Шығармалар

Шығарма: Арыс – батырлар елі

Болса егер менің саған керегім,
Күндерімді,түндерімді,
Ой толқынын, сыр толқынын
Саған ғана беремін!- деп Бауыржан атамыз от-жалын кешіп жүріп айтқан сөзі, ерлікті, елдікті, отансүйгіштікті насихаттайды. Менде өзімнің батырлар қаласы атанған Арыс қаласынан алты бірдей Кеңес одағының батырлары- Бейсен Оңтаевтың, Берген Исахановтың, Садық Исмаиловтың, Нағи Ілиясовтің, Ережепбай Молдабаевтың шыққандығын мақтанышпен жеткіземін. Бүгінде Арыс ауданында көзі тірі сегіз ардагерлеріміз бар. Отан алдындағы борышын сақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс айтамыз. Бұл жеңістің келе жатқан 71 жылдығы бәріміз үшін айтулы мереке. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен сүйіспеншілікпен адалдықтың өлшемі. Ұлы Жеңіс күні-тек соғыс ардагерлерінің ғана емес,барша Қазақстандықтардың айрықша мерекесі. Бұл сұрапыл соғыста жанқиярлықпен ерлік жасаған, елі үшін жанын құрбан еткен бабалар рухына тағзым етудің қиян-кескі ұрыстан аман келген ата әжелерді құрметтеудің нағыз үлесі көрсетілетін күн. Ұлы Жеңіске жеткенімізге қаншама жылдар өтсе де, біз әлі күнге дейін Отан соғысы майданында қаза тапқандарды еске алып, олардың алдында басымызды иеміз.Осы батырларымыздың ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады және фашизмді жеңген батырлардың өшпес даңқы да мәңгі жарқырап тұрады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлердің ұмытылмас ерлік ісі

Уақыт деген сөздің мағынасын әр адам, әр тарихи оқиға өзінше түсіндіреді. Біреулер бір күннің, бір сағаттың қадірін білмей жатса, әр минуттың қадірін білетін адамдар да бар. Уақыт кейде сәт сияқты көрінгенмен, кейде минут ғасырдан да ұзақ... Бір минутта жарылған снарядтан қаншама адам көз жұмуы мүмкін, бір сәтте, бір кезде. Елден сағына күткен хатты тосқанда уақыт, тіпті, тоқтап қалғандай болады. Әттең, тарих бетін шимайлаған осындай уақыттарды, оқиғаларды сызып тастап, бейбіт, тыныш, бақытты сәттерді жазуға мүмкіндік болғанда ғой! Миллиондардың, мыңдардың арманы – соғыста қаза тапқан жақындарын, ойрандалған отбасыларын қайтару. Алайда, уақыт өтті, соғыс бітті, қалғаны сол соғыс туралы ойлар мен естеліктер, сол соғысты өз көзімен көрген азды-көпті жауынгер аталарымыз.
Осыдан 71 жыл бұрын жер бетін шарпыған, сұрапыл Ұлы Отан соғысы еді. Ұлы Отан соғысы дегенде, төрт жыл бойы қазақ жері, қазақ халқы үшін өз жанын аямай күрескен батырларымыз, атам елестеп, көзіме жас келеді. Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Бұл соғыс миллиондаған адамдар өмірін қиды, көптеген қалалар мен елді мекендер төңкерілді. Соғыс әр шаңыраққа, әр отбасының өміріне жазылмас жара қалдырды. Сол сұрапыл соғысқа менің атам Кәмен Оразалин да қатысқан. Атам 1920 жылы Абай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы 19 жасында атам әскерге шақырылған еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс үні

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ . Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады . Неге жарты ғасырдан асса да сол сұрапыл соғыс зардаптары халық санасында сақталуда? Иә, соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ . Соғыс кезінде жақын жандарынан айырылмаған жанұя жоқ шығар, сірә ! Сол бір қаралы жылдары 27 млн. кеңес адамы құрбан болғаны әркімге аян .
Жеңіс...
Жеңіс таңы атты бүгін,
Тойладық біз шаттық үнін.
9-мамыр Жеңіс күн деп,
Лүпіл қақты жүректерім.
5 жыл бойы еш аянбай жанын беріп соғысты,
Әр күн үшін адамдардың қабырғасы қайысты.
Мүгедек боп қалды қанша қыршын біздің боздақтар,
Жеңіс үшін тағдырлары талай жолға тоғысты.
Соғыс жалмап, аға, іні, бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: "Мәңгілік алау" мемориалы

Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпіртүкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. 1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік өшпес отты жылдар

1941 жылдың 22-маусымында қанқұйлы фашизмнің қара бұлттай қаптаған қолы Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1млн 196 164 адам қатысты. 12-атқыштар дивизиясы, 4-ұлттық әскери дивизиясы, 7-атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Тарихта теңдесі жоқ қаһармандық көрсеткен Брест қорғаушыларының қатарында 3 мыңдай Қазақстандық қатысты.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында 28 панфиловшы батыр Мәскеу түбінде бүкіл дүние жүзін таң қалдырған ерлік жасады. Қазақстандықтар София мен Варшаваны, Бухарест пен Белградты, Будапешт пен Венаны, Праганы, жүздеген, мыңдаған қалалар мен селоларды азат етуге қатысты. Қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігі мен тапқырлығы, жауынан тайсалмайтындығы мен сұстылығы достарымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндірді. Қазақтар шын мәнінде жаратылысы батыр, ерлік дәстүрі қалыптасқан ержүрек халық екенін дәлелдеді.
Мәскеу түбіндегі шайқаста саяси В.Г.Клочков басқарған бөлімше 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп асқан ерлік көрсетті. 1941 жылы 17-қарашада дивизияға «8-гвардиялық» деген атақ беріліп, кейінірек «ҚызылТу», «Ленин» ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін «Екінші дәрежелі Суворов» орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танытқан 28 жауынгер «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіс – ата-бабам ерлігі

Соғыс. Бұл сөзді естісем бойымды қорқыныш билей бастайды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Қазақстан тарихында да «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған, 1941 жылы басталған соғыс бүкіл дүние жүзі үшін оңай болған жоқ. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Осыдан 75 жыл бұрын жер бетін шарпыған сол сұрапыл соғыста қаншама адам мерт болды. Неміс фашистері 4 жыл бойы Кеңес Одағына өз үстемдігін жүргізбекші болғанымен, күйретпекші болғанымен, елін сүйген ержүрек батырларымыз қажымас ерліктерімен тосқауыл берді. Жерім деп, Отаным деп, ұрпағым деп өз жанын қиюға дейін барған батырлардың ішінде қазақ ұл-қыздары аз болды ма?! «Соғыс» деген сөзді ести салысымен ұл демей, қыз демей барлығы да Отан қорғауға ат салысты. Сол қиын кезеңде соғыс атаулыны жеңу үшін тылдағы халықтың өзі ерлікке, Жеңіске өз үлестерін егіс даласында, зауытфабрикаларда, үйде өз үлестерін қосып отырды. Ұлы Отан соғысында атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалып, ұрыс даласына жіберіліп отырды.
Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Қазақ халқының ер мінезді қыздары Отаным деп өз жанын құрбан етуге де дайын болды. Оның бірден-бір дәлелі кешегі жас шағын соғыста, елім, жерім деп өткізген Әлия мен Мәншүк секілді әпкелеріміздің ерлігі айқын дәлел болып отыр. Германияның КСРО–ға жасаған бұл соғысы қаншама ананы баладан, қаншама әйелді ер азаматынан, қаншама баланы әкеден айырды емеспе?! Сұм соғыстың зардабынан қаншама адам азап шеккен еді ғой!.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Толарсақтан саз кешкен жауынгер халық

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре

Соғыс. Үрейлі шақ,қара түнек, қорқыныш бойымызды барды үдеп.
Қираған қалалардың ортасында үйіліп бүр төбешік қалады тек.
Созылады соғыс ұзақ шақырымға, шегінді сұм фашистер батып мұңға.
Қос жаудың орындалмай ойлағаны, әділдік жеңіп шықты ақырында!
Соғыс. Қандай ызғарлы сөз едің. Бұл сөзді естігенде, «елім», «жерім» деп жер құшқан қаншама азаматтар еске түседі. Ел шетіне жау тиген кез қандай ауыр әрі кенеттен, тосын болған қайғылы, ауыр шақ еді. Бірақ рухы биік халық еңсесін түсірмеді. Сол кезде «мен қазақ, сен орыс» деп бөлінбейтін бейбіт, тату ел жұмыла бірігіп, фашистік Германияға бірлесе тұра білді. Осы ынтымақтың арқасында Кеңес өкіметі жеңе білді. Бұл бір ғана ұлттың, бір ғана халықтың жеңісі емес. Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын бұрынғы Кеңес өкіметінің тарихы деп санамыздан өшіру, ұмыту мүмкін емес.
Соғыстың қасіреті бейбітшілік сүйген адамзат тағдырына ұмытылмастай етіп,мәңгіге жара салды. Басқа ұлттармен қатар ел үшін, жер үшін қазақтың қаншама жігіттері мен қыздары қанды майданға аттанып жатты.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда, бірден Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры, халық қаһарманы бауыржан Момышұлының «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол- Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазғаны есімізге түседі. Соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Ұлы Отан соғысы жайында айтылғанда бірден Ұлы Отан соғысында Рейхстагқа Жеңістің туын желбіреткен қарапайым солдаттың бейнесі келеді. Жас офицер Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқы туын қадады. Біз, жастар, бұл ерлікті әрқашан мақтан тұтатын боламыз. ......
Шығармалар
Толық
0 0