Шығармалар

Шығарма: Отан - баға жетпес сый

Патриотизм - Отанға, туған өлкеге деген махаббат, туған жердің өсиеттеріне адал болу. Осы қасиет әр бір қазақтың бойында болса, басымызды тік ұстап, “тек алға” деген ұранмен болашаққа қарауымыз керек. Кез келген адам өзінің ата-бабасы мен қасиетті қазақ қаны, туған өлкемен байланыстырады. Отаншылдық – өзінің халқына, еліне деген адалдық сезім. Біз, кейінгі ұрпақ, қазақ жері қолымызға бабаларымыздың өмірімен, аналарымыздың зарымен, сол кездегі жасөспірімдердің балалық шағын айыр бастауымен келген екенін білеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жауапсыздық

Мен 3-ші сыныпта оқимын. Үлкендердің айтқандарын бұлжытпай орындауға тырысамын. Бірде анам дүкеннен сүт әкелуімді өтінді. Сабақтарыма дайындалғаннан кейін бармақшы едім. Кенет досым бөпесін ертіп үйге келді. Оған қараса тұруымды өтінді. Өзі сыныптастарымен мұражайға......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі

Өмірі – ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлім мен өмір алысты
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар және кинолар аталарымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізген. Содан бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы ... . Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Ардагерлердің жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, жауды жеңіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін!

Басы қатты, аяғы тәтті болған кез...
1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталды. Ия, осы уақыттың сүйекке таңба салған жарасына, қайтпас қайсар бабаларымыз мойынсұнбай төтеп берді. Кешегі оқиға, бүгінгі тарих. Олай болса сол тарихты білу, келешекке үмітпен қарайтын мына біздерге парыз. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Биыл ТМД елдері осы соғыстағы ортақ ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуде. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз.
«Ерліктің қос қанаты деп білемін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Сөзіңнің мәнділігі- мәңгілігі...

Осы, менің бір байқағаным, әдеби шығармаларды немесе шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай болады. Ондай әңгімелерді естісең қызыға,сүйсіне тыңдайсың. Ал, қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады.т Барынша кедей сөйлейді. Егін арасына шыққан арам шөп секілді, үиреншікті, бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жемқорлық жойылсын!

Жалпы адамзат тарихында сыбайлас жемқорлықпен күрес ауыр да,күрделі дерт екені жасырын дүние емес. Демек, бұл ауыр дертпен бар күш жігерімізді салып күресу, түп тамырымен жою әрбір қазақстандықтың басты міндеті дегенді айтқым келеді. Кез- келген салада, кез келген қоғамдық немесе жеке орындарда ауырдың үстімен....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Қазақстаным

Менің елім-Қазақстан.Біздің ел ордамыз-Астана.Астана -бұрынғы Ақмола.Ақмола қаласы өзінің ерліктері мен ұлы адамдарымен атағы шыққан.Қазіргі кезде тәуелсіздік егеменді Қазақстанның астанасы болу құрметіне ие болды.1995 жылы 15 қыркүйекте астанасы Ақмолаға көшіру туралы Жарлық шықты.1998 жылғы 6 мамырда Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлық шығарылды.Қазірде Қазақстан халқының жасампаздықтың жемісі Астана қаласы әлемдегі ең көркем қалаға айналып, көркейіп келеді.
Қазақстан-қазақ халқының мекені,ежелгі қонысы, Отаны.Бұл жерде ата-бабамыз туды,тұрды, өмір сүрді.Оның кең жазира жерін ата -бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан -ұрпаққа қалдырып келеді. Ол біздің ең қасиетті, қадірлі, асыл мұрамыз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жерлесіміздің өмірі - бізге үлгі - өнеге

“Отан үшін күрес –Ерге тиген үлес”
Осыдан 15 жыл бұрын еліміз қол жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қадыр – қасиеті артып, айшықтала беруі мемлекетіміздің дұрыс және баянды бағытта қалыптасып келе жатқандығын көрсетеді . Тарих және тағдырдың талай өткелінен сүрінбей өткен қазақ халқы , жалпы Қазақстандықтар бұл жылдары жасампаздықпен аянбай еңбек еткені күмән тудырмайды .
Осы ретте Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқы сан ғасырлар бойы күрескен , азаматтыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр » - деген сөзі азаматтықтың қадыр – қасиетін көрсеткендей . Тәуелсіздік жолында қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп , өлшеусіз үлес қосқан азаматтар аз емес .......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ана

Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді. Ана әлемдегі ең қайратты, жігерлі, әрі нәзік жандардың бірі. Барлық адам өз анасын жақсы көреді. Ананың балаға деген махаббаты тілмен айтып жеткізе алмайтын шексіз. Ол қанша шаршаса да балаларын ешқашан тыңдаусыз, қараусыз қалдырмаған. Мен анамды үлгі тұтамын. Әрқашанда атын өлеңдеріме, жазған шығармаларыма қосып жүргім келеді.......
Шығармалар
Толық
0 0