралаған, көңілге күдік пен сағынышты қатар алып келген сұм соғыс әр шаңыраққа өз қатігездігін танытты. Алаңсыз тірлікте қым-қуыт тіршіліктің тып-тыныш күйін кешіп жатқан халық тағдырдың тепкісіне ұшырап, ауыртпалық қамытын киді. Әлемді дүр сілкіндірген соғысты көріп сабылған халық қайда барып қорғанарын білмеді.
Бұл соғыс бар қазақстандықтың басына қасірет әкелді. Жанары жәудіреп, біреуден аяушылық күткендей жанашыры әкесін қимай-қимай алысқа аттандырған қаршадай қазақ баласының басына қасірет алып келді. Қамқоршы һәм ақылшысы, отбасының ұйытқысы болып отырған отағасынан айырылған аяулылардың басына қайғы әкелді. Әкеден қалған жалғыз тұяқ ұлынан айырылған ана жүрегіне өшпес жара салды сұм соғыс. Талай ұл-қыз осы соғыстан соң жетімдіктің салмағын арқалады.
Жүрегін үрей мен үміт тұншықтырып тұрса да, елін қорғау үшін, болашақтың жарқын болуы үшін бір мақсатты арқалап майданға аттанған елімнің қайсар ұл-қыздары-ай... Олар енді оралмасын, туған жерге қайтып табан тіремесін сезсе де елі үшін алға қадам басты.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлаған батыр

Иә, биылғы жылы талай ұл-қызды әкесіз талай ата-ананы баласыз қалдырып, етігімен су кешкен зұлмат соғыстың аяқталғанына 71жыл. Қаншама ержүрек батыр ата-әжелеріміз басын қаперге тігіп, ұрпақтарға бейбіт өмір сыйлайды. Ал, ол ел үшін кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ізгілікті ісінің арқасы. Демек, Ұлы Отан соғысына қатысушы майдангерлер ерлігін бүгінгі және кейінгі ұрпаққа насихаттап, оларды өнеге тұту парыз.Ерлік мәңгі ескірмейтін, ұрпақтар жанында сақталатын қасиетті іс. Осы ерлік көрсеткен батырлардың бірі –жерлесіміз «Даңқ» Орденінің толық иегері Ш.Т.Еркіновте бар.
Ол 1924жылы Ойыл ауылдық кеңесінде Даулетиман елді мекенінде дүниеге келіп,Батыс Қазақстан облысы ,Қаратөбе айданы, Саралжын ауылындағы бастауыш мектептен дәріс аладыда Миялыдағы Орлыкөл мектебінде білімін жалғастырып , үздік бағамен бітіреді.1942жылдың 18 тамызында Ақтөбе облысы, Қобда аудандық әскери дайындық тан өтіп,1943 жылдың шілде айынан бастап,ұрыстың қызған жері Батыс майданының құрамында Сталинград шайқасында шыңдалады......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік-ұрпаққа ұран

Отан үшін күрес - елге жасаған үлес
Халық даналығы
Ерлік деген ұғымның қаншалықты қастерлі,қаншалықты қымбат екенін Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздың майдан жорығындағы қаһармандық іс-әрекеттерін естігенде, солар суреттеген оқиғалардың көрінісін соғыс жайлы кинофильмдерден көргенімізде жан дүниеміз шымырлап, тебіреніске түсе отырып сезінеміз. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығы алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын, майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін халық жадында мәңгі сақтау-біздің басты қасиетті парызымыз.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, жартысына жуығы елге оралмапты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық иегері атанды. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған соғыс ардагерлері мен тылда тынымсыз тірлік жасаған еңбеккер ардагерлеріміз сиреп бара жатыр. Ел басына күн туған жылдары Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қазақ халқының өр рухын танытып, азаттыққа деген арманды ақиқатқа айналдырды. Әділдік пен зұлымдықтың арпалысы деп бағаланған сұрапыл соғыстағы ерліктері біз үшін нағыз отансүйгіштіктің теңдессіз үлгісі болып қала бермек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті

X ғасырдың қырықыншы жылдары Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауында қарапайым қазақ отбасы шаңырағында бір ұл дүниеге келді. Ағайын-туғанды жинап, қуаныш иесі үлкен той жасады. Сол тойда ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әжесінің сол еңбегін ақтап, ол ұл өзі туып-өскен, білім алған, еңбек жолын бастаған еліндегі барша ұлтты бауырына басып, президент болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ел ерімен еңселі

Ел үшін аянба – ерлігіңе,
Жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын!
Бауыржан Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да – 75 жыл толып отыр! Яғни, біз 75 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні, дәл осы шаттық хабарды естіп, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының халықтары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерді, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Сонда да, Берлиндегі Рейстах қамалының үстінде Жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңіске Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен, мына – жарық өмір үшін аянбай ұмтылған үлестері мол еді. Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеті орын тапты. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Біздің қазақстандықтардың қосқан ерлік- үлестерін біз мақтан етеміз.
Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухына тәрбиелейді. Олардың ерлігіне тағзым етіп, бас июіміз қажет. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқанынан, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағандығы өз халқын сүйетіндігінен болса керек......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ауылым - алтын бесігім

Қазақтың берекесі мен қуанышын,қайғысы мен мұңын бірге бөлісетін,жақсылығыңды мақтап,жамандығыңды бетіңе басатын ағайынның,он шақты ұл ,моншақты қыз өсірген,шаңы мен түтінінің иісі,қымбат әтірдің иісіненде асып түсетін ауылдың қадірі мен қасиеті кереметқой! Міне ,арман қуып қалаға кеткен әрбір қазақ өз ауылын,бабадан мұра болып қалған қара шаңырақты сағынбасына кім кепіл? Ауылдан адам кетседе,адамнан ауыл кетпейді деген осығой!

Ауылым алтын бесігім! Неліктен ауыл мен үшін алтын бесік?

Қазақтың шығысында ойып тұрып орын тепкен Тарбағатай ауданың Зайсан көл маңында орналасқан Байтоғас ауылының қара домалақ баласы үшін,яғни мен үшін ауылдың орны бір бөлек.Ең алғаш кіндік қаным тамып,ең алғаш көйлегім тозған елдің қадірі мына мен үшін ерекше.Қаланың өршіген қарбалас тірлігінен қарағанда,ауылымның тыныш жатқан көрінісі,жаныма рақат беріп,бар ауыртпашылығымды жоқ қылып жібереді. «Бісміллә» деп алғаш қадамым жасалып,тұсауым кесілген жер,былдырлап алғаш сөйлеген сөзімде,естен кетпес ағайын- туыстың келбетімен жарқын күлкісі осы алтын ұям,алтын бесігім-ауылымның төрінде! Мінеки,жоғарыда қойылған сұраққа жауап ретінде осы қанатты сөздерді ұсынамын!......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным!

Төскейінде Абылай ат байлаған,
Атам жұрты аманат бүгін маған.
Желтоқсанда жендеттер желіккенде,
Жанын беріп қорғаған Қайрат ағам.
Кең көсілген айбыны асқақтаған ата мекенім, сенің бір уыс топырағың біз үшін алтыннан да бағалы. Себебі , өткен ғасырларда тойымсыз озбырлардың тұтқиылдан шабуылынан қаншама жазықсыз жандар қыршынынан қиылды. Батырларымыз бен біртуар даналарымыз ел іргесінің сөгілуіне жол бермес үшін ел бастап дұшпанға қарсы тұрды, жан түршігерлік қиыншылыққа шыдас беріп, тәуекелдерге барды.
1986 жылғы арпалыста өрімдей жас құрбандардың қанындағы өр рух, атамекеннің киелі ауасы арқылы бізге дарыған. Азаттықтың ақ таңында еркін самғаған біз жас буындар қасиетті ата жұртымыздың болашақ тірегіміз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: XXI ғасыр эпидемиясы

Қазіргі заманда салмақ тастау, әр түрлі тренд талаптарына сай келу ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Жасөспірімдер сән журналдарынан, ғаламтор желілерінен арықтаудың жаңа жолдарын іздестіреді. Кейде «Корея қыздарының фигурасы» не «Виктория Сикрит» модельдерінің «идеалды»нормаларына сай келу үшін жасайтын әрекеттері тым шектен шығып кетеді.
2013 жылдың статистикасына сенетін болсақ, мың адамнан....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлер есімі ешқашан ұмытылмайды

Отанын сүйген отқа жанбайды,
Суға батпайды
Міне, биыл Ұлы Жеңіске 71 жыл толады. Еліміз бұл күнді атап өтетіні белгілі. Қан майданда біздің қаншама батырларымыз қаза тапты. Біз бұл жеңіске онайлықпен жеткен жоқпыз. Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Салқыны сан жылдарға созылған, сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы – мәңгі жадымызда. Ел шетіне жау тиген шақта қолына қаруын алып, қан майданға аяқ басқан жауынгерлер қашан да құрметті. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол сарбаздардың ерліктері – бүгінгі бейбіт күннің кепіліндей. 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы социалистік революцияның жеңісін, социалистік Отанды қорғау, прогресшіл адамзатты фашизм апатынан сақтау үшін совет халқының дүние жүзілік фашистік Германияға және оның одақтастарына (Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия) қарсы жүргізген әділетті азаттық соғысы, екінші дүние жүзілік соғыстың (1939 – 1945) құрамдас бөлігі. .....
Шығармалар
Толық
0 0